Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет59/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
отыр, тұр, жүр, 
жатыр
деген төрт етістік күллі өзге етістіктерден үш түрлі морфологиялық 
қасиетімен ерекшеленеді дейді алғашқы зерттеуші Қ.Жұбанов. Бірі – 
олардың жіктік жалғауларын тікелей қабылдай алатындығы; екінші – түбір 
күйінде тұрып таза Präsеns-ті (осы шақты) білдіре алатындығы; үшінші – 
түбір күйінде тұрып Imperativ-тің (бұйрық райдың) II жағы мен Präsеns-тің III 
жағын көрсететіндігі. Оның үстіне төрт етістік әрқайсысы осы шақты 
жасағанда, соның өз аясындағы әртүрлі мағынаны білдіреді. 
Жатыр
етістігі 
іс-әрекеттің дәл сөйлеп тұрған сәтте емес, әйтеуір жалпы жүріп жатқан, ара-
арасында үзілісі де болатын түрін көрсетеді: 
Бейімбет бір үлкен роман 
жазып жатыр
(мысал Қ.Жұбановтікі – Р.Сыздық). Егер іс-әрекет сөйлеп 
тұрған сәтте орындалып жатса, қазақ тілі 
отыр
етістігін жұмсайды; ұзақ іс-
әрекет үзілістерімен жүріп жатса, қазақ 
жүр
көмекшісіне жүгінеді: 
тұр
-ға 
келсек, ол соншама күрделі: осы сәттегі істі де, орындалып жатқан іс-әрекетті 
де білдіреді, дәл осы сәттегі істі білдіргенде тек адамға байланысты 


112 
айтылады. Қ.Жұбанов өзінің «Көмекші, күрделі етістіктер туралы» деген 
орыс тіліндегі шағын кітапшасында төрт етістіктің осы сияқты 
семантикалық-функциялық дифференциациясын ең бір нәзік жерлеріне дейін 
талдап көрсетіп береді. Бұл – атақты төрт етістік 
(отыр, жатыр, жүр, тұр)
туралы жазылған ең алғашқы ғылыми жұмыс», – деп ерекше атап көрсетеді 
(4, 46). 
Профессор М.Томановтың пікіріне жүгінсек: «Қ.Жұбанов көмекші 
етістіктер жайындағы өзіне дейінгі тарихи-теориялық зерттеулер айта 
алмаған, аша алмаған көмекші етістік семантикасы мен құрылысының басты 
ерекшеліктері мен зандылықтарын талдайды. Қазақ тіліндегі көмекші 
етістіктер жалғамалы тілдің құралдары бола тұрып, өз бойында синтетизмнің 
де көп белгілерін сақтағандығы тарихи талдау арқылы дәлелденді. 
Сондықтан да, кейде бір етістік түбірдің күрделенуі ме, әлде екі түбірдің 
синтаксистік тіркесі ме – осы жағын анықтау қазақ тілінің жүріп өткен 
жолының ерекшелігін анықтаумен тең түсіп жатады. Қазақ тіл білімінде 
бірінші рет Қ.Жұбановтың осы еңбегінде көмекші етістіктердің 
полисемантикалық 
және 
полифункционалдық 
сөздердің 
тобына 
жататындығы дәлелденді. Ал мұндай зерттеулер 30-жылдарда, тіліміз жаңа 
әлеуметтік жағдайларда дамудың қай бағытын ұстану керек дейтін сұрақ бар 
шындығымен қойылған кезде аса мәнді еді» (24, 125.). 
Профессор Қ.Жұбанов «Заметки о вспомогательных и сложных 
глаголах» деген еңбегінде 
отыр, жүр, тұр
және 
жатыр
етістіктерін басқа 
күрделі етістіктердің ішінде барынша әмбебап және өнімділігі өте жоғары 
деп бағалайды. Аталған етістіктер басқа етістіктермен тіркесіп келгенде 
басқа тілге аударғанда мағынасын бір сөзбен дәл беру мүмкін емес, бұл 
қасиет олардың көмекшілік қызметінен деп, олардың қандай тұлғалармен 
тіркесетіндігін және беретін мағыналық реңктерін алғаш рет ашып көрсетеді. 
Профессор Н.Оралбаева аталған еңбекте 1) көмекші етістіктердің түрлі 
грамматикалық қызметтері қарастырылғанын; осы шақтың жасалу жолының 
ғылыми түрде дәлелденгенін, осы шақтың көрсеткіштері ретінде 
 отыр, тұр, 
жүр, жатыр
көмекші етістіктері көрсетіліп, олар осы шақтың күрделі 
формалары деп аталғанын (бұл тұжырым кейін етістіктің аналитикалық 
формасы теориясының бастамасы болды); 3) түркология көлемінде күрделі 
көмекші етістік мәселесі тұңғыш рет көтеріліп, 
келе жатыр, бара жатыр
сияқты мысалдар келтірілгенін; 4) қимылдың жасалу кезеңі (фазасы) мәселесі 
алғаш көтерілгенін айтады (51, 23-29). 
Қ.Жұбанов көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін 
грамматикалық мағынасын шақ ұғымы, нақтырақ айтқанда, осы шақ арқылы 
түсіндіруге тырысады. Бірақ мұнда Қ.Жұбановтың қимылдың уақытқа 
қатысын шақ арқылы сипаттауда оның (қимылдың) ішкі созылыңқылығын 
көрсетеді. Бұл туралы ғалымның өзі көмекші етістіктер күрделі етістік 
құрамында осы шақ мағынасын ғана емес, негізгі етістік мағынасына 
қимылдың созылыңқылығын, дүркіндік мағынасын үстейтін сыпат (вид) 
формативтерінің де қызметін атқаратындығын айтады. Төрт қалып етістігін 


113 
біріктіретін ортақ семантика шаққа қатысты болса, ал айырмашылығы – 
қимылдың өту ағымын сипаттауында. Сондай-ақ ғалым жетекші етістік пен 
төрт көмекші етістік тіркесімділігі алдыңғысының лексика-семантикалық 
ерекшелігіне де байланысты болып келетіндігін дұрыс байқаған. Ғалымның 
мына пікірі осыны көрсетсе керек: «...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет