Ұлы дала ойшылдары еңбектерінің студент жастардың рухани-адамгершілік


ерлік пен еркіндікті  аңсаған жорықшы жырау



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата06.10.2022
өлшемі334,3 Kb.
#151885
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Arinova B.A. KazNU bulletin

 
ерлік пен еркіндікті 
аңсаған жорықшы жырау
 
Доспамбет, адамды 
жақсылыққа шақырып, жамандықтан бездірген, 
адал достықты дәріптеп, опасыздықты сынаған
 
Шалкиіз Тіленшіұлы, «Күлдір де күлдір 
кісінетіп, күреңді мінер ме екеміз» деп халықтың 
бақытты өмірін армандаған Ақтамберді жы
-
рау
 
және
 
өз халқының бірлігін, ынтымағын 
аңсаған Бұқар жыраулардың төл мұраларында 


10
Ұлы дала ойшылдары еңбектерінің студент жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі орны
туған жер, сыртқы жаулармен болған азаттық 
күрес, өз дәуірінің шындығы, ерлік, ел бірлігінің 
жырлануы жастарды елжандылыққа, рухы биік 
азаматтыққа тәрбиелейді.
 
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің мол мұ-
расында
 
өз халқының азаттығын, тәуелсіз-
ді гін аңсап, жастарды ерлікке үндеген 
Дулат Бабатайұлы,
 
Шортанбай Қанайұлы,
 
жақ сы адам бойындағы қасиеттер мен жаман 
адам бойындағы кемшіліктерді қарама-қарсы 
қойып, адам гер шілік ізгі қасиеттерді ардақтаған
 
Сүйінбай Арон ұлы, шығармаларында
 
күрес-
керлік, жауын герлік, азаматтық пафос басым 
Махамбет Өте місұлы
 
т.б. ұрпағына қалдырған 
асыл мұралары бүгінгі жастардың рухани игілігі 
және адамгершілік тәрбиесінің негізі болып 
табылады.
Ұлы Дала тарихында адамгершілік идеяла
-
рымен танымал болған тұлғалардың қатарында 
еліміздің бірлігінің, әділдік пен даналықтың, 
биік абырой мен адамилықтың қайталанбас 
нышанына айналған Төле би, Қазыбек би және 
Әйтеке бидің өнегеге толы өмір өрнектерін 
атап айту әбден орынды. Үш жүздің басын 
біріктіріп, халқының қамын ойлаған үш бидің 
арман тілектері болашақ ұрпағының адалдықта, 
жақсылықта, бейбіт заманда өмір сүруі десек, 
олардың бұл мақсаттары көбінесе туындаған 
дау-дамайды халықтың игілігіне шешуімен 
айқындалды. 
Билердің тәлімдік ойлары, адамгершілік 
идеялары жастардың жан дүниесін, рухани 
әлемін байытатын даналық кілті деп танылады. 
Мәселен,
Әйтеке бидің «Ақыл мен мінез
– бірге 
туған егіз. Мінездің жаманы мен жақсысы – 
ақылдың жемісі. Жақсы адамның серігі – ақыл, 
қанағат, әдеп, төзім, сабыр, үміт, татулық, бірлік. 
Ер жігітке төзім – тірек, сабыр – қамал, ақыл 
– әл қуат, ар абырой – қазына, қанағат – асыл 
тас, бата – мұра, әдеп – сән, жалған сөз – дерт, 
ақиқат – ем, үміт – көңіл азығы. Өзіне жақсылық 
тілемейтін адам жоқ. Ал өзіңе жақсылық тілесең, 
өзгеге жамандық қылма! Айыптың үлкені – 
ізгілік жасай алмау емес, жамандық тілеу» деген 
аталы сөздері жастардың рухани-адамгершілік 
тәрбиесінің қайнары десек те болады (оқулық, 
2010) [9]. 
Билердің ұлағатты сөздері «Өзін-өзі тану» 
пәнінің практикалық семинар сабақтарында, 
кураторлық сағаттарда дәйексөз ретінде алы
-
нып, студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуіне 
қажетті даналық кілті бола алады. Сөйтіп, сту
-
дент жастардың рухани-адамгершілік тәрбие-
сін дамытуда Ұлы Дала ойшылдарының 
еңбектерінің маңызы зор екендігін сабақ бары
-
сында жүргізілетін жұмыстардың мазмұнынан 
көреміз. Мәселен, «Қазақ мәдениетіндегі рухани-
адамгершілік білім беру» тақырыбы бойынша 
семинар сабақтарында студенттерге мынадай 
тапсырмалардың ұсынылуы жастардың рухани 
өсуіне, өзін-өзі жетілдіруіне көмектесері айқын. 
1. Шығыс ойшылдарының еңбектеріндегі 
және
 
қазақ дүниетанымындағы рухани-адам-
гершілік құндылықтардың адамның өзін-өзі 
тәрбиелеуі тұрғысынан дәйектеп, мысалдармен 
бекітіңіз. 
2. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғын-
дарының көзқарастары», «Бақытқа жету жайын
-
да», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» 
сияқты трактаттарында айтылған ойлардың 
қазіргі заманауи жастардың адамгершілік сапа
-
ларын дамытудағы ізгілікті мәнін анықтап, гу
-
манды педагогика тұрғысынан дәлелдеңіз. 
3. Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» 
еңбегіндегі шынайы көшбасшының қасиеттері» 
тақырыбына эссе жазыңыз. 
4. Ахмед Йүгінекидің «Адамгершілік-үй, 
қарапайымдылық оның іргетасы сияқты», «Пай
-
дасыз егес, орынсыз күлкіден сақтан», «Ұлым 
саған айтайын өсиетін дананың, білімдіні таны да, 
соңынан ер қарағым!» деген ғибратты сөздерін 
пайдаланып, «Дұрыс әрекет» құндылығы бой
-
ынша сабақ жоспарын құрастырыңыз.
5. Қожа Ахмет Яссауидің
 
дүниетанымдық, 
әлеуметтік-этикалық көзқарастарында адам 
бейнесінің жақсы қасиеттерге толы сапа
-
лы жақтарымен қоса, жағымсыз іс-әрекеттер 
туындататын сапасыз белгілері де қатар 
қарастырылатынын басшылыққа алып, «Мінез-
құлық – адамгершілік айнасы» тақырыбына са
-
лыстырмалы талдау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет