Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


ұят, оян  деген сөздердің түбірі қайсысы деп сұраса, не дейсің? Ұят тұтас  түбір десең,  ұял



Pdf көрінісі
бет48/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
ұят, оян
 деген сөздердің түбірі қайсысы деп сұраса, не дейсің? Ұят тұтас 
түбір десең, 
ұял
 = болғанда, -
т
-ның орнына 
оят
= болғанда -
т
 келіп -
н
-ның 
орнын қалай алды демей ме? Сонда, 
ұят
-тың түбірі – «өлі» 
ұя
; -
т
есім 
жасаушы /
киіт, құрыт
сияқты/ «өлі» қосымша; 
оят
=-тың түбірі – «өлі» 
оя
; мұндағы -
тқарат
= дегендегі сияқты өзгелік етістің тірі қосымшасы 
деп шыныңды айтқан оңай емес пе
?» (8).
Осылайша, бүгінгі тіл ерекшеліктерін талдау үшін тарихқа сүйене 
отырып, реконструкция жасаудың (жаңғыртудың) нақты тілдік дәйегін де 
көрсетіп береді. Осыған орай: «
Тілді диалектикалық тұрғыдан зерттеу үшін 
тарихи принцип қажет. Себебі тілдің тарихын жасауға жазба 
ескерткіштердің материалы жеткіліксіз. Сондықтан сол кезге дейінгі бүкіл 
тарихты бойына сақтаған тілдік фактілерді зерттеу жөн
», – (8, 15) деп те 
ескертеді. Міне, ғалымның ой-пікірінің мәртебесі көтеріліп, жаңарып жатқан 
ана тіліміздің теориялық мәселелерін былай қойғанда, бүгінгі күн талабының 
практикалық мәнінің мазмұнымен сай келіп жатқанына қайран қаласың. 
Осы қағидаға сай қазіргі қазақ тіліндегі мағынасы күңгірттенген 
этномәдени атаулардың түбірлері сол түбірлермен тектес, тұлғалас және 
мағыналас элементтерді ең алдымен өз тілімізден (ішкі реконструкция)одан 
табылмаған жерде көне жазба ескерткіштер тілінен немесе туыстас түркі 
тілдері мен оның диалектілерінен (сыртқы реконструкция) іздестіру 
мақсатында көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді (Ә.Қайдар, 
Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева т.б. еңбектерінде).


99 
Олай болса, осы күні тарихи грамматика мәселесінің ең бір өзекті, 
маңызды, күрделі мәселесі болып табылатын «өлі түбірлер» туралы бастама 
сонау Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алып, тек қазақ тіл білімі аясындағы 
ғана емес, түркітанудағы ең өзекті мәселенің бірі – 
түбір құрылымы
мәселесімен үндеседі. Осы орайдағы А.Н.Кононовтың (фузия құбылысы), 
Н.А.Баскаковтың (түркі түбірінің дыбыстық құрылымы), А.М.Щербактың 
(түбірдің бірбуындылығы), Э.В.Севортянның (түркі түбірінің гомогенділігі) 
т.б. еңбектеріндегі маңызды ғылыми тұжырымдардың профессор Қ.Жұбанов 
зерттеулеріндегі топшылаулармен сабақтастығын байқаймыз.
Соның ішінде нәтижелерінің мәні мен қолданыстық сипаты қазақ тіл 
білімінің шеңберінен әлдеқайда кең академик Ә.Қайдаров, М.Томанов, 
А.Ибатов, Е.Қажыбеков, Ж.Манкеевалардың нақты да мол деректерге 
сүйенген теориялық-әдістемелік жүйесін қазіргі түркітану деңгейінде 
жетілген, қазақ тілін зерттеудің терең де кешенді әдістемесі мен ғылыми-
зерттеушілік идеясын ұсынған профессор Қ.Жұбановтың зерттеу үрдісінің 
жалғасы деп ұққан жөн. 
Бүгінгі таңда бұл мәселенің кеңіп, жаңа деңгейде қаралып жүргенін 
профессор Б.Сағындықұлының (түркі түбірін танудағы ішкі флексия 
құбылысы), профессор А.Салқынбай (тарихи сөзжасам жүйесі), профессор 
Н.И.Букетованың (түркі түбірі мен неміс тіліндегі реликтілік құбылыс) 
зерттеулері айғақтайды.
Қарап отырсаңыз, ғалым назарынан тыс қалған бірде-бір тілдік 
құбылыс жоқ. Мәселен, зат есімге қатысты Қ.Жұбановтың септік 
парадимасындағы ілік септеу мен табыс септеудің ашық түрі және жасырын 
түрі, сонымен қатар барыс септеу мен шығыс септеудің жалғаусыз, жасырын 
түрде кездесетін орындары деп көрсеткен тұстарының үлкен ғылыми мәні 
бар. Бұл тілдік құбылыс қазіргі грамматикаларда «нөлдік форма» терминімен 
аталып, Ы.Маманов, А.Ысқақов, Н.Оралбаева, Ж.Балтабаева, А.Омарова 
еңбектерінде зерттелді. Қ.Жұбанов осы нөлдік форма ұғымының алғаш 
ғылыми негізін қалаған, осы тілдік құбылысты көрегендікпен байқаған деуге 
әбден болады. «Қ.Жұбанов еңбектеріндегі нөлдік форма мәселесін арнайы 
қарастырған Ж.Балтабаева «Профессор Қ.Жұбанов септік жалғауларының 
бірде ашық, бірде жасырын келуі туралы» атты мақаласында ғалым 
еңбектеріндегі осы мәселені кеңінен сөз етеді. «Қазақ тіл білімінің негізін 
қалаған Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі септіктердің бірде ашық, бірде жасырын 
түрде келетіндігін арнайы қарастырмаса да, тілде сондай құбылыстың бар 
екендігіне назар аударған. Ғалымның ғылыми еңбектерінен септік 
жалғауларының сөзде ашық, жасырын қолданылу жайындағы пікірлерді 
кездестіруге болады. Мәселен, ғалым құрастырған «Қазақ тілінің 
програмында» бұл мәселе «зат есімнің септелуі» деген тақырыпта қамтылған. 
Мұнда атау септік «септеусіз атау есім» деп беріліп, ілік, табыс, шығыс 
септіктерінің қосымшалы да, қосымшасыз да келетіндігі «
ілік септеу мен 
табыс септеудің ашық түрі мен жасырын түрі. Жасырын түрдегі ілік пен 
табыс септеуді ашып алу жолы. Ашық түр мен жасырын түрдің 


100 
мағынадағы айырмасы. Барыс септеу мен шығыс септеудің мағыналары. 
Бұлардың жалғаусыз, жасырын түрде кездесетін орындары
» деп 
көрсетілген. 
Бағдарламадағы бұл жолдардан ғалымның септік жалғауларының бірде 
ашық, бірде жасырын келуі деген тілдік құбылысқа мән бергенін байқай 
отырып, ғалымның ғылыми мұрасы болашақта зерттеу нысанына айналатын 
тіл фактілерін қамтығанына тәнті боламыз», – дейді Ж.Балтабаева (44, 105-
108).
Ғалым септік жалғауларының тасаланып келуін сөз еткенде олардың 
қосымшасыз формада қолданулары бірдей дәрежеде болмайтындығын да 
ескерткен, яғни ілік, табыс септіктерінің тасалануы жиі де, қалған 
септіктерде сирек кездесетіндігін айтқан. Сондай-ақ проф. Қ.Жұбанов септік 
жалғауларының түсірілетін орындарының бірі бірыңғай мүшелер екендігін, 
яғни қосымша бірыңғай мүшелердің соңғысына жалғанатынын нақты 
мысалдармен көрсеткен: 
Ай мен күннің аманында

Балтабай, Қарпық, 
Маман, Салпықтардан үлгі алған
. Ғалым септік жалғауларының тасаланып 
келетін орындарының біріне көркем шығарма тілін де жатқызған: 
Еділдің 
бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім. Еңселі биік орда еріксіз кірсем деп 
едім. Қан сарқыты сары май еріксіз жесем деп едім. 
Ғалым көрсетіп 
отырған бірыңғай мүшелер мен көркем шығарма, оның ішінде поэзия тілінде 
септік жалғауларының жиі түсірілетіндігі септіктердің қосымшасыз 
қолданылуының бір жолы ретінде кейінгі зерттеулерде статистикалық 
талдаулар арқылы дәлелденді», – дей келіп, Ж.Балтабаева өз сөзін: «Септік 
жалғауларының бірде ашық, бірде жасырын келуі деген мәселе де профессор 
Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алған деп санаймыз», – деп қорытады (44, 
105-108).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет