Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет90/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

(дифференциальные уравнения)
т.б. 
8. Халықаралық терминология тәжірибесінде қолданылып жүрген 
кейбір 
-ист, -изм
суффикстері мен 
ре-, син-, де-,анти-, контр-
тәрізді 
префикстерді қазақ тіліне қабылдау математикада да баршылық.Мысалы, 
антилогарифм, антипараллель, контрмысал, апериодты, арксивус
т.б. 
математикалық атаулар бар. Сондай-ақ
гомеоморфизм, изоморфизм
т.б. 
терминдер де қазақшада өзгеріссіз алынып жүр. 
9. Қысқартылған күрделі сөздердің, мысалы,
автожол, 
авиақатынас, аэрошана
тәрізді терминдерді қабылдау – қазақша 
сөзжасамдағы 
алғашқы 
қадамдар. 
Математикада 
автотербеліс 
(автоколебания), автоморфты функция (автоморфная функция)
т.с.с. 
терминдер кездеседі. 


158 
10. Біріккен күрделі сөздер: 
саяси экономия, ауатком (аудандық 
атқару комитеті) 
тәрізді сөздер қазақ тілі заңдылығына орай 
жасалынып, қолданысқа Мемтерминкомның бекітуімен енгізілді. 
Бұл тармақтағы өмір өзгерісіне байланысты жаңа терминдерді 
практикалық тіл талабына сай ықшамдап енгізу орынды шарт деп білеміз 
және сөзжасам мәселесі тағы да көтеріліп отыр. Жаңа терминдерді енгізуде 
мемлекеттік үйлестіру жұмыстары– практикалық қажеттілік. 
Осы келгірілген түсініктеме-мысалдардан профессор Қ.Жұбанов 
тағылымы математика терминологиясының қазақша қалыптасуына терең 
бойлай енгенін көреміз. Бір қарағанда, оның термин туралы жазған еңбектері 
көп емес. Атап айтқанда, «О специфике слов-терминов» (1933), «О 
терминологии казахского литературного языка» (1935), «Принципы 
терминологии 
казахского 
литературного 
языка, 
принимаемые 
государственной терминологической комиссией», «К пересмотру казахской 
орфографии» (1935) деп аталатын еңбектерін атауға болады. Алайда осы 
саусақпен санарлық еңбектердің ғылымдағы жүгі қаншалықты десеңізші! 
Ғалым бұл еңбектерінде емле ережелерінің дұрыс түзілмеуінің 
салдарынан бірнеше жыл бойы қаншама терминнің сан түрлі үлгіде жазылып 
жүргеніне күйінеді. Сауатты жазудың тірегіне айналудың орнына, анархияны 
үдетіп отырған бұл жағдайдың себеп-салдарын зерттеп, одан шығудың 
жолдарын қарастырады, ғылыми термин сөздерге қойылар талаптың басты-
басты шарттарын анықтап береді. 
Термин сөздің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын жасап, олардың 
лексиканың өзге қатпарларынан өзіндік ерекшелігін қолға таяқ ұстатқандай 
етіп көрсетіп береді. Анықтаманы сол түпнұсқадағыдай түрінде ұсынамыз: 
«
Термином называется специфический вид определенных словесных 
обозначений, передающих определенные понятия, установленные на данном 
этапе развития науки иреволюционной практики, причем передаваемые 
термином терминологическоепонятие может не совпадать со словарным 
значением, котороеприсуще данной словеснойвеличине в обыденной жизни
» 
(8, 273). 
Осыдан аңғаратынымыздай, «термин» дегеніміз – белгілі бір кезеңнің 
сөз әлеміндегі ғылыми атаулық кейпі. Бұл ғылыми ұғым осы сөздің 
лексикалық мәнімен сәйкес келмеуі де мүмкін. «
Атом», «психология», 
«яровизация»
тәрізді терминдерді мысалға ала отырып, Қ.Жұбанов бөлінбес 
ұғым деп жүрген бұл сөздер де қоғам дамуының кейінгі кезең сатыларында 
әрі қарай бөлшектеніп, жаңа бір мән туындатып кеткенін әңгімелейді. 
Мәдени революция кезіндегі әр алуан пікірталастар мен тартыстар, 
көзқарастар негізіне қарағанда, сан түрлі жолдармен қилы-қилы пішінде 
жасалып жатқан лексиканың бұл тармағын (терминдерді) елдің бәрі бірдей 
түсініп, дұрыс қабылдай қоймаған. Жаңа өмірдің тілек-талабына орай ғылым 
мен техниканың сан саласы бойынша толассыз еніп жатқан терминдер 
тасқынын тоқтату қандай мүмкін болмаса, оларды бірден сол қалпында 
қабылдап, халық қолданысына енгізе қою да оңайға түспеген. Тіл дамуында 


159 
етек алған бұл құбылысты ешқандай қараусыз, қадағалаусыз қалдыруға 
болмайтынын бірден аңғарған ғалым бұл үдерісті бүкіл аумағымен алып, 
оның даму арналары мен көздерін түгел көрсетеді. Әлгіндей көзқарастар мен 
таным аласапыранында бұл проблеманы аса біліктілікпен талдап, ол 
жөніндегі түсінік қандай болу керек дегенді ол кезде Қ.Жұбанов қана айта 
алды.
Ол осы сала бойынша ізденушілердің, пікір қозғайтындардың ғылыми 
тұрғыда қандай бағыт ұстануы қажет екенін танытар ой өрбітті. Өйткені 
адамның ақыл-пайымына сыйымды іс-әрекеттің алуан саласын айрықша 
дамыта түскен жаңа қоғам жұртшылықтың білуге деген құштарлығын 
арттырған ғалымдар тарапынан елеусіз қалуы мүмкін емес-тін. Жаңа ұйым, 
жаңа түсінік қазақ тілінің сөздік құрамын айрықша қозғалысқа салып, осы 
заман іс-әрекетіне лайықты шапшаң қарқын берді. Сан ғасыр сүрленіп, 
сандық түбінде жатқан талай қазақ сөзі қайта жаңғырып, жаңа сапаға көшті. 
Сөйтіп қоғам дамуындағы заңды құбылыстар нәтижесі ретінде пайда болған 
лексикамыздың мүлде жаңа қабаты – термин сөздер табиғатын Қ.Жұбанов 
сынды ғалымның түсіндіріп беруі – ғылыми ой-пікірдегі бір адым ілгері 
басқандық болатын.
Шынында, әуелі термин дегенді анықтап алмай тұрып, оның ғылыми 
мәселелерін қарастыру мүмкін емес қой. Қ.Жұбановтың алдымен анықтама 
берудегі көздеген мақсаты осы болатын. Терминнің анықтамасы берілгеннен 
кейін, термин жасау жөнінде белгілі дәрежеде жүйе бола бастайды. Неге 
десеңіз, терминология технологиясын жолға салып, бақылап, тіпті басқарып 
отыруға мүмкіндік туды. Ғалымның аталмыш мақаласының ең басты маңызы 
– осында. Мақалада тағы бір құнды пікір термин аудару мәселесіне 
байланысты ойлар деп білеміз. Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет