Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


«Әке-жыр» атты кітапқа айналса, естеліктері 2009 жылы «Арыс»  баспасынан « Әулет және заман белестері



Pdf көрінісі
бет212/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.
тарих, Practise Test 3 Module 2 TI
«Әке-жыр»
атты кітапқа айналса, естеліктері 2009 жылы «Арыс» 
баспасынан «
Әулет және заман белестері
» атты эссе-кітап түрінде жарық 


324 
көрді. Автордың қаламы қолынан өмірінің соңына дейін түскен емес. Өзі 
ауырып, төсек тартып жатса да, осы екі дүниені тағы бір рет ой елегінен 
өткізіп, «
Жұбановтар әулеті және заман белестері»
атты
 
кітапқа жинақтап 
берді. Өкініштісі – Мүслима Құдайбергенқызына бұл кітаптың шығуын 
көруге тағдыр жазбапты...
Кітапта қазақ ғылымы мен өнерінің жарқын жұлдыздары Құдайберген мен 
Ахмет Жұбановтардың өмірбаяны жан-жақты ашылып, біртуар тұлғалардың 
ел үшін еткен еңбектері нақты дәйектеледі. Тектілерден тараған тұғырлы 
тұлғалар тартқан тауқыметті тебіренбей оқу мүмкін емес. Естелік-кітаптан 
бір әулеттің өмір тарихымен танысып қана қоймай, сол дәуірдегі бүкіл қазақ 
елінің басынан өткен қиындыққа куә боласыз. 
Еңбектің алғы сөзін жазған академик Рабиға Сыздық «Автордың естелігі 
Құдекең мен Ахаңның қызы, туысы болғандықтан, олар туралы өзгелер көп 
біле бермейтін қырлары мен сырларын қалай жеткізгендігімен, 
шыншылдығымен өте құнды», – деп бағалай келе, автор туралы: «Мүслима 
Жұбанова – қаламы бар, яғни жазушылық, ақындық, суреткерлік дарыны бар 
педагог. Оның ақындық таланты сүйсінуге тұрарлықтай, ол адам портретін 
таныта білетін журналистік пе, жазушылық па, әйтеуір, проза дүниесіне де 
әдемі бара алатын дарын иесі екен (әрине ғылыми, педагогикалық еңбектері 
мен оқулықтарын, әдістемелік туындыларын былай қойғанда)», – деген 
лебізін білдіреді (156, 3-4). Автордың көркемдік шеберлігімен қатар, әкесіне, 
ағасына, іні-сіңлілері мен жақындарына қатысты әр кезеңдегі оқиғаларды 
есіне қалтқысыз сақтап, шынайы суреттегендігіне таңданбасқа шараңыз 
қалмайды. 
Кітаптың «Қилы заман, қиялы жолдар» деп аталатын бірінші бөлімі 
автордың Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына 
арналған конференцияда бір жағынан қуана, бір жағынан қамыға отырып, 
сахна төріне ілінген әке суретімен «іштей тілдесуімен» басталады: «Папа, – 
дедім мен күбірлеп.
– Сен кеткенде бәріміз жас едік қой, балаларыңды таныдың ба?...» – деп 
езіле іштей сұрақ тастайды да, әке әулетінен тараған ұрпақтың – балалары 
мен немере, шөберелерінің ғылым, өнер жолындағы жетістіктерін 
мақтанышпен жеткізеді.
Естеліктің екінші бөліміне топтастырылған автордың қаламынан туған 
жырлардың негізгі тақырыбы – қуғын-сүргін құрбаны болған, қазақтың 
біртуар ұлы, профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың (1899-1938) 
тұлғасын ашар перзенттік сағыныш. 
Еңбектің «Ұшқан ұядан ән-күй сапарына» деп аталатын бөлімі, негізінен, 
академик Ахмет Жұбановтың қазақ өнеріне сіңірген еңбегі мен өзіндік 
тұлғасын танытуға арналған. 
Кітаптың соңғы сөзі ретіндегі «Жапырақ жайған бәйшешек» атты 
бөлімдегі мына жолдарға ой жүгіртпей кете алмайсыз: «Өнер – адам 
баласының бойындағы ұлы қасиет. Өнерлі болу үшін адамға табиғаттан 
берілген дарын керек. Дарынды адамға дұрыс бағыт беріп тәрбиелесе, 


325 
өнерінің өсіп-өркендеуіне жағдай туғызса, ол жұлдыздай жарқырайды. 
Жұлдыз көзге тез шалынады. Оны халық болып құрметке бөлейді» (156, 235). 
Шынында да, кітапты терең толғаныспен оқи отырып, тамыры терең 
тектіліктен нәр алған табиғи дарын иелері – Жұбановтар әулеті жұлдыз 
сияқты жарқырай беретініне бек сенесіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет