Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ



бет107/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ


Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
Дайындаңыз:

  • Сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы

бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын зерттеу мақсатын, күнін);

  • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы – 370С.



Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз.
2. Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады.
3. Науқастан сұраңыз:
- таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;
- тұп-тура қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаяды;
- тік тұруын немесе тік отыруын;
- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай – бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердей қақырықты контейнерге жинаңыз;
- қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.
4. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз.


Ескерту:

  • егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау

процедурасын қайталау қажет;

  • қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана

зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет.
АТИПТІК ЖАСУШАЛАРҒА ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ


Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары,қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.
Дайындаңыз: сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін,палата нөмірін,науқастың аты-жөнін,жасын,зерттеу мақсатын, күнін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет