Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет223/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.
тарих, Practise Test 3 Module 2 TI
Зейінді шәкірт еді ол 
Октябрь таңы атқанға дейінгі азда болса оқыған азаматтардың ол 
кездегі мақсаты қараңғылық пен надандық торына шырмалған аяулы халқын 
білім мен мәдениетке тартып, өнегелі өмірге баулу еді. 
1911 жылы Уфадағы медресе «Ғалияны» бітіріп қайтқаннан кейін білім 
нәріне шөлдеген қазақ жастарының көзін ашуды өзіме мақсат еттім. Сол 
кездегі бастаған сүйікті қызметіммен 1955 жылы қоштастым. Осы өткен 44 
жыл жас буынды тәрбиелеу жұмысында менін, алдымнан көптеген дарынды 
жастар өтті. Міне, сол жастардың ішінде артына өлмес мұра қалдырған 
Құдайберген де болды. 
Ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған шым мектепке 
келіп-кетіп жүрген санаулы жастардың ішінен ұяң мінезді, қараша бала асқан 
зейінді ұғымталдығымен сол кезден-ақ көзге түсті. Сол жылдардың өзінде 
Құдайберген орыс тіліне сонша құмар еді. Сондықтан болар, ол сол кездегі 
Орқаштың бір кластық орыс мектебінің мұғалімі Ашығалиев Құсайыннан 
сабақ алып жүрді. Осы кезден бастап Құдайберген Жұрында, Күйік 
қаласында, Орынборда оқып, білім шыңына қарай өрлей берді. 
Жас кезінен бастап-ақ Құдайберген әдебиет пен көркем өнерге бейім 
болды. Ауыл арасындағы ескінің қалдықтарын, қожа-молдаларды мазақ етіп, 
қысқа-қысқа өлеңдер жазатын. 
Сол кездегі оқыған қазақ жастарының бір дәстүрі қолжазбамен газет, 
журналдар шығаратын-ды. 
Құдайберген Күйік қаласында оқып жүрген кезінде «Тез» атты 
қолжазба журнал шығарды. Журналдың атын «Тез» қою себебі халық 


360 
арасындағы ескі қалдықтарды тезге салып түзету еді. Сол журналда 
Құдайбергеннің «Ит әулие», Жиенғали Тілепбергеновтің «Намазға» және 
менің «Жазықсыз жандар» атты қысқа әңгімелеріміз шыққан-ды. 
Құдайберген сурет өнеріне де өте шебер болды. Ол майлы бояумен, 
қарындашпен, тіпті көмірмен де әдемі суреттер сала беретін. Ол суретпен 
қатар ою жұмыстарымен де айналысты. Ағашқа, тасқа небір тамаша оюлар 
салатын. 
Жұртшылығымызға мәлім, Құдайберген отызыншы жылдарда ғалым 
ретінде қазақ тілінің грамматикасымен айналысты. Бұл кезде ол өзінің 
жұмысы жөнінде маған хабарлап тұрды. Кейін ол өзі жазған тұңғыш 
монографиялық зерттеуінің бір данасың маған ескерткішке жолдап, 
«Ұстазыма сыйға тартамын» деп жазыпты. 
Мен ұзақ ұстаздық өмірімдегі бір жарқын бет Жұбановтарға қалам 
ұстатып, қара танытқан кезім деп білемін. Кейінгі шәкірттеріме де осы қос 
ғұламаны қасиетті мінез-құлықтары, зеректігі жөнінде айтып, үлгіге ұсынып 
отырдым. Ал Жұбановтарға ұстаздық еткенімді өзім мақтаныш етемін. 
О.Алпанов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет