Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеңінде сүңгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтың ойылуының алдын алуын жүргізеді:
t 38-400 су моншасында тамақты жылытады;
егер де қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;
егер де науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;
сүңгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүңгіні жылдам шығару қажет.
Гастростома – асқазан мен іш пердесінің алдыңғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.
Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастрома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.
Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік – еюностома салынады.
Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш передесінің алдыңғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдыңғы қабырғасына – тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.
Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.
Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жараның арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден өң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.
Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.
Тану процесінде түтіктің қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытты. Оны орнында ұстап тұруды. Егер де түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гстрома және еюностома айналасыфнда тері былжырайды.
НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: Науқасты тамақтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |