Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет106/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Ескерту:


  • биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • Қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;

  • Шприцсіз қанды алуға тыйым салынады – тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).

  • Жолдамасында пробирканың нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;

  • Вакутайнер (BD VACUTAINER) – қауіпсіз жүйесі бар қанды алу - медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды , алатын материалдың сапасын қамтамасыз ете


ҚАҚЫРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ
Қақырық – тыныс алу жолдарынан бөлініп шығатын патологиялық қоймалжың сұйықтық (секрет). Қақырықты лабораториялық жолмен зерттеу тыныс алу жолдарының диагнозын анықтауда маңызды орын алады және патологиялық үрдіс барысы мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді.


ҚАҚЫРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУГЕ ЖИНАУ ЕРЕЖЕСІ:
Қақырық жинауда қауіпсіз іс-әрекет жасап, жұмыс істеу үшін және оны қауіпсіз жинау үшін мейірбике арнайы және жақсы дайындалған болуы керек, себебі кез-келген қақырық зарарлы немесе жұқпалы болуы мүмкін, әсіресе туберкулез микробактериясы. Мейірбике әрбір науқасқа қақырықты лабораториялық зерттеуге жинау ережесін түсіндіру керек. Қақырықты жинауға түсі ашық, әйнек ыдыс қолдану керек, ыдысты тазалап май қалдықтарын қалдырмай содамен, (сабынсыз) жуып алады, оның аузы тығыз сұйықтық ағып кетпейтіндей жабылатын болуы керек. Бұл ыдыстың аузы кең, сыйымдылығы 50 мл немесе одан да көп болуы қажет. Түсі бұлыңғыр қоңырқай әйнек банкілерден гөрі, түсі ашық ақ әйнек банкілер ыңғайлы, ақ әйнек банкінің аузын ашпай-ақ сыртынан қақырықтың сыртқы түрін көруге мүмкіндік береді.
Қақырығы бар ыдыспен жолдама қағазын бірге қоюға болмайды, себебі ыдыс қабырғаларына қақырық тиген болса, одан жолдама қағазына жұғып, ауру одан әрі тарап кетуі мүмкін.
Мейірбике қақырықты жинау процедурасын жақсы меңгерген болуы қажет, жинау, жұмыс жасау мен тасымалдауын жақсы игергені дұрыс.

  • Қақырықты тамақ ішетін бөлмеден, ұйықтайтын бөлмеден, басқа жерде, басқа

науқастардан аулақ жерде немесе осыған арнайы бөлінген жерде жинауы керек. Қақырықт ы бірнеше сағат бойы бір кезеңде жинау қажеттілігі ұсынылады.

  • Егер қақырық сұйық болса, оның құрамында тағам қалдықтары мен мұрын

қуысының сілекейі араласып кетсе қақырық жинау процедурасын қайталау қажет.

  • Қақырықты таңертең, тамақ ішпей тұрып, ауыз қуысын тазалағаннан кейін жинау

қажет.

  • Қақырықты салқын жерде еденге қойып сақтауға болады.

  • Науқастан ауру жұғып кету қаупінің алдын-алу үшін мейірбике қақырық жинап

жатқанда науқастың артқы жағында тұруы керек.

  • Науқасқа зерттеуге қақырғанда шығатын қақырықты емес, тек жөтелгенде ғана

бөлініп шыққан қақырықты жинау қажеттілігін түсіндіру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет