400
Қ.Жұбановтың Абай поэтикасын зерттеу еңбегінің қазақ әдебиетін мектепте
оқытуға тигізген шарапаты өз алдына бір бөлек. Педагог-ғалымның бұл
еңбегі қазақ әдебиеттану, абайтану ғылымының іргетасын қаласқан еңбек
болуымен қатар, әдебиетті оқытудың ғылыми методикасының негізін салуға
себін тигізген құнды зерттеу еді.
Профессор Қ.Жұбанов түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетіміз,
соның ішінде халық ағарту ісі тек жоғары дәрежелі оқу орындары мен
ғылыми-зерттеу мекемелері өркен жайғанда ғана өрге баса алады деп білді.
«Мұнсыз, әрине, ұлттық мәдениеттің дамуы мүмкін емес», – деп түйді. Ол
Қазакстанда ғылымның, соның ішінде педагогикалық ғылымның дамуына,
өркендеуіне, мұғалімдер мен ғылыми кадрлар дайындауға айтарлықтай үлес
қосты. Оның талантты көптеген шәкірттері қазір халық-ағарту саласында,
ғылым жолында еңбек етіп жүр. Педагогика саласындағы ірі ғалым
Т.Ақшолақов: «Профессор Қ.Жұбанов 36 жасында бізге егде адам сияқты еді.
Алпыстың асқарынан асқандай көрінетін. Шашы бұп-бурыл: кейін бақсақ сол
қылаң тартқан әр тал шаш елі үшін тебіренткен, толғанған жүрек, жігер, ой
көрінісі екен. Мазасыз ізденіс үстінде өткізген әр күн, әр түн іздері екен.
Байқасақ ол жасымен емес, жасағанымен, жасамағанымен де егде екен. Ол
білгенімен де, білмекке ұмтылуымен де биік екен», – дейді. Шынында да
солай.
Д.Байқадамова
Достарыңызбен бөлісу: