Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет85/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
Құдайберген өз 
мақалаларының тұтас бір сериясын практикалық тіл білімінің мәселелеріне 
орфографияға, терминологияға, қазақ тілін оқыту методикасына 
арнады
», – деп атап көрсеткен (2, 359). Тілдің даму деңгейінің негізгі 
көрсеткішінің бірі сол тілдің ғылым мен техника тіліне қаншалықты енгендігі 
болып табылады. Ал ғылым мен техника тілі термин-атаулардан басталады.
Қазіргі ғылым мен техника дамуының бастауы да, шарықтау денгейі де 
еуропалық елдер халқымен байланысты және оның негізі ежелгі грек пен 
латын тілдерінде, қала берді ағылшынша, немісше, французша, орысша 
берілген. Ал ғылым мен техника тілінің қазақша қалыптасуына халқымыздың 
тарихи тағдырына байланысты осы тілдердің әсері болмай қойған жоқ. Бұл 
жерде үш жүз жылдық бодандық кезде, әсіресе, кеңес дәуірінде қазақ тілінің 
дамуына орыс тілінің «жетекшілік еткені» тарихи ащы шындық екенін 
мойындаған жөн. Қазақтың патшалық Ресейге бодандық дәуірінде ғылым 
мен техника терминдері орыс тілінде қалай берілсе, қазақша да солай алынып 
келгені сол кездегі қазақша басылымдардан белгілі. Кейін осы ғасырдың 
жиырмасыншы жылдары қазақ елі Кеңес Одағының қарамағында Автономия 
алған алғашқы кезеңде ғылым мен техника тілін қазақша сөйлетуге қазақ 
зиялылары жағынан үлкен құлшыныс болғаны анық. Мұндай жағдай 
ғылымның барлық салаларында болды.
Сол кездегі негізгі ерекшелік барлық терминдердің қазақша 
баламаларын орнықтыру болып табылады. Мұндай ерекшелікті физика-
математика саласы бойынша К.Жаленовтың «Есептану» (2-бөлім, Ташкент, 
1920), С.Қожановтың «Есептану» (1-бөлім, Ташкент, 1924), Е.Омарұлының 
«Пішіндеме» (2-кітап, Қызылорда, 1928), Қ.Сәтпаевтың «Алгебра» 
(Қолжазба, 1919-1924 жылдары арабша графикамен, 1929 жылы латын
әліпбиімен басылған), Ә.Ермековтің «Ұлы математика», «Аналитикалық 
геометрия» (1928) еңбектерінен байқалды. Сөйтіп, отызыншы жылдар 
қарсаңында ғылыми-техникалық терминдер әр автордың қалауынша 
аударылып, бір термин бірнеше қазақша атауға ие болды; терминдерді
аудару барысында, жазылуы мен дыбысталуында қазақ тілінің емле ережесі, 
нормасы сақталмады; терминдердің қазақша балама дәлдігі болмады. Міне, 


148 
осы жағдай отызыншы жылдардың басында қазақша ғылыми-техникалық 
терминдерді түзуді ғылыми негізде жүйелік пен бірізділікке салу мәселесі 
тұрды. 
1935 жылы Мәдениет саласы қызметкерлерінің бүкілқазақстандық 
құрылтайы (съезі) ашылар қарсаңында Қ.Жұбановтың жетекшілігімен 
Мемлекеттік термин комиссиясы бюллетенінің 4 саны жарық көрді. Бұл 
төртеуінде жарияланған 17 зерттеу мақаланың 7-8-і, яғни тең жартысы 
термин мәселесіне бағышталған. Емле, әліппе, әріп жөніндегі мақалалардың 
өзінде термин сөзге соқпай кететіні жоқ.
Бюллетеннің 1-санында терминология мен орфографияға қатысты 
бірнеше материал басылған. Олардың қайсыбірінің қазақша-орысша нұсқасы 
қатар беріледі де, қайсыбіреуі ана тілінде ғана жарияланған. Біздіңше, мұның 
мынадай себептері болған тәрізді. Біріншіден, саяси мәні ерекше сауаттылық 
әлемінде жасалып жатқан мұндай шаралардың деңгейін бүкілодақтық 
дәрежеге көтеру болса, екіншіден, айтулы ғұламалардың, партия-кеңес 
қызметкерлерінің және оқу-ағарту ісіндегі мамандардың мағлұматының 
кеңеюіне жол ашу.
Қалай болғанда да, сол кезеңнің өресінен қарағанда, материалдардың 
осындай тәртіппен берілуі өзін-өзі ақтады деп білеміз. Мәселен, осы алғашкы 
санының өзінде «Қазақ әдебиет тілінің терминдері туралы» /Термины 
казахского литературного языка/ деген атпен мақала екі тілде берілсе, «К 
пересмотру казахской орфографии» мақаласы орысша жарияланған. Бұл 
аталған дүниелердің авторы – Қ.Жұбанов. Ал «Теріс жазуға емле себепші 
болмасын» (К.Бегалин), «Қосар ма, дара ма?» (Жұбанұлы Құдайберген) және 
«Қазақ тілінің емлесі мен әліппесіне кіргізілетін өзгерістердің жобасы» 
дейтін материалдар қазақ тілінде басылыпты. 
2-санында «О специфике слов-терминов», «Проект изменений 
орфографии и алфавита казахского языка» сияқты орыс тіліндегі мақалалар, 
сондай-ақ қазақ тілінде жазылған «Математика терминдері жөнінде», 
«Физика терминдері жайынан» тәрізді мақалалар басылған. 
3-санында өткен 2-санда жарияланған «О специфике слов-терминов» 
деген мақаланың қазақшасы («Термин-сөздердің спецификасы жөнінде») 
берілген. Соған қоса дүнген орфографиясы жөнінде Цунвазаның жобасы 
басылған. 
Бюллетеннің соңғы 4-санындағы материалдар тек қана қазақша. Олар 
мыналар: «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайы» (Қ.Жұбанов), «Емле, әліппені 
өзгерту, дұрыстау жөніндегі Жоба» (Аманжолұлы Сәрсен), «Әріп, емле, 
термин мәселелеріндегі негізгі таяныш-тірегіміз не болуы жөн?» (Басымұлы 
Қажым), «Терминдер туралы». 
Сонда бюллетеннің төрт санында жарияланған ғылыми мақалалардың 
термин мәселесін тікелей сөз ететіні – соның жеті-сегізі. Басқалары терминді 
орфография мен әліпбиге байланысты. Алайда, жоғарыда ескертіп 
өткеніміздей, осы мақалалардың өзінде-ақ көптеген мәселелердің басы 
ашылып, жазуымызда жүйе бола бастады. Көптеген термин сөздерді ретке 


149 
келтіріп оны қолдану, қабылдау, тіпті жасау қағидаттары айқындала түскені 
мәлім. 
Мемлекеттік терминология комиссиясының бұл басылымында тағы бір 
көңіл қоюға тұрарлық мәселе бар. Ол мынау: оның әрбір санында комиссияда 
қаралған, талқыланған термин сөздер тізімі жарияланып отырған. Бұл 
мәселенің дер кезінде шешім тауып, қабылдануына септігін тигізген шара 
деп білеміз. 
Бюллетеннің алғашқы санының өзінде алдымен қазақ тілінің 
терминологиясын жан-жақты әңгімелеп, оның жасалу, қалыптасу, даму және 
қолданылу өрісі жайында нақты мағлұмат нұсқау беріп алған соң, «Социал-
экономик пәндерінің терминдері» мен «Математика терминдерінің орысша-
қазақша сөздігі» берілгені ұйымдастырушылардың білігін танытқандай. 
Ал екінші санда «Физика терминдері» мен «Ботаника терминдері», 
үшіншісінде «Математика терминдерінің жалғасын», төртіншісінде «Физика 
терминдерінің жалғасын» жариялап үлгеріпті. Сонда, байқап қарасақ, сол 
кездің өзінде-ақ біздің ғылыми мекемелер мен маман адамдар кезеңінің 
тілек-талабына сай ел мұқтажын өтейтін мәселелерді әлеумет талқысына дер 
кезінде салып, көпшілік назарын уақытылы аудара білген екен. Ендігі мақсат 
осы Бюллетенде жарияланған мақалалардың ғылыми мәнін саралап, ондағы 
көтерілген мәселелердің салмағын таразыға салу болса керек. Мұнсыз біздің 
жалпы әдеби тіліміздің, оның ішінде өте бай терминологиялық 
лексикамыздың жасалу, қалыптасу, даму жолын анықтай алмаймыз. 
Қ.Жұбанов «Қазақ әдебиет тілінің терминдері жайында» деп атаған 
мақаласында сол кезеңнің саяси-әлеуметтік болмысына бойлап, тіл 
мәселесіндегі неше алуан құбылыстарға тоқтайды. Қазан төңкерісінен кейінгі 
алғашқы жылдарда ұлттық мәдениетіміздің айқын бір көрінісі – сауат ашу 
саласында әр қилы талас-тартыс, айтыстардың болғаны мәлім. Айтыстың 
дені интертерминдерге қатысты туындап жатты. 
30-жылдардың екінші жартысында орыс тілінен және сол тіл арқылы 
келген интернационалдық (кірме) терминдердің өзгертілмей айтылуы мен 
жазылуы қатты қадағаланды. Сөйтіп ана тіліміздің табиғи болмысынан тыс, 
жат заңдылық күштеп енгізілді. Термин жасау қағидаттарының алғашқы 
жобасын жасаған профессор Қ.Жұбанов екені даусыз. Алайда осы принципті 
түзу барысында профессор өз еркінен тыс қатаң тапсырма торына түсіп 
қалған сияқты. Өйткені қазақ тілі заңдылықтарын бір білсе, осы адам біледі 
дейтін ғалымның өзге тілдік кірмелерді бұлжытпай алайық деуінде 
амалсыздық байқалады. Бұл сол кезеңнің білімпаздары амалсыз 
мойынсынған шара демеске болмайды. Қазақ тілінің емле ережелері де сол 
баяғы Мәскеу ықпалымен жасалғаны мәлім. 
Осы кезеңде жүргізілген терминологиялық жұмыстар жайында 
терминолог-ғалым Ш.Құрманбайұлы өзінің «Терминқор қалыптастыру 
көздері мен терминжасам тәсілдері» атты еңбегінде мынадай тұжырым 
келтіреді: «Тіларалық біріздендіру жұмыстарын жүргізуде 
КСРО 
халықтарының ортақ тілі орыс тілін үлгі етіп алу ұсынылды. Мәскеудегі 


150 
КНТТ (Комитет научно-технической терминологии) Одақ көлеміндегі 
терминологиялық жұмыстарды үйлестіріп отырған басты мемлекеттік орган 
әрі ғылыми мекеме ретінде кеңес халқына ортақ терминологиялық қордың 
(общесоветский терминологический фонд) орыс тілі негізінде қалыптасуына 
үлкен ықпал етті» (75). Ал нақты осы кезеңдегі терминология дамуы мен 
қалыптасуы мәселелеріне арналған «Терминология мәселелері» атты 
еңбектің алғы сөзінде проф. Ш.Құрманбайұлы былай деп жазады: «Өткен 
жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарынан бастап, қазақ терминологиясы 
дамуының жаңа кезеңі басталды. Сол 30-жылдарға дейінгі жиырма жылдай 
уақытты қамтитын Алаш оқығандарының терминологияны дамытуда 
ұстанған бағыт-бағдары басқа арнаға бұрылды» (76). 
Бұл тілдің даму жүйесіне, сауат ашу ісіне жасалған қиянат еді. Әйтсе де 
Мемлекеттік термин комиссиясы жұмысының айрықша болғанын атап айту 
парыз. Ол құрылған алғашқы күннен бастап осы тектес ең күрделі 
мәселелермен айналысып, әдеби тілдің нәрлене, қалыптаса түсуіне кең 
септігін тигізген талай шешім қабылдап келеді. Дегенмен бұл кезде газет-
журналдарда қазақ мәдениетінің мәселелері көтеріліп, орфография, орфоэпия 
салаларына көңіл бөліне бастайды. Сол кездің өзінде баспасөз 
материалдарынан көптеген интернационалдық терминдердің қазақша 
баламалары жасалып, орыс сөздерінің қазақша нұсқалары қолданысқа ене 
бастағанын байқауға болады. 
20-жылдардағы қоғам өміріне, соған орай, ғылым мен мәдениет 
тарихына зер салсақ, неше алуан ұғымдар мен көзқарастардың, қым-қиғаш 
талас-тартыстың болғанын да байқар едік. Әйтсе де білімге сусаған ел жаңа 
өмірдің жарқын істеріне араласып, өз әліпбиін түзіп, өз жазуын жолға қоюға 
кірісті. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында бұрын-соңды болып көрмеген 
жаңалықтар мен оны білдіретін жаңа ұғым, түсінік, құбылыстардың бәрін тіл 
фактілерімен деректеп отырарлық термин сөздер қалыптаса бастады. Оқу, 
білім, ғылым, мәдениет, экономиканың қай-қайсысында да халық ұғымына 
тосын сөздер пайда болды. Оның әрқайсысының терминологиялық жүйесін 
жасау үшін сауатты, білікті мамандар даярлау проблемасы тұрды, күн 
тәртібінде мамандар жетіспейтін. 
Осы орайда қолға алынған шаралар ретінде мыналарды айтуға болады: 
кеңселерде ісқағаздары қазақ тілінде жүргізіле бастады, қазақ тілінде 
шығатын газет-журналдар көбейді, қазақ мектептері ашылып, онда оқылатын 
пәндердің бәрі ана тілінде жүргізілді. Сонымен бірге қазақ тілі мейлінше кең 
қанат жайған көркем әдебиет тіліне, әлеуметтік өмірге тікелей араласу 
барысында қоғамдық-саяси әдебиет тіліне, түрлі шаруашылық пен 
экономика, өнер, жалпы мәдениет тіліне айналды. Сөйтіп, қазақ тілі 
күнделікті өмірдің қай саласына да белсене араласып, қоғамдық қызмет аясы 
кеңейе түсті. Күн өткен сайын «мына сөзді қалай жазамыз», «ана сөзді қалай 
қабылдаймыз» деген тәрізді сұрақтар көбейіп, терминге деген ділгерлік 
артып, мұқтаждық молайды. 


151 
«Атаулар сөздігі» (Қызылорда, 1931) осындай мұқтаждықты мүмкін 
болғанша өтеу жолындағы алғашқы әрекет еді. Бұл – Қазақстан Оқу 
комиссариаты Білім кеңесінің басшылығымен жасалған сөздік. Білім кеңесі 
сол кездегі бірінші кезекте тұрған мәселе ретінде осы пән атауларын жинап, 
тез арада жұртшылыққа ұсынды. Алғашқының аты – алғашқы. Мұның, 
негізінен, кейінгі жұмыстарға аздап септігі тигенмен кемшіліктері де аз 
болмады. Өйткені бұл – әлі ғылым салаларынан мамандар даярланбай тұрған 
шағында, сол игі іске себі тие ме деген мақсатпен жасалған сөздік еді. 
Дегенмен, сол кезеңдерде шыққан «Пән сөздер», «Атаулар сөздігі», 
«Қазақша-орысша тілмаш» тәрізді еңбектер терминологияның даму 
тарихынан біраз деректер береді. Мұнда терминдік пішінге ие болып, 
тұрақты атаулық қызмет атқара бастаған біршама сөздерді кездестіреміз. Бұл 
ретте 1931 жылы Қызылорда қаласында латын қарпімен жарық көрген 
«Атаулар сөздігінің» орны айрықша. Ғалым Ш.Құрманбайұлы аталмыш 
сөздіктің кейінгі кирилл қарпімен шыққан нұсқасында оның қазақ 
терминографиясы тарихындағы рөлі жөнінде былай дейді: «Қазақ 
терминографиясының тарихында өзіндік орны бар «Атаулар сөздігі» өткен 
ғасырдың отызыншы жылдарындағы термин шығармашылығы мен 
терминологиялық сөздік түзу ісінің кезеңдік келбетін, терминология 
комиссиясының жұмысы мен алаш зиялыларының ұлттық терминқор 
қалыптастыруда ұстанған ұстанымдарын көрсететін нақты тілдік-тарихи 
дерек 
ретінде 
лексикограф, 
терминограф 
мамандардың, 
жалпы 
филологтардың, тіл мәселесі қызықтыратын көпшілік қауымының қажетіне 
жарайды деп білеміз» (77). 
Ғылыми-техникалық төңкерістің тілдік құрылымдар дамуына ықпал етуі 
термин-сөздерге байланысты атаулардың терминденуінде жаңа қатынастар 
пайда болуымен айқындалды. Атап айтатын болсақ, іс-әрекет құралына 
байланысты қатынасты білдіретін жаңа ономасиологиялық құрылымдар 
жасалды. Мысалы, «Атаулар сөздігінде» мынадай өндіріс салалары 
дараланып, жеке көрсетілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет