Үлгілік оқу жоспары



бет10/18
Дата26.08.2017
өлшемі4,39 Mb.
#28187
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

ЖКП 06

Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы:

Кіріспе. Адам ағзасының морфофункциясы. Жүйке жүйесі және тірек қимыл жүйесінің құрылысы, қызметі, гигиенасы. Жоғары дәрежелі жүйке әрекеті. Жүрек –қан тамырлар жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Ас қорыту жүйесі. Зат алмасу. Зәр шығару жүйесі. Тері. Ағзаны шынықтыру. Білім алушылардың қоршаған ортасына қойылатын гигиеналық талаптар.




Білімдер:

  • ағзаның біртұтастығын қамтамасыз ететін негізгі механизмдер;

  • ағза мен қоршаған орта, құрылысы және қызметі арасындағы байланыстар;

  • жасуша мен ұлпалардың құрылысы, олардың қызмет ерекшеліктері;

  • жүйке жүйесінің негізгі қасиеті, құрылысы, маңызы;

  • жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің типтері, тежелу түрлері;

  • сезім мүшелерінің классификациясы, анықтамасы, олардың құрылысы, жалпы қасиеті;

  • тірек –қимыл аппаратының құрылысы, қызметі, оның әрбір жас ерекшелік дамуындағы физиологиялық өзгерістері;

  • ішкі секреция бездерінің құрылысы мен маңызы;

  • зат алмасудың ағзадағы маңызы, түрлері;

  • қан айналым жүйесі, жүректің құрылысы, қызметі, маңызы;

  • тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы;

  • ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы;

  • терінің маңызы, құрылысы.

Іскерліктер:

  • антопометриялық өлшемді өткізіп, оны орта статистикалық көрсеткіштермен салыстыру;

  • ОЖЖ, және вегетативті жүйке жүйесі, сезім мүшерлері, зәр шығару жүйесі құрылысы туралы мылқау таблицамен жұмыс істеу;

  • жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің түрлері, жас ерекшеліктері;

  • жас ерекшеліктеріне байланысты жұмыс қабілеттерін ескере отырып, сабақ кестесін құрып, талдау;

  • сабақ бөлмесіндегі жылу мен жарыққа қойылатын гигиеналық талаптарды талдау;

  • мектеп жасындағы балалардың негізгі зат алмасу көрсеткіштерін анықтау;

  • балалар мен жасөспірімдерде туындайтын аурулар, олардың алын алу жолдарымен жұмыс;

  • жүрек жұмысының ретін анықтау;

  • бауырдың асқорытудағы маңызын анықтау;

  • балалар мен жасөспірімдердің тамақтану тәртібін, гигиенасын сақтау;

  • ауа, күн сумен шынығудың ережесін құру;

  • күю, үсу кезінде алғашқы жәрдем көрсету.

БҚ1,2,4,7,8,9

КҚ

1.5.1, 1.5.4, 1.5.8,



1.6.1, 1.6.4,

1.6.8,


1.7.1, 1.6.5, 1.6.9,

3.1.1,3.1.4,

3.2.1, 3.2.4,

3.3.1,3.3.4,

3.4.1, 3.4.4


ЖКП 07

Жаңа педагогикалық технологиялар:

Педагогикалық технология түсінігі, түрлері: дамытушылық ойындар технологиясы, педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру; демократияландыруға негізделген білім алушылардың іс-әрекетін белсендіру; күшейту негізіндегі әдістемелік білім жетілдіру; дидактикалық қайта құрастыру негізіндегі оқыту үрдісін басқару; ұйымдастыру негізіндегі дамыта оқыту. Қазақстандағы авторлық мектептердегі педагогикалық технологиялар.

Компьютерлік технология. Мультимедиа технологиясы.

Желілік технология, Интернет-технология.

Қашықтықтан оқыту технологиясы.

Интерактивтік технология

Ақпараттық-коммуникациялық технология. Электрондық-әдістемелік жүйе жағдайында мұғалімнің әдістемелік жұмысқа дайындығы.


Білімдер:

  • оқыту технологиясының мәні мен құрылымы;

  • педагогикалық технология түрлері;

  • мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дамытушылық ойындардың түрлері;

  • ынтымақтастық педагогикасы, жеке ізгілік, проблемалық оқыту, ойын дидактикалық бірліктерді ірілендіру, модульдік, компьютерлік, дамыту, деңгейлеп-саралап, оқытудың ұжымдық және топтық тәсілі, түсіндіре басқарып оза оқыту т.б. технологиялардың ерекшеліктері мен мазмұны;

  • ақпараттық оқыту ортасын;

  • компьютерлік технологияны;

  • мультимедиа технологиясының принциптері;

  • желілік және Интернет-технология мүмкіндіктері;

  • қашықтықтан оқыту;

  • АКТ, интерактивті оқыту технологиялары.

Іскерліктер:

  • педагогикалық технологияларды жіктеу, талдау, жүйелеу;

  • оқу ақпаратын модульдеу;

  • сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау;

  • мектеп жасына дейінгі балалармен ойындар өткізу;

  • практикада педагогикалық технологияларды қолдану;

  • компьютер, интерактивті тақта және қосымша құрылғыларын, мультимедия-технологияны пайдалану;

  • оқу мақсатында электрондық қорларды, электрондық оқыту бағдарламаларын, Интернет мүмкіндіктерін қолдану.

БҚ1,2,4,5,7,9

КҚ

1.5.2, 1.5.3, 1.5.5, 1.5.9,



1.6.2, 1.6.3, 1.6.5,

1.7.2,


3.1.2, 3.1.3, 3.1.4, 3.1.5, 3.1.6, 3.1.10, 3.1.11, 3.1.12

3.2.2, 3.2.3, 3.2.4, 3.2.5, 3.2.6, 3.2.10, 3.2.11, 3.2.12

3.3.2, 3.3.3, 3.3.4, 3.3.5, 3.3.6, 3.3.10, 3.3.11, 3.3.12

3.4.2, 3.4.3, 3.4.4, 3.4.5, 3.4.6, 3.4.10, 3.4.11, 3.4.12




ЖКП 08

Педагогикалық шеберлік негіздері:

Педагогикалық техника, мұғалімнің сөйлеуі. Білім алушылар мен мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті.

Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін басқарудағы шеберлігі.


Білімдер:

  • педагогикалық шеберлік элементтері: ізгілендіру бағыты, кәсіптік білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника;

  • педагогикалық техника компоненттері;

  • мұғалімнің дидактикалық, ұйымдастыру, коммуникативтік біліктері;

  • педагогикалық қарым-қатынас ұғымы, қызметі, құрылымы, стильдері;

  • сендіру мен әсер ету тәсілдері.

Іскерліктер:

  • педагогикалық шеберлікті жетілдіру, өзін-өзі тануға қажеттілікті қалыптастыру;

  • білім алушыларды танымдық жұмысқа жұмылдыру, ұжыммен және жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру;

  • білім алушылармен өзара әрекет орнату;

  • ынтымақтастық педагогикасы негізінде білім алушылардың танымдық қызметін белсендіру.

БҚ1,2,4,5,7,9

КҚ

1.5.2, 1.5.9,



1.6.2, 1.6.5,

1.7.2,


3.1.2, 3.1.4, 3.1.8, 3.1.11,

3.2.2, 3.2.4, 3.3.8, 3.2.11,

3.3.2, 3.3.4, 3.3.8, 3.3.11

3.4.2, 3.4.4, 3.4.8, 3.4.11




ЖКП 09

Менеджмент негіздері:

Менеджмент ғылым ретінде. Басқару ойлары теориясының дамуы. Менеджменттің ғылым ретінде дамуының бағыттары мен мектептері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет