Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет94/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Ескерту:

  • тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де 5-10 минут

аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса;

  • атониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал

спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда 20-250С;
- егер де науқас нәжісті аз мөлшердегі гек сумен ішекті босатса, онда науқасты
- дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.
СИФОН КЛИЗМАСЫН ҚОЮ
Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.
Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту және жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.
Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағынығ жедел қабынуы немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, 20-220С температурасындағы10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.
3. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен оңашалаңыз.
4. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.
5. Жүйені дайындаңыз. Сүлгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.
6. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүлгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке енгізіңіз.
7. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.
8. Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.
9. Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала),құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.
10. Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны еңкейте ұстаңыз, құйғыш қайтадан аққан сұйықтықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты шылапшынға құйыңыз.
11. Құйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.
12. Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутқа салып қойыңыз.
13. Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.
14. Анус тесігі айналасын тазартыңыз.
15. Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыру ерітіндісіне салып қойыңыз.
16. Қолғапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет