ды салыстыру арқылы ғана емес, осы күнгі қазақ тілінің фонетикалық,
грамматикалық материалдарын, қазіргі
башқұрт, өзбек, татар т. б.
түбірі бір тілдердің деректе
рімен салыстырып талдайтынын айтты.
Ноябрьдің орта кезінде, бір күні кезекті лекциясына келеді деп күтіп
отыр едік, деканаттан бір кісі келіп: «Жұбановтың лекциясы бүгін
болмайды», – деді. Сол күні проф. Жұбановтың аса жұмыс басты адам екенін
білетін мен жоғары мектептердің біріне мәжіліске кеткен шығар деп ойлаған
едім. Ертеңінде «Жұбанов ұсталып кетіпті» деген суық хабар естідік. Ол
кезде «неге ұсталыпты» деген сияқты сұрауларды жұрт бір-біріне қоюдан
қорқатын, қоя алмаушы еді.
Осыдан кейін біз проф. Жұбановтың жарқын жүзін де көрмедік, мәнді,
сазды үнін де естімедік...
Соңынан «Қазақ тілінің тарихы» атты курстың өзін де, сол курс туралы
да институтты бітіргенше ешбір сөз естімедік. Проф. Жұбанов жоғарыда
оқып, тоқтаған лекциялардан кейін, енді сол тарихи курстың бұдан былайғы
желісі қандай болады, тарихи фонетикадан, я тарихи грамматикадан
басталып жүргізіле ме немесе қазақ әдеби тілінің мәселелерін баяндаудан
бастала ма, – ол жағы бізге беймәлім болып қала берді.
Расын айтсам, мені қазақ тілін жете білуге, зерттеуге, осы салаға
мамандануға жетелеген, тіл біліміне баруыма жол ашқан – ардақты ақылгөй
аға, білгір, ұлағатты ұстаз – Құдайберген Жұбанов болды.
Р.Казиев