410
Біздің талабымызға сол кездегі білімді деген, көзі ашық, көкірегі ояу
Алтынсарин мектептерінен өткен мұғалімдер іріктеліп алынған екен.
Солардың ішінде Құдайберген, «Кедей» газетінің редакторлары Кенжеғали
Абдуллин, Жиенғали Тілепбергенов, Ырғыздан үш оқытушы бар екен.
Техникумның оқу үйі Некрасов көшесіндегі планерияның жанындағы,
қазіргі 5-балалар бақшасына орналасқан. Оның екі бөлмесінде Құдайберген
семьясымен тұрады. Ақырап деген баласы сонда туды.
Құдайберген сабырлы, майда тілмен мағыналы сөйлейтін ұстаз еді. Ол
көбінесе өздігінен оқып, білімін толықтыратын адам болатын.
Мұғалімдеріміз қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын. Сол кезде
Ленинградта оқып жүрген інісі Ахмет техникумда орыстың сым аспаптары
оркестрін ұйымдастырып, бірқатар оқытушылар балалайка, мандолин,
гитара, скрипка аспаптарын үйренді, концерттерге қатынасты. Бұл орыс
музыка мәдениетін білуге жасалған алғашқы қадам еді.
Мұғалімдеріміздің басқаруымен «Мәдениет жорығы» қорына арнап,
концерт, спектакль қоятынбыз. «Еңлік-Кебек», «Арқалық батыр», «Сегіз бен
Мақпал» пьесаларын қойдық. Бас рольдерде аталас қарындасым Шарипа
Жүзбайқызы Өтебаева (қазір Алматыда) ойнайтын.
«Жақсыдан – шарапат» дегендей, ұстаздарымыздың үлгі-өнегесі әсер
еткен болу керек, техникумның бірінші кезегін ойдағыдай бітірдік.
Ол кезде ана тілін жақсы білетін жастар аздықтан біздерді әр салада
қызмет істеуге жіберетін. Мен және бірнеше жолдастарым газет шығаруға
мамандануым қажет болды. Педтехникумды бірінші болып бітірген Қазыбек
Әзірмәмбетов, Хамит Құрмашев, Бисембай Ералин аудандық газеттердің
редакторы, Ғұмар Аққұлов кейіннен республикалык «Социалистік
Қазақстан» газетінің редакторы, Мұса Дінішев «Мәдениет және тұрмыс»
журналының редакторы, Ғабдыр Салықов, Сабыр Ильясов, Ерекеш Бірманов
республикалық жастар газеттерінде істеді. Алғашқы басшы, партия, совет
қызметкерлерінің де ұшқан ұясы Ақтөбе педтехникумы болатын.
1940-60 жылдары мен Құдайбергеннің туған жері Жұрын ауданында
партия комитетінің бірінші секретары, онан кейін басқа қызметте болдым.
Құдайбергеннің туған аулы бұрынғы «Жаңа тұрмыс» колхозы еді. Аудан
орталығындағы қазақ орта мектебі Құдайбергеннің есімімен аталады.
Жақсының аты өлмейді
Достарыңызбен бөлісу: