Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


ПАРАФИН ЖӘНЕ ОЗЕКЕРИТПЕН ЕМДЕУ



бет60/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ПАРАФИН ЖӘНЕ ОЗЕКЕРИТПЕН ЕМДЕУ
Қолдану көрсетілімдері: буындардың қабынуы және жарақатпен зақымдануы, невриттер, ішкі мүшелердің аурулары, күйіктен кейінгі терінің тыртық өзгерістері.
Қарсы көрсетілімдері: қызба жағдайы, жүрек қан тамырлары ауруларының өрістеуі, қан қысымының жоғарылауы, қатерлі және қатерсіз ісіктер, қан кету, туберкулез, бронхиальды астма, жүктілік.
Парафинді, озокеритті салу әдістері
Даярлаңыз: су моншасын немесе арнайы парафин қоздырғышын, термометрді, жалпақ бояу жаққышты, клеенканы, көрпені, ваннаны немесе клеенкалы қапты.
І. Парафинді салу әдісі:
1-ші қабат – ерітілген парафинді 2 см дейін қабат қалыңдығын бірте-бірте көбейтіп жалпақ бояу жаққышпен тері бетіне жағыңыз.
2-ші қабат – бұл учаскені клеенкамен жабыңыз.
3-ші қабат – бұл учаскені көрпемен қымтаңыз.
Парафин апликациясының температурасы 50 С дейін жетеді.
Емшараның ұзақтығы 30 минуттан 1 сағатқа дейін.
ІІ. Парафиндік ванна әдісі (қол немесе аяқ бастарын әсер ету үшін)

  1. Қолға немесе аяққа ыстық парафинді 1,5-2 см дейін қабаттап жалпақ бояу жаққышпен салыңыз.

  2. Ыстық ерітілген парафинмен ванночкасы немесе клеенкалы қапты толтырыңыз.

  3. Өңделген қолды немесе аяқты ыстық ерітілген парафинмен толтырылған ванночкаға немесе клеенкалы қапқа салыңыз.

  4. Бұл учаскені көрпемен қымтаңыз. Алдын ала жағылған қабат күлдіреуді алдын аладу. Емшараның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін.

ІІІ. Салфеткалық-апликациялық әдіс.

  1. Қалыңдығы 1-1,5 см дейін парафин қабаттарын бояу жаққышпен тері учаскені жағыңыз.

  2. Ыстық парафинмен ылғалдатылған 8-10 қабатты дәкеден жасалған төсемді парафинге салыңыз.

  3. Бұл учаскеге клеенканы жабыңыз.

  4. Бұл учаскені көрпемен қымтаңыз. Емшараның ұзақтығы 40-60 минут.

IV. Кюветті – апликациялық әдіс.

  1. Кюветтің немесе тәрелкенің түбіне және қабырғасына клеенканы төсеңіз.

  2. Кюветке немесе тәрелкеге ерітілген парафинді құйыңыз.

  3. Парафиннің сыртқы қабаты суып болған соң пайда болған затты клеенкасымен кюветтен немесе тәрелкеден шығарыңыз.

  4. Дененің қажет учакесіне парафинді клеенкасымен салыңыз.

  5. Үстінен көрпемен қымтаңыз. Емшараның ұзақтығы 1 сағат.

Ескерту:
Ақ сусыздандырылған парафин – қатты углеводтар қоспасы, мұнай және сланц майларын өндіргенде алынады.
Медициналық озокерит – қара-қоңырдан қара түске дейін балауыз тәрізді мұнайдан шығатын зат. Құрамында: парафин, смола, минералды май және т.б. заттар бар. Озокеритті үлкен жылылық сыйымы және төмен қызу өткізгіштік иелікпен қолданады. Парафинді дайындалғанда ұқыпты қадағалай керек, оны еріткенде су түспеуі керек, неге десен ол теріні күйдіруі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет