Ұлы ақын таңдаған,
Талғамына жараған
Амирадай аруға,
Тамсанады бар ғалам.
|
|
Жаны жайсаң жазира,
Әрбір айтқаны қағида.
Достарына жанашыр,
Айлин дейін аруды ,
|
|
Қыз дегенің қылықты,
Қылықтары ұлықты,
Іңкәрімдей арудың
Жүзінен бір нұр төгілді,
|
|
Бұл бір есім баға жетпес құндылық
Талай ақын айтып кеткен жыл қылып
Мариямға жететұғын қыз бар ма?
Тал бойынан табылатын мың қылық
|
Кім болсаңда тектілігін мойында
Бар жақсылық Інжутайдың ойында
Байыппенен бағындырар белесті
Қанжай төзім жатыр екен бойында
|
Жалған сөзді ұнатпайды
Уәдесінде тұрақтайды.
Айеркенің бәрі сондай
Өз тұғырын құлатпайды.
|
Бар ынтамен оқиды өзі өлеңді
Сарғалдақтай құлпырған Сымбатымыз
Қылығына қызығамыз баршамыз
Өлең оқып, би билеп, берер бізге.
|
Айбибідей ару да бар құлпырған
Қызыменен ата-анасы жарқыраған
Әдептілік тал бойына жарасқан
Ақылы бар өзінің жұрттан асқан
|
Анасының үміт еткен гүл қызы ,
Аспандағы жарқырағын жұлдызы,
Адилиядай қызымыз бар жарқыраған.
Екі беті бал-бұл жанып күлімдеген.
|
Зере біздің ақылды
Мінезі ашық салмақты
Талпынып алға қарай қадам басса,
Елінің үміт артар азаматы!
|
Маликадай жайдары гүл қызымыз
Өлең оқып, би билейді бұл қызымыз
Кішіпейілдік тал бойына жарасқан
Ешбір жанға зияны жоқ жақсы адам
|
Өзгелерден дана туған Сұлтана
Атына сай бәрі ханша саналар
Қолыңдағы дүниеңмен дос болмай
Ең бастысы даналықты бағалар
|
Інжуді де ізетімен ел білер
Сенбесеңіз ізетімен сендірер
Құрбылары ханның қызы болсада
Кем қылмастан барлығымен тең жүрер
|
Тым ерекше жаралған ау Мейірлім
Тал бойынан табылатын мың қылық
Мінездері сөзімізді сарқыған
Жанарына мейірімі тасыған
|
Ана деген кім десе, шуақ шашқан күн дер ем.
Сәбиі үшін ұйықтамай, арпалысқан түнімен,
Ана үні өмірде, ең мейірімді үн дер ем.
|
Құрметті аяулы аналар! Мереке құтты болсын. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
|
Ана – бағы баланың, мақтанышы елімнің.