Яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны



Дата06.01.2022
өлшемі16,58 Kb.
#109766
Байланысты:
Ұстаз ұлы тұлға
Презентация физ2, Акушериялық жарақаттанушылықтың түрлері, Сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі

Ұстаз ұлы тұлға-бұл тақырыпты таңдауымның себебі ол менің мамандығым. Ұстаз болу менің бала күнімдегі арманым. Бірақ,жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады, жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» деген нақыл сөзін оқығанда, өмірде өз міндетімді тапқанымды түсініп төбем көкке жетті.Абай атамызда «дүниеге кірпіш болып қаланып» өз ізін қалдыруды арман етеді. Ендеше мен ұстаз болу үшін туылдым, міндетім балаларға білім беру, өмірде өзін тануға, өз орнын табуға көмек беру.

Ұстаз болу үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі ата-аналар өздеріне ең қымбаттысын яғни балаларын бізге табыстайды.Ал мен өз саламның маманымын. Менің күнде көретінім балалар. Мен оларды шексіз сүйемін.Мені өз сүйіспеншіліктерімен рухани сауықтырады, қолдайды, тыңдайды, ойларын ашық айтады, сенімдерін білдіреді, сырласады. Әрбір бала керемет рухани күш иесі. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі деп қараса, баланың белсенділігі арта түседі. Өмірге, білімге деген құштарлығы жоғарылайды. «Балаға сеніммен қарау – баланы тек қуаттандыра түседі» -деген белгілі педагог Ш.Амонашвили.Яғни балалармен қарым-қатынасқа түскен кезде:

-үйрете отырып, өзімізді үйрету, тәрбиелей отырып, өзімізді тәрбиелеу, білім беру арқылы өзіміздің білімімізді меңгерту заңдылығын сақтауымыз керек. Осы заңдылықтарды ұлы педагог Ш.Амонашвили барлық ұстаздарға арнап жазған болатын.

Шынайы ұстаз атану жолында жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі педагогтың үш стилін қарап шықтым:

авторитарлық (өктем) мұғалім – оқушыларға қатал болады, өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары, ал оқушы төменгі сатыда болады;

либералдық педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды,

яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны;

гуманистік (ізгіліктік) – бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.

Әрине мен гуманистік жолды таңдадым.Мен өз саламның маманымын. Гуманистік тәрбие беру жолы балалардың сезіміне әсер етіп, ішкі жан-дүниесін ояту нәтижесінде оның бойына рухани адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді. Шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беру – менің басты мақсатым.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.



Қазақ халқы әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, қастерлеп аса жоғары бағалаған: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», «Адамның адамшылдығы – жақсы ұстаздан». Әйгілі ақын Мұхтар Шахановтың «Бала жүрегі-кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кез сол кілт жүруі керек»,- дегендей, баланың бойындағы қалыптан тыс ойлай алатын, шығармашыл қабілеті бар болса, соны көре біліп, соны әрі қарай дамыту ұстаздың мақсатының бірі немесе ұлылығы болар.

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Мен өз саламның маманымын. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет