СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ Көркемдікті көздеген көреген көз (Қ.Жұбановтың әдебиет, өнер саласындағы еңбектері жайында) 1. Қ.Жұбановтың«Абай – қазақ әдебиетінің классигі»атты мақаласы хақында Профессор Қ.Жұбановты зиялы қауым болсын, жалпы көпшілік болсын
негізінен тіл білімінің негізін қалаушы лингвист ғалымдардың бірі ретінде
танитындығы ақиқат. Алайда тілдің деңгейлік салаларын бір-бірінен жеке-
бөлек алып қарастырып қана қоймай, оларды тұтастық ретінде зерделеген
білімпаз тілмен бірген ұлттың негізгі белгілері болып табылатын әдебиет,
мәдениет, өнер салаларында да алғашқылардың бірі болып қалам тартқан.
Мысалы, өткен ғасырдың 30-жылдарында Абай шығармашылығын әр алуан
талқыға салып, оны байшыл, кертартпа ақын, феодализм жаршысы деп
сілікпелеп жатқан заманда «Әдебиет майданы» журналының 1934 жылғы 11-
12 нөмірлерінде Қ.Жұбановтың