Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


СҮЛІКТІ ҚОЮ (Гирудотерапия)



бет59/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

СҮЛІКТІ ҚОЮ (Гирудотерапия)
Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қал алу, қанның ұюын төмендету.
Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы, қан тамырларының түйінделуі, тамырда қанның ұюы, тік ішектің айналуы, бауыр көк тамырларының іркілуі, глаукома.
Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде, қан аздықта, қанның ұюының төмендеуінде, аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.
Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсіндінің аймағы, оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырларының зақымданған жолдары, құйымшақ айналасы, самай аймағы.
Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.
Дайындаңыз: залалсыздандындырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды, тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты.
Іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емщара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшараға рұқсатын алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Заласыздандырылған қолғапты киіңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.

  4. Дененің қажетті жерін босатып, аышп, терінің қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.

  5. Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терпідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.

  6. Теріні құрғатыңыз.

  7. Сүлік қоятын жерге 40 % глюкоза ерітіндісін жағыңыз.

  8. Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын прибирканың түбіне қаратып салыңыз.

  9. Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.

  10. Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.

  11. Артқы сорғыш ауыз астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.

  12. Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз.

  13. Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.

  14. Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.

  15. 30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі.

  16. Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз аймағын тұзды сумен сулаңыз.

  17. Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз,

  18. Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз.

  19. Пайданылған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  20. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  21. Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.

Ескерту: - Сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы ететін
- Сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін қанайды, бұл табиғи жағдай.
- Асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріндейді немесе сол жарақат орны қышитын болады.
- Сүлікті бір рет қана қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет