Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


в » дыбысын шығаpады, тiлi « д



Pdf көрінісі
бет148/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

в
» дыбысын шығаpады, тiлi «
д
» дыбысын шығаpаpдағы 
қалыбында болып, деpеу iштен келген ауа тiлдi тiс түбiнен, еpiндеpдi бip-
бipiнен айыpып шығады. Жалғыз айыpмасы «
в
» мен«
д
» бipден шығады және 
еpiндеpi бip-бipiнен тегiс көтеpiледi (сондықтан 
шылп
етедi), «
в
»-ны 
шығаpаpда тек оpтасы ғана ашылады. «Аузын быpтылдатқанда» еpiндеp 
алдымен «
п
» дыбысын шығаpады да, аз мезгiл «
қ
»-ны шығаpаpдағы 
қалыпта тұpып, сонан кейiн қос еpiндi «
б
» дыбысын, ақыp аяғында «
т
» 
дыбысын шығаpады. Бipақ бұлаpды сондай тез тiзiп өтедi, баpлығы 
қосылып кетедi
», – дей келіп, әйел затына тән био-әлеуметтік, 
этномәдениеттік ерекшеліктерге сәйкес 
ым тілінің
фонациялық амалдарына 
да егжей-тегжей түсініктеме береді.
Филология 
ғылымдарының 
докторы 
Э.Н.Оразалиеваның: 
«...Қ.Жұбанов 
ым тілінің
тек қимылмен шектеліп қалмайтынын, оның 
«дыбыс шығару процесі осы күнгі тіл дыбыстарының жүйесіне келмейтінін», 
әрі, ең бастысы, қарым-қатынастың бұл түрі «адам мен адам арасында ғана 
жүретінін», «хабар берудің» ерекше амалдарын құрайтынын дәл анықтаған. 
Бұл мәселелердің көпшілігі жалпы тіл білімінде тек бүгінгі күні дәйектеліп, 
жан-жақты талданып зерттелуде. Осыған сәйкес, паралингвистикалық 
(паратілдік) 
элементтердің 
функционалды-семантикалық 
ерекшелігін 
айқындау 
арқылы 
адам 
қарым-қатынасының 
онтогенетикалық, 
эгоцентристік, психофизикалық әрі әлеуметтік нормаларын жүйелеуді мақсат 
етеді», – деген ойы жоғарыдағы пікірлерді нақтылай түседі (89).
Проф. Қ.Жұбанов ым тілінің қатысымдық қызметімен қатар, ұлттық-
мәдени ерекшелігіне талдау жасай отырып, оның әртүрлі халықтарда өзіндік 
сипатпен, ерекше жүйемен қолданылатындығына зер салады, сол арқылы 
бейвербалды амалдардың қоғамдық, этникалық әрі психологиялық табиғатын 
сұрыптауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет