Үлгілік оқу жоспары


Музыкалық шығармаларға талдау жасау



бет3/3
Дата21.08.2017
өлшемі0,63 Mb.
#23748
1   2   3

Музыкалық шығармаларға талдау жасау

Музыка түрлері мен жанрлары. Жалпы талдау туралы түсінік. Кезең, қарапайым түрлер.

Күрделі түрлері. Вокалды – камералық музыка түрлері.

Қарама-қарсылық құрас-тырмалы және шоғыр-ланған түрлері. Рондо және варияциялық түрлері. Сонаталық түрі және оның әр түрлілігі. Циклдық түрі. Полифониялық түрі.



Білімдер:

-тарихи қалыптасқан музыкалық формалардың заңдылығын білу;

-музыкалық ойлау мен форма түзудің дамуы туралы;

- қарапайым және күрделі формаларды анықтау, вариациалық және сонаталық, рондо-сонатаны;

-циклдық және аралас формалар туралы ұғым; музыкалық форманың бөліктері туралы;

- вокалдық шығармалардағы форматүзуші ерекшеліктер туралы.



Іскерліктер:

- кәсіби түрде талдау жасай алу және музыкалық формаға байланысты нота мен есту арқылы еркін анықтама жасай білу;

- музыкалық шығарманы жанр, стиль, дәуір және композитордың жеке стиліне қарай қарастыра алу;

-музыкалық шығарманы мазмұн тұтастығы және көркемдік форма жағынан талдау жасай білу;

- музыкалық шығарманың маңызына дұрыс баға беру.


БҚ 3

КҚ 3.1.4


ЖКП. 09

Фортепиано

Әр алуан фактура жәнеформа, стиль, мазмұндар бойынша фортепиано музыкасының негізгі жанрларын игеру,

Академиялық концерттер, емтихандар, сынақтарға жатталған бағдарламаларды шығару.

Парақтан оқу, ансамбльде ойнау, сүйемелдеу, транспорттау дағдыларын дамыту. Өздігімен жұмыс істеу дағдыларын, музыкалық-теориялық пәндер курсы бойынша оқу материалын иллюстрациялауды қалыптастыру. Кәсіптік терминологияны білу.



Білімдер:

- ансамбльдік және хор ұжымына фортепианода сүйемелдеу жасай;

- бағдарламалық талаптарға сай хор партитураларын парақтан оқи білу.

Іскерліктер:

- фортепианода түрлі acapрella хорларға арналған партитураларды сүйемелдеумен қоса орындай білу; тасымалдау жасауарнайы әдебиеттер мен кәсіби терминологияны қолдана білу.




КҚ 3.1.3


АП. 00

Арнайы пәндер

АП.01

Хор сыныбы

Хор класының мақсаттарын және жұмыс мазмұнын анықтау. Әртүрлі вокалды-хорлық жаттығуларды үйретужәне орындау.

Шығарманы толығымен қамту және алғашқы оқу; авторлық мәтінді толығымен талдау. Әлемнің құбылыстық жағдайы мен көркемдік бейнелерін түсіну. Жетекшінің жеке хор партиялар орындаушылармен және жеке әншілермен жұмыс істеу. Оқушылардың хор класының ұжымымен жұмыс істеу. Орындалатын шығарманың партитурасын талдау.

Орындаушылық тәжірибеде теориялық білімдерін қолдану. Танымал музыканттардың кеңесі мен ұсыныстарын, орындаушылықтың теориялық аумағында ғылыми - зерттеу еңбектерін қолдану.

Әртүрлі орындаушылармен орындалған шығармалардың жазбасына салыстырмалы талдау.

Әр түрлі жанрдағы, стил мен түрлердегі шығармаларды енгізе отырып, репертуарды жинақтау.




Білімдер:

- вокалдық-хор машықтары (хорды камертон бойынша партитурамен жұмыс барысында қалаған жерінде тексере білу, кез-келген партитураны дұрыс айта білу, шығармадағы қиын бөлікпен жұмыс барысында шешім таба білу, хор мүшелерінің тыныс алуын қадағалау және ретке келтуре білу, дикция мен артикуляцияға қатысты мәселелерді шеше білу, барлық музыкалық көркемдік құралдарының көптүрлілігін (толықтай);

- хорда ән салу – тыныс алу (тыныс алудың тәсілдері), дыбыс түзілу (дыбыс шабуылы,дыбыстың жұмырлануы,бас және кеуде, аралас резонаторларды пайдалана білу, тесситураның әр түрін меңгеру, хордың дыбысталуында түрлі тембрларды дамыту, дыбысты алып жүру, түрлі штрихтарды меңгеру, ансамблдік машықтар- сапты ұстап тұра білу, таза интонация жасай білу, артикуляциялық аппарат қозғаласының дикциялық дамулары;

- орфоэпиядан хабары болу;

- концерттік-орындаушылық және ұйымдастырушылық қызмет; даярлық жұмыс;

- хор партияларын парақтан оқу;

-Хормен жұмыс жасауда вокалдық тәсілдерді меңгеруде шет елдік, ресей, қазақ хор мектептерінің шеберлері жазған дидактикалық принциптерді негізге алу.

Іскерліктер:

- бағдарламаны біртұтас композициялық тұтастық ретінде құрастыра білу;

- хор мен ансамбльда классикалық, қазіргі заманғы, халық музыкасына жататын камералық шығармаларды айту;

-түрлі жанрларға жататын (ораториялар, кантата, месса, концерттер, поэмалар, сюиталар) шығармалардан тұратын орташа қиындықтағы репертуарды түрлі хор ұжымдарына ұсыну;

- вокалдық ансамбль мен хор ұжымдарының құрамында партиялар орындау;

-хор ұжыммен музыка ойнауда арнайы тәсілдер және дауысты тәрбиелеу;

- хор тобында ансамбльдік көптүрліліктер және мелодиялық және гармониялық құрам бойынша жұмыс жасау;

-шығарманы фортепианоның сүйемелдеуімен жаттауға байланысты қимыл-қозғалыс үйлесімділігі;

- вокалдық және мануалдық технологияның хор ансамблімен жұмыс барысында тоғысуы;


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.8


КҚ 3.1.10

КҚ 3.1.14



АП.02

Дирижерлік ету

Дирижерлік ету: дирижерлік қол қағысының принциптері, дирижерлік етудің сызбалары.

Дирижер- жетекші, ұйымдастырушы, педагог, тәрбиешіұ. Дирижерлік ету процесі, оның мәні, негізгі көркемдік құралдар. Дирижерлік етудің техникасы, қол автономиясының элементтері, қойылым көрсетілуінің тәсілдері,ферматалар, кідірістер,қолдың түсірілуі. Камертонмен жұмыс. Партитурамен жұмысқа дайындық. Репитициялар өткізу. Дирижерлік техниканың негіздері: қағыс, динамика, ырғақтық сурет, сныпта партитурамен дирижерлі ету. Жылдамдықты ауыстыру, динамиканың бүкіл спектрі. «acapella» хорымен жұмыс жасау әдістемесі. Хормен репитиция жасау.


Білімдер:

- дирижерлік аппаратты еркін қолдану, дирижерлік етудік мануалдық құралдарының әдістерін;

- хордың дыбысталуын эмоциалық ерікпен басқару қабілеті;

- дамыған ести білу мәдениетінің болуы;

- түрлі құрамдағы хор ұжымымен тәжірибелік жұмыс жасау;

- хор шығармасын толығымен оқи және қамти білу;

- авторлық мәтінді детальды түрде талдай алу;

- хормейстер ретінде даярлық жұмыс жасау;

- негізгі кәсіби міндеттерді орындай алу көлемінде қажетті фортепианода ойнау қабілеті болу;

- түрлі фактураға жататын хор шығармаларын тасымалдау, парақтан оқи алу.



Іскерліктер:

- дирижерлік қол қағыста шығарманың ұйымдастырушы бастау ретінде ырғақтық құрылымын бейнелеу;

- қол қағысында хор шығармасының стилін,оның тембрлік реңкін, динамикасы мен агогикасын бейнелеу;

-дыбысталудың мінезін қалыптастыру үшін түрлі штрихтарды меңгеру;

- шығарманың вокалдық-хор ерекшеліктерін белгілейтін қалыпты қол қағысын пайдалану;

– қателерді есту, оларды талдай білу және болдырмау;

-жеке орындауымен еліту;

- орындайтын шығармаларына талдау жасай білу, теориялық білімдерін орындаушылық тәжірибеде қолдана білу;

- хорда орындаушылық теориясы саласындағы ғылыми-зерттеу еңбектерді, атақты музыканттардың кеңестері мен нұсқауларын қолдану,

- шығарманы түрлі ұжымдардың орындауына байланысты салыстырмалы талдау жасау; орындау;

- түрлі жанрлар, стильдер мен формаларға жататын шығармалардан тұратын репертуарды жасақтау;

- түрлі a-cappella хорларға арналған хор партитураларын фортепианода орындау, өзге тональдықтарға тасымалдаумен сүйемелдеу;

- түрлі хор шығармаларына дирижерлік ету: «acapella» және концертмейстермен сүйемелдеумен, хор шығармаларын бір уақытта әндету арқылы;

- хор шығармаларының эмоциялық-бейнелік мазмұнына талдау жасау арқылы;

- хор жазуының жанрын, стилін, формасын анықтау; партитураның вокалдық-хор ерекшеліктерін, музыкалық- көркемдік құралдарын анықтау;

- хор шығармаларының орындау қиындықтарын айқындау (вокалдық, хорлық, дирижерлік);

- фортепианода ойнау машықтарын хор шығармаларымен жұмыс барысында қолдану;


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.8


АП.03

Хор партитураларын оқу

Парақтан оқу және транспорттаудың негізгі дағдыларын меңгеру. Фортепианода өзгелік қиындықты, алуан динамикалық өзгерістермен хорларды орындау. Фортепианода күрделі түрдегі хорларды меңгеру.




Білімдер:

- түрлі құрамдағы хор ұжымдарымен жұмыс жасау;

- хор шығармасын жаттау мен орындау жоспарын құру;

- партитурамен практикалық түрде жұмыс жасау, сонымен қатар, орташа қиындықтағы хор шығармасындағы кез-келген партитураны кілтте парақтан оқу.

Іскерліктер:

- көпсызықты партитураларды біртектес және аралас құрамдар үшін оқу;

- хор партитурасын клавирмен және жеке орындаушы партиясымен қосу;

- хор шығармасындағы өз партиясын хорда орындаушылық етудің негіздерін сақтай отырып орындау;

- түрлі «a,capella» және сүйемелденетін хорларға арнап хор партитураларын фортепианода орындау, орташа қиындықты шығармаларға тасымалдау жасау;

- студенттердің хор шығармасын толықтай немесе оның жеке бөліктерінің дыбысталуын елестете алуын қалыптастыратын және музыкалық-есту қиялын қалыптастыру және дамыту.



КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.8


АП.04

Балаларға музыкалық тәрбие беру әдістемесі

Оқытудың әртүрлі мектептерінің педагогикалық үрдістерін,

Отандық педагогикалық мектептердің қалыптасуы. Танымал хор педагогтардың тәжірибелерін меңгеру.

Педагогтың жас музыкантты тәрбиелеудегі ролі.

Педагогикалық жұмыстардың тәсілдері. Музыкант-орындаушының алғышартының қалып-тасуы.

Оқушылардың табиғи жаратылысының дамуы мен бағалаудың тәсілдері. Музыкалық мектептегі оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру.

Оқу жұмысын әртүрлі түрде жүргізу әдісі.

Жасөспірімдер мен балаларға білім беруінің әртүрлі кезеңінде оқылатын түрлі жанрлар мен стильдегі шығармалармен таныстыру.



Білімдер:

- білім беру мен тәрбие беру теориясының негіздері;

- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері;

- педагогикалық негіздердің базасын ескере отырып оқушыларды оқытудың тәсілдері;

- оқушыларды жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейлерін ескере отырып хорда ән салуға үйретудің тәсілдері;

-балалардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып жүргізетін жеке көркемдік- шығармашылық жұмыстың әдістері;

- Қазақстандағы және шет елдердегі музыкалық білім берудің тарихи кезеңдері;

- шығармашылық және педагогикалық мектептер;



Іскерліктер:

- хорлық орындаушылық сыныптағы жағдайға педагогикалық талдау жасай білу;

- тұлға және өзара қарым-қатынастар жайлы теориялық мәліметтерді педагогикалық қызметте пайдалана білу;

- оқушы дауыстарының маңызды сипаттарын анықтау және олардың одан әргі дамуын жоспарлай білу;

- арнайы әдебиеттерді қолдана білу;


БҚ.2,4,5

КҚ 3.1.9


АП.05

Хортану және хормен жұмыс жасау әдістемесі

Тасымалдау мен хор шығармаларын парақтан оқудың негізгі дағдыларын қалыптастыру;

Түрлі күрделілікті әртүрлі динамикалық өзгерістері бар хорларды фортепианода ойнау. Ірі көлемді хорларды фортепианода ойнауды меңгеру.


Білімдер:

- шет ел, орыс, қазақ хорда орындаушылықтың даму тарихын;

- хорды басқару теориясының негіздерін;

-хордың типтері мен түрлерін, дауыстардың классификациясын, әншілік дауысты анықтау; дауыс аппаратының құрылысы, регистрлік құрылым, әр дауыстың тесситуралық мүмкіндіктері;

- тыныс алудың нақты түрлерін дамытуға арналған жаттығулар, хордағы дыбысты алып жүру (легато, нон легато, маркато, стаккато), даустыларды ән салу барысында тегістеу, резонанстық ән салу теориясын.

- балалар хор ұжымдарымен жұмыс ерекшеліктерін;

- хорлық білім берудің ең танымал әдістемелік жүйелері(отандық және шет елдік);

- балалар музыкалық мектептерінің, балалар өнер мектептерінің, балалар көркемдік мектептерінің хор репертуарлары;

- балаларға хор сольфеджиосын оқытудың әдістемесі;

Іскерліктер:

- хорға жаттығу жасату әдістері мен жаттығулары;

-хор шығармасының музыкалық-орындаушылық ойын өз бетімен қалыптастыру, оны хормен даярлық жұмыс барысында жүзеге асыра білу, бұл ретте шығарманың формасын, стилі мен жанрын, мағыналық және дыбыстардың биіктік шарықтау шегін назарда ұстау;

- вокалдық есту қабілетін, көркемдік талғамды дамыту (орындаушылық мәнері, нақты орындаушылық мәнерде хор шығармасының сұлулығын, формасы мен мазмұнын, штрихтарын сезіне білу).



БҚ.2,4,5

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.10

АП.06

Хор әдебиеті

Әртүрлі ғасырлардың ейгілі композиторларының хор өнерінің ең танымалы шығармаларын зерттеу. Кантата, оратория және кіші кұрамды хор жанрларды зерттеу; шетел, орыс, қазақ хор әдебиетінің дамуы.



Білімдер:

-хор жанрының тарихи даму кезеңдерін(батыстық, орыс, қазақ), ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктері, музыканың фольклорлық бастаулары,хор өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан атақты композиторлардың шығармашылық өмірбаяндары;

- Батыс, Ресей және Қазақстан композиторларының ең үздік хор шығармалары.

Іскерліктер:

- хор әдебиетінің үлгілеріне және атақты композиторлардың шығармашылықтарына кәсіби баға беру;

-хор жазуының жанры, формасы мен стилін анықтау;


БҚ. 3

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.14



АП.07

Дауысты қою

Дауыс қою жұмысы хор класс бойынша сабақтармен бірлікте өткізіледі.

Негізгі мақсаттары: тыныс алуды реттеу жұмысы, жоғары позицияны қою, резонаторларды колданабілу, өзін-өзі сүйемелдеумен вокалды шығармаларын айту. Практикалық түрде мектеп репертуарын меңгеру.


Білімдер:

- вокалдық ансамбль мен хор ұжымы құрамында партияларды орындау;

-орташа қиындықтағы шығармадағы өз партиясын хорда орындаушылық негіздерін сақтай отыра парақтан оқи алу;

- орташа қиындықтағы партитурамен өз бетінше жұмыс жасай білу.



Іскерліктер:

- дауыс аппаратын жұмысқа өз бетімен даярлау;

- әншілік диапазонды дамыту үшін өзбетімен жұмыс жасау;

- дауыстылардың дыбысталуымен жұмыс жасау, регистрлерді тегістеу, дыбыс етұрағымен жұмыс істеу.



КҚ 3.1.13

АП.08

Хорды өндеу

Хорға арналған өңдеулердің түрлері: түрлі құрамдарға арналған өңдеулер: біртектілерден араласқа және керісінше. Түрлі құрылымдағы ансамбльдер мен хор партитуралары мен түрлі құрамдағы хорлар, солист пен хорға арналған қиын емес өңдеулерді оқу мен талдау.



Білімдер:

Хорға өңдеудің негізгі тәсілдерін,өңдеу қағидаларын.



Іскерліктер:

Хорды шығармасынын фактурасын талдау,автордың көркемдік идеялық ойын іске асыру.



КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.8


КҚ 3.1.10

КҚ 3.1.14



БҰАП.00

Білім беру ұйымы анықтайтын пәндер

КП. 00

Кәсіптік практика

КП. 01

Хор практикасы

Әртүрлі вокалды-хорлық жаттығуларды үйрету және орындау.

Шығарманы толығымен қамту және алғашқы оқу; авторлық мәтінді толығымен талдау. Оқушылардың хор класының ұжымымен жұмыс істеу. Орындалатын шығарманың партитурасын талдау.

Орындаушылық тәжірибеде теориялық білімдерін қолдану, орындалатын шығарманы үйрету және орындауын бағдарлау.



Іскерліктер:

- балалар хор ұжымының жұмысын әншілердің жас ерекшеліктері және дайындық деңгейлеріне қарай ұйымдастыру;

- хорға арнап өңдеулер жасау (өңдеулер);

- өзінің орындаушылық ниетімен келісушілік табу және ортақ көркемдік шешімдер табу;

- хормен репертуарында классикалық, және қазіргі заманғы, академиялық және халықтық музыка әдебиетінің үлгілерін пайдалана отырып жұмыс жасау;

Дағдылар:

- хор тәжірибесінде вокалды-хор дағдыларын қолдана білу;

- ансамбльде сүйемелдеумен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

- хор ұжымдарындағы қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті;

– түрлі регистрлердегі дыбыс түзілуі; артикуляция, тыныс алу, есту арқылы бақылау, өзін-өзі бақылау, интонация жасау тазалығы, ән салудың көркемдігі.


КҚ 3.1.10

КП02

Мектептегі практика

Әр мектептің педагогикалық тәсілдерін музыкалық тәрбие нәтижесінің теориясы мен тәжрибесінде пайдалану.

Балалар хор ұжымын құру.

Педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Оқушының табиғи қабілетін бағалау және жетілдіру.


Іскерліктер:

- оқушылардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін олардың жас ерекшеліктеріне сай дамыту;

- музыкалық қызметтің түрлеріне қарай сабақтың бір бөлігіне орай жан-жақты жоспар құру,

- сабақтың бөлігін музыкалық қызметтің әр түріне қатысты шығармашылық тапсырмаларын дайындау;

- сабақты оның көркемдік-педагогикалықидеясына,тақырыбына қарай жоспарлай білу;

- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, сабақтық жоспарлар құра білу;

- сабақтың сценариін музыкалық жұмыстың түрлі әдістері мен тәсілдерін ұсына отырып жасау;

- музыка мұғалімі өнер үрдісі ретінде пайдаланатын музыкалық білім беру әдістеріне талдау жасау және анықтай білу;

- музыкалық шығармаларды қосымша материал ретінде пайдалану үшін таңдай білу.

Дағдылар: оқушылардың түрлі деңгейдегі концерттік сахналарда өзін – өзі ұстай алуы, ансамбльдік, хор ұжымдарымен жұмыс барысында қажетті шығармашылық ортаны қалыптастыра білу;

- хор партитурасымен өз бетімен жұмыс жасай білу, парақтан оқу технологиясын, хор партияларын вокалдық тұрғыдан саралау, мануалды жаттығулар, сап пен ансамбльдың дағдыларын, дыбысталуды басқарудың тәсілдерін білу;

- хор пәндерінен беретін оқытушылардың балалар музыка мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, балалар хор мектептерінде т.б. жұмыс жасай білу тәжірибесі.


КҚ 3.1.10

КҚ 3.1.11



Ескерту: 1- кесте Базалық құзыреттер

Құзыреттер коды

Базалық құзыреттер

БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9

БҚ 10


БҚ 11

БҚ 12


БҚ 13

БҚ 1. Өз мамандығының маңыздылығы мен әлеуметтік мәнін түсіну, оған тұрақты қызығушылық көрсету;

БҚ 2. Жеке қызметін ұйымдастыру, кәсіби қызметтерді орындау әдістері мен тәсілдерін анықтау, олардың тиімділігі мен сапасын бағалау, ұжымда, әрі топта жұмыс жасау, әріптестермен, басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болу;

БҚ 3. Кәсіби және тұлға тұрғысынан дамуға, кәсіби міндеттерді қою мен шешуге қажетті ақпаратты іздестіру, талдау және баға беру қызметін атқару;

БҚ 4. Кәсіби жағдайда жүйелі түрде әрекет етуге дайын болуға, жеке қызметін талдау және жоспарлай білуге;

БҚ 5. Белгісіз жағдайларда өздігінен әрекет етіп, мәселелерді шешуге дайын болу, тәуекелге бел буу және қиын жағдайларда шешім шығара білу;

БҚ 6. Мемлекеттік және ресми қолдану тілі - орыс тілінің нормаларын білу, ауызекі және әдеби тілдің ерекшеліктерін, түрлі жанрларға жататын мәтіндердің айтылу ережелерін; сөзін тілдік, коммуникативтік және этикалық нормаларға сәйкес құру; сөзін қолданыс аясына, тиімділігі және орындылығына сәйкес талдай білу; ауызекі және жазба тіліндегі олқылықтар мен қателіктерді түзете білу, шет тілінде қарым-қатынас жасаудың қарапайым дағдыларының болуы;

БҚ 7. Қазақстан тарихының көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі негізгі белестері мен маңызды оқиғаларын білу, Қазақстан тарихындағы атақты тұлғалардың өмірбаяндарын, тарихи қалыптасу барысындағы маңызды мәдени жетістіктер мен құндылықтар жүйесін білу;

БҚ 8. Қазақстан Республикасы Конституция негіздерін, адамның адаммен, қоғаммен, қоршаған табиғи ортамен қатынастарын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларын түсіну, әлеуметтік құрылым, қоғамның негізгі әлеуметтік институттары туралы түсінігі болу, кәсіби саладағы мәселелерді шешуде алған білімдерін ескеру;

БҚ 9. Әлем туралы философиялық, ғылыми, көркемдік және діни көзқарасының болуы, өмірдің мәні туралы пікірінің болуы;

БҚ 10. Технологиялық, әлеуметтік – экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып, кәсіптік міндеттерді іске асыруға қажетті табиғат пен қоғамда өтіп жатқан процестер мен құбылыстар туралы тұтас ұғымының болуы;

БҚ 11. Экономикалық теорияның жалпы жағдайын білу, микро және макро экономиканың негізі туралы, елдегі және әлемдегі экономикалық жағдай туралы жалпы ұғымының болуы, кәсіпкерлік қызметтің негіздері туралы, кәсіпкерліктің ерекшеліктерін кәсіби қызметте пайдалана білу.

БҚ 12. Салауатты өмір салты туралы ғылыми түсінігінің, дене шымырлығын өзбетінше жетілдіру икемділіктері мен дағдыларының болуы, жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті шарттар туралы, оның еркі мен өмірі, мәдениет пен қоршаған ортаны сақтаудағы еркіндігі мен жауапкершілігі туралы жалпы мәліметі болуы;

БҚ 13. Жасөспірімдердің әскери міндетті орындап, онда қол жеткізген кәсіптік білімдерін қолдана білу, сонымен қатар, қыздардың медициналық-санитарлық дайындық негіздерін оқудағы білімдерін пайдалана алу.


2- кестеКәсіптік құзыреттер

Т және КБ деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзыреттерҚ)

3. Орта буын маманы


3.1. 040501 3 оқытушы, хор жетекшісі

КҚ3.1.1. Музыкалық қабылдау мен ойлаудың көркемдік тану және шығармашылық қызмет негізі ретінде музыка өнері аясындағы феномен туралы жалпы түсінігінің болуы; тәрбие және білім беру теорияларының негіздерін меңгеру, педагогика мен психологияның жас ерекшеліктерін білу;

КҚ 3.1.2. Музыка мәдениетінің сонымен қатар хор мәдениетінің негізгі тарихи даму кезеңдерін білу; ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктерін, музыканың фольклорлық бастауларын, ірі композиторлардың, орындаушылар мен дирижерлердің шығармашылық өмірбаяндарын білу; музыкадағы түрлі стильдер мен бағыттарды білу;

КҚ 3.1.3. Музыкалық жүйенің теориялық негіздерін, пішін жасау мен гармонияның принциптерін білу, музыкалық жадының механизмдерін, есту және ойлау процесстерінің ерекшеліктерін түсіну, негізгі кәсіби міндеттерді жүзеге асыруға қажетті көлемде фортепианода ойнай білу;

КҚ 3.1.4. Музыкалық шығармаға жүйелі түрде теориялық және орындаушылық талдау жасай білу,

Базалық теориялық білімдерді музыкалық шығарманың стиліне сәйкес көркемдік бейнелеуге қол жеткізу үшін қолдана білу, мәтінді талдау мәдениетін меңгеру, авторлық нота мәтінін тереңіне үңіле білу және оның мәнін аша білу;

КҚ 3.1.5. Хорда орындаушылық өнерінің теориясы мен тәжірибесін білу, хорда ән салу, дирижерлік ету мен хор партитураларын оқуды оқыту әдістемелерін, осы пәндерді оқытудың классикалық және қазіргі заманғы әдістерін қолдану; кәсіби терминологияны меңгеру, ауызекі және жазба тіл мәдениетін меңгеру;

КҚ 3.1.6. Музыкалық орындаушылықтың шығармашылық қызметтің түрі ретіндегі ерекшелігін түсіну, әртістік пен өзін-өзі көрсетудегі еркіндікті көрстету, орындаушылық ерік пен зейінді шоғырландыруды көрсету;

КҚ 3.1.7. Орындаушылық интонация жасау мәдениетінің болуы, шығарманың стиліне сәйкес орындаушылық көркемдік құралдардың түрлерін пайдалану шеберлігінің болуы;

КҚ 3.1.8. Орындаушылық репертуарды үнемі жетілдіріп отыру, өз бетімен хор және ансамбльдік репертуарды сонымен қатар оқу-педагогикалық репертуарды меңгеру;

КҚ 3.1.9. Ақпараттық, дидактикалық, көркемдік материалды таңдауда, мамандығының әдістемесін меңгеруде құзыретті болу; оқытылатын пәндердің саласына қарай нормативті оқу және оқу-әдістемелік құжаттармен жұмыс жасай білу; қосымша білім беру ұйымының қызметін ұйымдастыру, негіздерін білу;

КҚ 3.1.10. Хор ұжымын ұйымдастыру және оған жетекшілік ету принциптерін меңгеру. Орындаушылық шеберлікті жетілдіру үшін хор және ансамбльдік ұжымдарда орындаушылық және даярлық қызметті жүргізу; нақты концерттік ұйымда жұмыс жасау жағдайларына бейімделе білу;

КҚ 3.1.11. Оқушыларды олардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне сай хорда оқыту тәжірибесінің болуы, музыкалық білім беру саласында түрлі педагогикалық технологиялар мен әдістерді пайдалану; педагогикалық репертуарды білу, оқушыларда кәсіби дағдыларды дамытуды жоспарлай білу;

КҚ 3.1.12. Хордың көркемдік және техникалық мүмкіндіктерін білу, орындаушылардың түрлі құрамына арналған ережелер, музыкалық өңдеудің әдістері мен тәсілдерін білу;

КҚ 3.1.13. Әншілік дауыстың физиологиясы мен гигиенасы және әншілік бала дауысты сақтау туралы базалық білімдерін қолдану,



КҚ 3.1.14. Түрлі дәуір, мәдениет, жанрлар мен стильдерге жататын белсенді хор және ансамбльдік репертуарының болуы, түрлі классикалық және қазіргі заманғы репертуарды меңгеруде жан-жақты болу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет