ДӘРІЛІК КЛИЗМАНЫ ҚОЮ
Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан, (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізуге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас-қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жанэ шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді клеенканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты, халатты алжапқышты киіңіз.
3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.
4. дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
5. «Су» моншасында t-380C дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жанэ шприціне сорып алыңыз.
6. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.
7. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен анал тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, алдымен 3-4 см кіндік бағытына қарай сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
9. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жанэ шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен енгізіңіз.
10. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.
11. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жанэ шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.
12. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып, оң қолымен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.
13. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
14. Анал тесік айналасын тазартыңыз.
15. Науқасқа ескертіңіз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, төсекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ қырымен жатуы қажет.
16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз..
Достарыңызбен бөлісу: |