Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып,оның келісімін алыңыз.
Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.
Науқастан сұраңыз;
таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;
тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқынщақты қайнатылған сумен шаюды;
тік тұруын немесе тік отыруын;
қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды;
бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.
Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.
Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.
АУРУХАНА ЖАҒДАЙЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗГЕ
БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҮШІН
ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ
Мақсаты: туберкулез микробактериасын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелернің аурулары.
Дайындаңыз: 3 арнайы шыны контейнерді немесе сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес кең мойынды тығыз юұрандалы қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді. Тұнық контейнердің қыр бетіне белгі салыңыз (науқастың аты-жөнін, алған күнін, идентификациялық нөмерін, ФТБ-05 жолдамасын толтырыңыз, белгі салынған металды биксты, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.
2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып, алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.
3. Масканы, клеенканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.
4. Аурухана жағдайында таңертең ерте асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз.
5. Науқастан тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.
6. Науқасқа контейнерді беріңіз.
7. Науқастың артынан тұрып, аузына ашық контейнерді жақындатуын сұраңыз.
8. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп, 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.
9. Контейнерді қақпағымен жабыңыз.
10. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.
11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.
12. Таңертеңгі жиналған қақырықты белгіленген металды бикспен лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.
13. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;
ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:
қақырықтың І байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медицина
қызметкерінің бақылауымен жинастырады;
қақырықтың ІІ байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға
апарылады;
қақырықтың ІІІ байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің
бақылауымен науқастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);
қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі
Достарыңызбен бөлісу: |