Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ



бет90/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ
ЖҰЛЫНДЫ (люмбальды) ТЕСУГЕ ДАЙЫНДАУ


Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).
Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 5, 10, 20 мл шприцтерді инелерімен, тесуге арналған мандрені бар инені, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қоректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, монометриялық түтікті, тері антисептигін, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
2. Асептика ережесін қатал жағдайда сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды.
3. Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.
4. Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).
5. Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды.
6. Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.
7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен, ал сосын йодпен тазартыңыз.
8. Тесетін жердің терісін 5% йод ерітіндісімен, сонан кейін тері антисептигімен, ал сосын иодпен тазартыңыз.
9. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыруды) жүргізу үшін 0,5 % новокаин ерітіндісін шприцке сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын функциялық инені мандренімен лотокқа салып беріңіз.
10. 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын пробиркаға алыңыз, жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.
11. Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қоректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.
12. Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.
13. Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.
14. Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.
15. Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз.
16. Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз.
17. Науқастың хал-жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз.
18. Қолғапты шешіңіз.
19. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
20. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет