Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет147/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

-кін – «ботақан» 
дегендегі 
-қан
– 
кішкене дегенді білдіреді
», – деп көрсетеді. 
Профессор Қ.Жұбанов еңбегінен талданған бірер дәйектемелер қазақ 
тілтанымында гендерлік бағытта ғылыми ой зерделеуге бағдаршам іспеттес
болды. Өйткені автор келтірген мысалдар тілдегі гендерлік оппозицияны
құрайтындықтан, 
гендерлік 
лингвистиканың 
ұлт 
әдебиетімен, 
лингвомәдениетаныммен, этнолингвистикамен, когнитивті лингвистикамен
психолингвистикамен, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста 
қарастырылуына негіз болды. 
3. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі паралингвистикалық ой-тұжырымдар 
Тіл білімінде 
паралигвистика
деп аталып, нақты зерттеу нысанына 
айналған саланың да бастауында тұрғандығына ешкімнің де күмәні бола 
қоймас. Бұл турасында Э.Оразалиева: «...қазіргі тіл білімінде ым тілін арнайы 
зерттейтін сала паралингвистика деп аталып, оның кейбір элементтері 20-
ғасырдың 30-жылдарынан бастап Н.В.Юшманов еңбектерінде кездессе, 
жалпы ұғымның өзін 40-жылдарда А.А.Хилл енгізді. Ал лингвистикалық 
энциклопедиялық сөздікте келтірілген деректерге назар аударсақ
паралингвистика тек ХХ ғасырдың 60-жылдарында ғана нақты қолға алына 
бастады. Олай болса, 30-жылдары жазылып, 60-жылдары жарық көрген 
Қ.Жұбановтың лингвистикалық тұжырымдамалары тек қазақ тіл білімі 
деңгейінде ғана емес, әлемдік ғылымда да өз бағасын алар деген сенімдеміз», 
– деп тұжырымдайды (89). 
Қ.Жұбановтың 
гендерлік 
паралингвистикалық 
тұжырымдарынасүйенсек: «
ым тілі белгілерінде дыбыс ымдары да болған, 
ым тілінің ым қалдықтары бізде көп. Аузын шылп еткізу, аузын 
быртылдатулар дыбыс пен ымды қосып ұстаған синкретизм түрі. Мұның 
дыбыстарын бөліп алып, дыбыс тілі зауытына салып шығарылмаған. 
Сондықтан ұйыспалы (диффузный) түрінде қалып қойған. Ол ана ернін 
шығару, бетін шымшулар секілді, солармен қатар әйелдердің специфик тілі 
болып, дыбыс тілінен аулақ ұсталып сақталған
». 
Профессор Қ.Жұбанов коммуниканттар арасында тілдік емес құралдар, 
яғни
бейвербалды амалдар
туралы талдауларында гендерлік ерекшеліктерді 
сөз 
етеді. 
Ғалым: 
«
Күншығыста 
әйелдер 
тұрмысы 
ерекше 
жағдайдаболғандықтан, әйелдерге арнаулы түрлі әдет-ғұрып ерекшеліктері 
мұнда жиі ұшырайды. Сол әдеп-ғұрып өзгешеліктердің бірі – осы күнге дейін 
Кавказда армян, грузин, түріктер арасында сақталған әйелдердің ым тілі. 
Жаңа түскен келіншек қай жерде бір айға, қай жерде бір жылға дейін ата-
енесімен дыбыстап сөйлеспейді, ымдап сөйлеседі. Бұл тілді армяндар 
«нашнауар» дейді. Нашнауар – сондай бай, сондай ұшталған тіл. Мұнымен 
әйелдер сумаңдатып ала жөнелгенде дыбыс тілінен еш кемдігі жоқ 
сияқты
», – деп, әртүрлі халық әйелдерінің өзіне тән мимикалық тілі 
болатынын айтады. 


197 
Ғалым қазақ әйелдерінің тілдік ерекшелігі туралы мынадай гендерлік 
дәлелдер келтіреді: «
жүйелі болмаса да, әйелдерге ғана арнаулы, әйел тілінің 
өзгешелігі қазақта да жоқ емес. Сол өзгешеліктердің бірі әйелдерде ғана 
болатын «ернін шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), 
«аузын шылп еткізу» (таңданғанда), «аузын быртылдату» (кекеткенде). 
Міне, мұның соңғы екеуінде үнсіз ым ғана емес, дыбыс шығару да бар. Бірақ 
дыбыс айырынды (членораздельный) емес». «Аузын шылп еткiзгенде» 
еpiндеpi «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет