Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет17/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике
Айнымалы ток, тарих силлабус, Тұрсынбек Альмира ХБҚ-111, экономика, экономика
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.
2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
4. Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.
5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.
6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киіммен.
7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.
8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.
9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.
10. Науқасқа таразыдан абайлап төсеуге көмектесіңіз.
11. Клеенканы жинап алыңыз, оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.
12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.
НАУҚАСТЫҢ БОЙЫН ӨЛШЕУ
Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.
Дайындаңыз: бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30 см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.
3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғалмалы планканы науқастың болжалмалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.
4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.
5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.
6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.
7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.
8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.
9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.
10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсыздандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.
11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет