ЫСТЫҚ ЫЛҒАЛДЫ КОМПРЕСТІ ҚОЮ
Мақсаты: Емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу, буындардағы ауыруларында.
Қарсы көрсетілімлері: іш пердесінің қабынуы.
Дайындаңыз: ыстық суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.
Іс әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.
Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.
Қолыңызды гигиеналы деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оның сығыңыз.
Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 матамен басыңыз.
Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.
Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз.
Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
Науқасты жылы жабыңыз.
Қолғапты шешіңіз.қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
САЛҚЫН КОМПРЕСТІ ҚОЮ
Мақсаты: Емдік қантамырларын тарылту әсері, жершілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың сіңірдіңі, сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануының бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында, талықсу, шок.
Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.
Іс әрекет алгоритмі:
Науқасқа емщара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.
Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.
Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.
Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызуы дененің қызуымен тез теңесіп кетеді.
Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |