Ұлы дала ойшылдары еңбектерінің студент жастардың рухани-адамгершілік



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата06.10.2022
өлшемі334,3 Kb.
#151885
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Arinova B.A. KazNU bulletin
6000-7099, Гео база 1-бөлім
 
еңбектерінен табамыз.
 
Ол «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») атты 
еңбегінде рухани байлықты қоғамдық өмірдің 
дамуымен байланыстыра отырып, адам тәрбиесі 
туралы ережелерді қорытындылаған. Ойшыл 
ақын сабырлылық, ұстамдылық, қанағатшылдық, 
тәубешілік сияқты қасиеттер жан дүниесі 
таза, кемелденген адамға тән екенін айтқан. 
Қожа Ахмет Яссауи шығармасындағы сөз бен істе 
шыдамды, төзімді болу, жақсы мен жаманды ай
-
ыра білу, надандық, сараңдық, дүниеқұмарлық, 
жалған сөйлеп, имансыз болудан сақтану сияқты 
келелі мәселелер қазіргі жастар тәрбиесінде аса 
маңызды деп танылады (Әбен, 2001) [7]. 
Нәтежелер және талқылау
Қазақ халқының рухани мәдениетінде, 
дүниетанымдық көзқарастарында, адамгершілік 
туралы ой-пікірлерінде өзіндік қолтаңбасын 
қалдырған ойшылдардың бірі – Асан Қайғының 
толғау, терме, афоризмдерінде тұрмыс-
тіршіліктің түйінді мәселелері тілге тиек етіледі. 
Оның руханилығының негізі өмірде толып жатқан 
қайғы атаулыны, соның ішінде адам қасіретін 
терең сезінуімен ерекшеленеді. Асан Қайғының 
пайымында адам өмір жағдайына қарамастан 
шынайы әрі әділетті болуы керек, ғайбат сөзден 
қорқуы керек. Ол халықтың санасында адам 
баласына тек жақсылық әкелетін жайлы ме
-
кен іздеген, мәңгілік бақ қонған «Жерұйықты» 
іздеуші атымен танылды. Сол сияқты Асан 
Қайғының адамды жақсы қасиеттерге, ізгі істерге 
жетелейтін тәрбиелік мәні бар, студент жастар
-
ды адами қарым-қатынаста айналасындағыларға 
сүйіспеншілікпен қарап, ешкімге қиянат жаса
-
май әрдайым дұрыс әрекет етуге шақыратын 
мына өлеңін семинар сабағында «Ой қорыту 
немесе 1 тезис, 3 дәлел» әдісі арқылы оқыту 
студенттердің шығармашылық қабілетін дамы
-
тып қана қоймайды, ол сонымен қатар олардың 
бойында адамгершілік қасиеттерді жетілдіруге 
де септігін тигізеді. Бұл әдіс бойынша мынадай 
тапсырма беріледі: 
1-қадам:
 
Студенттер мына мәтін бойынша 
ой қорытулары қажет. 
Еділ бол да Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе, 
Жаныңды аяп тұрыспа,
Ердің құны болса да, 
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа, 
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін, 
Әркімменен ұрыспа,
Ашу дұшпан артынан,
Түсіп кетсең қайтесің,
Түбі терең қуысқа!.. 
(Нысанбаев /ред/, 2000) [8]. 
2-қадам:
Өзінің ойын жинақтап, нақты 
мысалдармен бекітіп, оларды мына кестеге 
түсірулері керек. 
Тезис
1-дәлел
2-дәлел
3-дәлел
3-қадам:
Мәтінге сәйкес кестені үш дәлел 
арқылы талдап толтырулары тиіс. 
Өзін-өзі тану сабақтарында қазақ халқының 
ұлағатты ой-пікірлерін оқу мәтіндері ретінде 
талдап қарастыру, біріншіден, жалпыадамзаттық 
құндылықтардың мәнін ашуға, екіншіден, 
студенттердің шығармашылық қабілеттерін 
дамытуға, үшіншіден, адам бойындағы
мінез-құлқындағы әртүрлі жақсы және жа
-
ман қасиеттерді ажырата білуге үйретеді және 
төменгі, яғни 1-2 курс студенттерінің өзін-өзі та
-
нуына игі әсер етері сөзсіз. 
Сөйтіп, өлеңді талдау барысында студент
-
тер «Өзін-өзі тану» пәнінің білім мазмұнын 
меңгеріп қана қоймайды, олар сонымен қатар 
өзін-өзі тәрбиелеуге де үйренеді. Ендеше, 
Асан Қайғының адам өмірін жақсарту, жақсылық 
жасау, қамқорлық таныту сияқты ізгілікті 
ойларының тәрбиелік мәні әрқашан өз биігінде 
рухани азық болып қала береді деп айта аламыз. 
Адамгершілік қағидаларына негізделген 
тәрбие мәселесі жыр маржанын төгілткен 
жырау лардың әдеби мұраларында көрініс та
-
уып, жастарды елжандылыққа, рухы биік 
азаматтыққа тәрбиелеуге ықпал етті. Халқы-
мыздың сан ғасырлық өмірін асыл сөзде бей
-
нелеп көрсеткен жыраулар, атап айтқанда 
Қазтуған Сүйінішұлы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет