Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет211/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.
тарих, Practise Test 3 Module 2 TI
Мұханбеди
1909 жылы дүниеге келген. Ол Ақтөбе 
педагогикалық техникумын бітіріп, отызыншы жылдардың басында 
Алматының маңындағы Шамалған селосында жұмыс істеген. Кейін аудандық 
оқу бөлімін басқарған. Мұханбеди Қуанұлы ертерек қайтыс болған. 
Қ.Қ.Жұбановтың балаларының үлкені – 
Жұбанова Мүслима 
Құдайбергенқызы
Ақтөбе облысы, Жұрын ауданында 1926 жылы дүниеге 
келген. 2012 жылы 3 маусымда дүниеден өтті. Тіл білімі маманы, ғылым 
кандидаты (1965). 1946 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін, 1950 жылы 
Алматы Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология 
факультетін бітірген. 1950-52 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының оқу 
бөліміне нұсқаушы, 1953-1959 жылдары Петропавловск қазақ орта 
мектебінде, педагогикалық училищесінде қазақ тілі мен әдебиетінен және сол 


320 
пәндердің әдістемесінен сабақ берді. 1959-1961 жылдары «Қазақстан 
мектебі» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, 1961-1962 жылдары 
Білім 
министрі 
жанындағы 
педагогика 
ғылымдар 
институтының 
аспирантурасында оқыды. 1964-1974 жылдары сол институтта бастауыш 
кластың оқу әдістемесі бөлімінің меңгерушісі, 1974-1984 жылдары Қазақ 
мемлекеттік қыздар институтының педагогика кафедрасында доцент болып 
істеді. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор А.Ысқақовтың 
жетекшілігімен «Қазақ мектептеріндегі 1-класс оқушыларын сауаттылыққа 
үйрету» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. КСРО және 
ҚазКСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері деген атақтармен 
марапатталды. Ғалым-ұстаздың «1-класта сауат ашу мәселелері» (Алматы, 
1967), «Эксперименттік әліппе» (Алматы, 1968), «Әліппе оқытуға 
методикалық нұсқау» (Алматы, 1968), «Қазақ тілінен 3-класқа арналған 
дидактикалық материалдар» (Алматы, 1974). «Әліппе» (Алматы, 1992), 
«Қ.Жұбанов ұлттық дидактика проблемалары хақында» (Алматы, 2002), 
«Әулет және заман белестері» (Алматы, 2009), «Ұлттық тәрбие тағылымы» 
(Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұрасы негізінде), Алматы, 2012) атты 
еңбектері мен 200-ге жуық мақаласы жарық көрді.
Мүслима Жұбанова әкесі Құдайберген Жұбанов туралы естелігінде 
былайша толғанады: «Папам үйге келгенде біздің үйге ерекше қуаныш, 
шаттық ере келетін еді. Бізбен бірге папамның келгеніне ауылдың үлкені мен 
кішісі түгел қуанатын. Біз болсақ, папамды көргенімізге, ол әкелетін 
ойыншықтар мен конфеттерге қуанамыз. Бізден басқа ағайын-туыс
ауылдастардың балалары да сол ойыншықтармен ойнап, конфет, алма т.б. 
сый алғанына куанады. Оның үстіне, папам балалармен әңгімелесуді, 
ойнауды жақсы көретін мінезі бар еді. Сондықтан папам келгенде бізге 
ілесіп, ауылдың барлық баласы коса алдынан шығып қарсы алатын». 
Ленинградта әкесі Құдайберген Жұбановпен бірге жатақхананың 
төртінші қабатындағы кең бір бөлмеде тұрған Мүслиманың естелігінің 
тағылымдық тұсы мол. «Мен балабақшаға баратын болдым,– деп еске алады 
Мүслима Құдайбергенқызы, –Папам өзінің академиясына кетеді, таңертең 
екеуміз үйден бірге шығамыз, кешке бірге қайтамыз... Кейде папамның кешкі 
жиналыстары болады академияда. Ондайда ол мені бақшадан алып, 
академияға ертіп келіп, бір бұрышқа отырғызып қояды. Соның арқасында 
мен кішкентай кезімде Ленинград академиясын, оның яфеттік тіл ғылымы 
институтын көрдім. Жер жүзіне атағы белгілі үлкен ғалым Н.Я.Маррды 
көрдім, ол шоқша сақалды, арықша келген шағын кісі еді. Сақалы мен 
шашының ағы мен қарасы тең болғандықтан ба, менің көзіме көкке бояп 
қойғандай көрінетін. Түсі суық, сөйлегені кейіп тұрғандай болып көрінетін 
маған. Содан болар папама: «Сендер бәрің жиналып бір шалдан неге 
қорқасыңдар?» – дейтінмін. Папам маған: «Сен біздің қорқатынымызды 
қайдан білдің десе», мен: «Ол сендерге қатты-қатты ұрсып жатқанда, біреуің 
қарсыласпай, тыныш отырасыңдар, ал ол күлсе, бәрің қосыла күлесіңдер», – 


321 
деймін... Түсі суық болғандықтан, маған ұнамай жүрген Маррдың бір күні 
көзінен жас аққанша күлгенін де көрдім. 
Папам мені бақшадан алып, академияға ертіп келді. Қолыма қағаз, бояу 
қарындаштар беріп бұрыштағы терезенің алдына отырғызып, терезенің күрең 
қызыл қалың пердесімен тасалап қойды. Мен сурет салуға кірістім. 
Басталайын деп жатқан партияның жабық жиналысы екен. Партия 
ұйымының хатшысы жиналысты бастай бергенде, Марр тұрып: «арамызда 
партияда жоқ адам бар, мен бастауға қарсымын»,– десе керек. 
Отырғандар аң-таң болып бір-біріне қарап, ол кім дегендей болады. 
Сонда Марр: «Әне терезенің алдында отыр»,– деп мені көрсетіпті. Сөйтіп, 
жиналыстың алдында бәрі мәз болып күліп алыпты. Мен болсам, 
отырғандардың, әсіресе, Маррдың қатты күлгенін естісем де, маған күліп 
жатқанын сезбей отыра бердім». 
Әкесі ұсталған күн туралы мұңға толы сыры да назар аударуға лайық: « 
...мен төртінші класта оқитынмын. Ноябрьдің он үші күні Асқар туды. 
Папамның қолы тимейтін болғандықтан, көбіне мамама тамақ таситын 
Ақырап екеуміз едік. Асқарға қоятын ат іздеп әуреленетін де біз едік. 
Ноябрьдің он тоғызы күні кешкі төрт-бестерде сабақтан келсем, мамам 
роддомнан шығыпты. Папам жаңа туған Асқар мен мамамды үйге алып 
келіп, өзі ҚазПИ-ге кешкі лекциясына кетіпті. Әжем (мамамның шешесі) 
кухняда үлкен самаурынды қайнатып қойып, папамды күтіп жүр екен. Дәл 
сол күні бізді бақытсыздық күтіп тұрғанын қайдан білейік, папам келісімен 
үйімізге толатын шаттықты, тойды ойлап, қанатымды қомдап, шаттығым 
кеудеме сыймай, ұшып кете жаздап жүрмін. Бір кезде есік қағылды. Мен 
жүгіріп барып есік аштым. Екі адам келіп папамды сұрады, мен жөнімді 
айттым. Сұр киімді екеу менің сөзіме құлақ асқан да, жауап берген де жоқ. 
Ойымда ешнәрсе жоқ, мамамның қасына барып, інімнің бетіне қарап, 
отырып қалдым. Бір кезде басқыштан біреудің көтеріліп келе жатқанын естіп 
жүгіріп шықтым. Осы кезде папамның дем алған дыбысын танып, есіктің 
кілтін бұрай беріп едім, есік алдындағы екі адам білегіме шап беріп 
жабысып, мені кейін серпіп тастады. Тұла бойым дірілдеп кетті. Бұрын- 
соңды білмеген таныс емес сезім пайда болды маған. Сол кезде папам келді. 
Папам кабинетке кірді, екі адам соңынан ерді. Біраз уақыттан соң папам әуелі 
мамамды, содан кейін бәрімізді қасына шақырды. Әлгі келгендердің біреуі 
жазып отыр, біреуі үйді тіміскілеп тінтіп шықты. Папамның партбилеті, 
КазЦИК-тің значогы столда жатыр. Тісіміз-тісімізге тимей қалшылдап 
тұрмыз, бірақ жылаған жоқпыз және ешнәрсені түсініп те тұрған жоқпыз. 
Біздің ішімізде Есет қана: «Папа, мыналар саған не деп тұр?» – деп, даусын 
шығарып жылап жіберді. Папам Есетке жауап беріп: «Бұлар мені жау деп 
тұр, кімнің жау екенін көрерміз!» – деді, аналарға ызғарлана сөйлеп, орыс 
тілінде. «Жау» деген сөздің папама қандай қатысы барын түсінбесем де, 
сартылдап соққан жүрегім мен қалшылдаған денеме ие болар емеспін. 
Папамды алып кетті, біз қала бердік. «Қарап, тексеріп босататын шығар, 
папаларыңның кінәсі жоқ қой»,– деді мамам. 


322 
Біз үміттенеміз. Бір күні үйімізге папамыздан хат келді. Онымен 
кездесу үшін кімге, қалай жолығу қажет екенін, тергеушісінің аты-жөнін
телефонын жазыпты. Қуаныштың шегі жоқ, бұл бір жақсылық деп ойладық. 
Бардық, папамызды көрдік, содан төрт ай бойы жеті сайын көріп тұратын 
болдық. «Ендігі хабар өзімнен болады, бұл араға енді келмеңдер»,– деді 
папам төрт айдан кейін. Бізге ол сол күні бір түрлі қуанышты болып көрінді. 
Ертеңіне Ақырап екеуміз тергеуші Мавлютовтың кабинетіне телефон соқтық. 
Ол Ақыраптың даусын танып: «Папаңа он жылға үкім шығарылды, бір ай 
шамасында өзінен хабар келуі мүмкін»,– деді. 
Қуанып үйге келдік, жазықсыз екенін білсек те, он жылға риза болдық. 
Арада үш күн өтті. Тағы сөйлесіп көрейін деген ой келіп, бұл жолы 
телефонды мен соқтым. Бұрынғы таныс дауыс емес, басқа дауыс бізге ұрсып: 
«Тергеу біткен жоқ, ендігәрі телефон соқпаңдар»,– деп жауап берді. Бар 
көргеніміз осы болып қала бердік. Қайғылы күндер басталып кетті. Біз 
ешкімнің үйіне бұрынғыдай бармаймыз. Бізге көмектескісі келетін бірен-
саран адамдар ұрланып түнде келеді». 
Мүслима он төрт жасында «папамды неге жау деді?» – деген сауал маза 
бермей, жыр шумақтарын жазады: 
«Бұлқынып, жүрек тулап, көне алмай тұр,
«Әкең жау» деген сөзге сене алмай тұр.
Орыны қас пен достың ауысты ма,
Жауабын бала ақылы бере алмай тұр!
Жау деген болмай ма екен жалмауыздай,
Қаскүнем, қара ниет, қаны мұздай.
Адал жанды «жаусың» деп жала жапса,
Ет-жүрек жарылмай ма, сыздай-сыздай!» 
Әкеге деген сағыныш ақ көңілімен, балалық пәк жүрегімен, үлкен 
үмітпен, құдіреті күшті Сталиннің өзіне хат жазуға итермелейді: 
«Қымбатты Иосиф Виссарионович! 
Сіздің балаларды жақсы көретініңізді білгендіктен, шын жүрегіммен 
сырымды ашып, көмек күткелі отырмын. Менің әкемді «жау» деп ұстап 
кетті, бірақ бұл – жала. Маған сеніңіз, мен – пионермін, өтірік айтпаймын. 
Оны босату тек сіздің ғана қолыңыздан келеді. Барлық жақсы адамдарды 
ұстап тауысты. Қазір сағат он екіден асты, мен болсам ұйықтамай, сізге хат 
жазып жылап отырмын, жолдас Сталин, мына сия тамшыларының астында 
менің көзімнің жасы бар, жас кеуіп кететін болғандықтан, әдейі үстіне сия 
тамыздым». «Менің хатым көсемнің қолына тисе, папамды шығарады ғой»,– 
деп ойлаған Мүслиманың үміті мол еді, бірақ ол үміті ақталмады. 
1998 жылы Ақтөбе университетінің алдында әкесінің әдемі ескерткіші 
бой кетергенде Мүслима «Ескеркіш болып келді әкем» деген өлең жазды: 


323 
«Қанатым жоқ ұша алмадым, қалайын,
Тым болмаса қиялыммен шабайын.
Туған жерге ескерткіш боп келді әкем,
Сол орынды ой көзіммен табайын.
Ақтөбеде көшелер бар бағы асқан 
Ұл-қызының есімдері жарасқан. 
Ағайынды Жұбановтар көшесі, 
Мейірім төгіп Әлиямен санасқан. 
Сол бір жерлер көңілге ыстық, арайлы,
Биік үйлі, салтанатты сарайлы.
Менің әкем атындағы ұядан,
Білім алып күнде шәкірт тарайды. 
Көрдім, әне, әкемнің тас денесін,
Тас деймін-ау, тірі десе сенесің.
Көпке қарап, шабыттанып сөйлеп тұр,
Не дер екен тындайықшы кеңесін:
–Армысыздар, аңсап көрген ағайын,
Кейін туған жас ұрпақ қой маңайым,
Культке құрбан болып кеткен атаңмын,
Сол мұңымды өздеріңе шағайын. 
Ақкөңілмін, алданып тым қалыппын,
Көбелек боп отқа түсіп жаныппын.
Бостандық деп таңдап түскен жолымыз,
Есігі екен қап-қараңғы тамұқтың.
Шын бостандық енді ғана келіпті,
Қазақ елі болар деймін көрікті. 
Туар талай Құдайберген бұл елден,
Көңілім бүгін саған анық сеніп тұр. 
Өнер, ғылым, қатар жайсын өркенін,
Жаңа көштің көрсін елім көркемін.
Желбіресін көкшіл туы қазақтың,
Нұрын шашсын шаңырақтан ерке күн». 
Мүслима Құдайбергенқызының ғұмыры нақақтан-нақақ жала жабылып, 
38-ақ жасында өмірі қиылған әкесіне арнаған өксікке толы өлеңдері 2001 
жылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет