«Үлгілі оқушым» байқауына Қатысушы: Бейшанло Диляра Омаровна



бет1/5
Дата31.01.2018
өлшемі1,79 Mb.
#36449
  1   2   3   4   5
«Үлгілі оқушым» байқауына

Қатысушы: Бейшанло Диляра Омаровна

Ұстазы: Кусаинова Жамиля Демесқызы

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, №12 Масанчи атындағы орта мектебі

Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  -  жауапкершілігі жоғары  мамандықтың  бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл мамандыққа мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін сеуіп, тәрбие  дәнін  егіп,  таудай  азамат  етіп  шығару міндеті  жүктелген. «Қыран- түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз- шәкіртіне талап сыйлайды»- деген. Мен орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беремін. Шәкірттерімнің мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде, заман талабына сай меңгеріп, тереңінен біліп шығуына өз үлесімді қосудамын.

Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру. Қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын, өнерін, әдебиетін тануға талаптандыру, тілін құрметтеуге, сонымен қатар Отанды сүйе білуге тәрбиелеу.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Тіл үйренуде қолданылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Біздің мектепте мемлекеттік тілді үйренуге құлшыныс танытқан оқушылардың талабын шыңдау мақсатында жыл сайын олимпиада, әр түрлі ән байқауы, қарасөз оқу бойынша жарыстар ұйымдастырылып тұрады.



Мен сіздерге дүнген қызының қазақ тіліне деген қызығушылығы, құрметі туралы айтуды жөн көрдім. Бейшанло Диляра Омарқызы Қордай ауданының Масанчи ауылында туған. Ауыл тұрғындарының 95% дүнген ұлты. Қалған 5% қазақ, орыс, балқар, қырғыздар құрайды. Диляра 1-інші сыныптан бастап ерекше қабілетімен көзге түсті. Ол қазақ тілінде өлең оқығанда «қазақ қызы ма?» - деп ойлап қаласың, себебі сөйлеу мәнерінде ешқандай акцент жоқ. Өте алғыр, өнерлі қыз. Майысып, мың бұралып қазақ биін, сызылтып дүнген билерін билегенде кәсіпқой бишілерден кем соқпайды. Ол:

  • Мектепішілік «Қазақшаңыз қандай?» атты байқауда өзін өлеңдетіп таныстырды. Мың бұралып «Қаражорға» биін билеп, өнерін көрсетті. Қазақша мақал- мәтелдер айтып, қазақтың салт- дәстүрі бойынша сұрақтарға жауап беріп, 1 орынға ие болды

  • Қазақ тілінен пән олимпиадасына қатысып, 2 орынды иеленді.

  • Аудандық өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Абай оқулары» байқауында он екі мектептен келген қатысушылар арасында 1 орынға ие болып, облыстық байқауға жолдама алды. Ұлы ақынның 20 өлеңін, 17-нші қарасөзін мәнеріне келтіре жатқа оқып, көрермендерді таңқалдырды. Ақынның «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасын» әнін нақышына келтіріп орындады.

  • Аудандық мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында өткізілген «Қазақ тілі аруы» байқауында 3 орынды иеленді.

Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Егер әр шәкіртіміз өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!   Ал Диляраға өнерде де, өмірде де жолың болсын деймін.

  






Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет