Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет186/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

«Түнгі сарын» 
пьесасы арқылы театр өзінің творчестволық бағытын анық бекітіп отыр
». 
Бұл – публицистің кең қамтып, фактілерді жинақтауға көңіл бөлгендігін 
байқатады. Мақаланың басты құндылығы – «Түнгі сарынның» көзге түсіп 
тұрған кемшіліктеріне қарамастан, театрдың бағытын айқындайтындығына 
тоқтала келіп, «алдыңғы қатарлы театрлардың қатарына жету үшін көп 
қиындықты жеңуі қажет» екендігін арнайы атап көрсеткендігі. 
Қалың көпшілікке баспасөздің қадір-қасиеті туралы мол мағлұмат 
беретін материалдардың бірі – публицистің «Газет – көпке ортақ» атты 
мақаласы. Мұнда автор газет тақырыбын тереңнен қозғап, ондағы көтерілетін 
мәселелердің оқырман назарын аударуының жай-күйіне тоқталады. Көптің 
көкейінде жүрген мәселелерді көрсете білген газет қана оқырманға жол 
табатынын атап көрсетеді. Қай газеттің де оқырманымен күшті екеніне баса 
назар аударады. 
Публицистің қаламгерлік қарымын байқататын елеулі туындыларының 
бірі – «Таңжарықтың қуанышы» атты әңгімесі. Әңгіменің деректік негізі 
басым екенін аңғару қиын емес. Шұғылалы өмірге қолы жеткен кедей 
Таңжарықтың қуанышы көркемдік тұрғыда бейнеленген. 
«Кедей» газетінде жарияланған «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір»
памфлеті кезінде оқырмандардың жата-жастана оқитын көзқуаныш 
туындысына айналды (121). Памфлеттің басты кейіпкері – ел кедейі 
Құрмантай. Оның жасы қырықтың қырқасынан асқанша көрген азабын айтып 
тауысу да қиын. Ең алдымен, басты кейіпкер – Құрмантайдың «төрт 
қызығын», «мың бейнетін», «жарық өмірді» күтер, аңсар арманын автор 
жетік біледі. Публицист кең көсіліп, ой тастап, пікір қозғайды. 
Құрмантайдың қылықтарын автор былай санамалайды: «
Қарақожалақ тары 
көжені тоя ішіп алып, тырнақтай түйіншектегі темекінің ірігіне сақарды 
молырақ қосып, оны алақанға салып, сулап, қос бармақпен пашұр-пұшыр 
басып уқалап, тіл астына салып жібергендегі мардамсыған күйі
», «... 
бұл 
өмірде ұйқыдан тәтті де тәттілік бар ме екен
!», «... 
қызыл шоққа қып-
қызыл боп қызған тасты саптыаяққа толтыра сауған ешкінің қою сүтіне 


261 
салып жіберіп, «қор-р-р» еткізгендегі мұрныңа бу аралас кірген көңірсі иісін, 
оны ішкендегі дәмін сағына «қандай еді?» – деп аңсайды
». Бұл памфлетте, 
жоғарыда келтіргеніміздей, іліп алар, тұзы татитын сөз, пікірлер баршылық. 
Қоғамның қуыршағына айналған ауыл кедейінің басындағы күй – тегеурінді
зілдің нақты көрінісі. 
Қ.Жұбанов публицистикасындағы елеулі із қалдырған, кезеңдік 
туындысы ретінде бағалануға лайық «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір» 
памфлеті әкелген тақырыптық және жанрлық, стильдік жаңалықтарды 
сараласақ, өзгешелігі айқын білінеді. Алдымен автор өзі көтерген болмыстың 
терең мәнін, зиянды сырын аңғара білген. Қоғамның жекелеген мүшелерінің 
санасындағы, тәртібіндегі ескінің қалдықтары әлеуметтік-саяси деңгейге 
дейін жеткізіле суреттелген. Оқырмандар тарапынан суреттелген оқиғаға 
деген ашу-ыза, өшпенділік, қарсы күреске құштарлық сезімін оятады. 
Шығармашылық кемелдікке бет бұрған публицист сол кезеңде шығып 
тұрған «Қазақ», «Алаш», «Еңбекші қазақ», «Кедей», «Тілші» газеттерінде 
үздіксіз жарияланымдарымен көрініп, өзінің публицистикалық қалам 
қайратын шыңдай түсті. Сол кездегі қазақ саяси өмірі мен қоғамдық ойының 
белсенді өкілдерінің ұлттық басылым төңірегіне тоғысуы кездейсоқ жағдай 
емес еді, оларды бірлесе қимылдауға, қосылып іс-әрекет жасауға итермелеген 
ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси ахуал, елдің ауыр халі 
болғанына көзіміз енді жетіп отыр. Аталмыш басылымдар сол кезеңнің 
шындық шежіресі, өмірлік айнасы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар 
қалың көпшілікке жол сілтеген, ұлттық сана-сезімді оятуға үлес қосқан, 
болашаққа бағыт-бағдар берген қоғамдық ойдың өлшемі еді.
Публицистің ойлы мақалаларына ғылыми-танымдық қуаттың молдығы 
тән. Өзіндік стильдік ерекшеліктер де қалыптасқаны байқалады. Мысалы, 
ойды ашық айту, сөйлемдерінің оқырманға ұғынықты етіп құрылуы, пікірін 
неғұрлым негіздеп, дәлелдеу тән болып келеді. Ғылыми жүгі ауыр 
жарияланымның өзінде көтеріңкі публицистикалық сарын басым. 
Қаламгердің ғылыми публицистикасы жайында айтқанда, бұл туралы
М.Әуезовтің пікірін келтіруді жөн санаймыз: «Оның журналистік, 
публицистік қабілеті, әдебиет, мәдениет қазыналарын терең білетіндігі, 
ғылымның көптеген салаларына байланысты өрісі кең білімі өзінің 
мамандығы болып кеткен тіл білімімен астасып, жігі білінбей ұштасып 
жататын-ды» (2). 
Ғалым-публицист ғылыми ой-пікірлердің қалың көпшіліктің жылы 
қабылдануына айрықша көңіл бөлді. Қаламгер ғылыми публицистикаға бет 
бұрғандықтан да «Қазақ тілінің ғылыми курсы» жөнінде лекция оқығанда 
бұл бағыттан айнымайды. «Политехникалық мектеп» журналында 
жарияланған «Қазақ тілі фонетикасының» «Бет ашарын» публицистикалық 
ой-толғам түрінде жазды. Қазақ тілін зерттеудің сол кездегі жағдайында: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет