НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ
ІШТІ ТЕСУГЕ (лапароцентезге) ДАЙЫНДАУ
Мақсаты: диагностикалық: асциттік сұйықтықты лабораториялық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу.
Қолдану көрсетілімдері: іш шемені, іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.
Қарсы көрсетілімдері: қан қысымы өте төмендегенде, іш қуысындағы жабыспалық процесінде, іш қатты кепкенде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, қолғапты, троакарды, 5, 10, 20 мл шприцтерді салфеткаларды, қақпағы бар банкіні 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% йод ерітіндісін, тері антисептигін, шығарылған сұйықтықты құюға аранлған ыдысты, шылапшынды, пробиркаларды, енді ақ жайма немесе сүлгіні, лейкопластырьді, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтықты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бары дысты, зерттеуге жіберетін жолдаманы, таңғыш материалдарды, пинцетті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
2. Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз.
3. Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.
4. Науқасты орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастың аяғын клеенкамен жабыңыз.
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тері антисептигімен тазартып, өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
6. Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5% спирттелген йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін дәрігерге беріңіз.
7. Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5% новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Іш қуысын тесу алдынғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта, осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады.
8. Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен трокарды қалың іш пердесінің бетіне итеріп, енгізеді, сосын стилетті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастайды.
9. Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз.
10. Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты лабораториялық зерттеуге алыңыз (бактериологиялық және цитологиялық).
11. Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең сүлгіні өткізіңіз, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.
12. Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл енді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.
13. Емшара біткеннен кейін конюляны шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5% йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз.
14. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
15. Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
16. Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.
17. Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.
18. Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз.
19. Алынған биологиялық материалды лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.
Ескерту:
манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;
сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш
қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |