91
жалғыз қазақ тілінен емес, латын, орыс, неміс, ағылшын тілдерінен мол-мол
мысалдар алып, салыстыра зерттемек болады. Бірақ, өкінішке орай, бұл
материал да, Қ.Жұбановтың көптеген құнды еңбектері сияқты, әрі аяқталмай,
әрі автордың өз қолымен өңделмей, «черновик» күйінде қалып қойған.
Әйтпесе жоғарғы аталған тілдердің бірқатарын жақсы меңгерген ғалым осы
тілдердегі көріністерді салыстыра зерттей отырып, түбірлер бірігуінің жалпы
тілдік теориясын (заңдылығын) айтқан болар еді» (4, 46).
Профессор Б.Қасым ғалым еңбектерін талдай отырып: «Қазақ тіл
білімінде күрделі сөзге тұңғыш ғылыми дәйектеме берген профессор
Қ.Жұбанов болды. Ғалым күрделі сөздер қанша сөзден біріксе де, кіріксе де
тұтас бір мағынаны білдіреді, бір ғана заттың атауы болатындығын айтады.
Күрделі сөздердің мәртебесін анықтаудың теориялық та, практикалық та мәні
зор екенін тани біліп, олардың жасалу заңдылықтарын анықтау және оларды
іштей саралап бөлу мәселелерін сол кездің өзінде күн тәртібіне қоя білді.
Алайда, осы өзекті мәселе әлі де шешімін тапты деу қиын. Ондай кемшілікті
ғылыми еңбектерден де, оқулықтардан да, терминологиялық сөздіктерде де
(екі тілді салалық сөздіктер) тіпті, күнделікті баспасөз, ақпарат құралдарынан
да байқауға болады. Мәселен,
атажұрт, атақоныс, атамекен
т.б. күрделі
сөздердің түсіндірме
сөздікте, орфографиялық сөздікте, күнделікті баспасөз
беттерінде әртүрлі берілуінің өзі – осы мәселеленің қиын да өзекті екендігіне
дәлел. Қ.Жұбанов біріккен сөздерді екі топқа бөліп, түбір тұлғасын сақтап
біріккен сөздер және дыбыстық өзгеріске ұшырап барып біріккен сөздер деп
қарастырады. Ғалымның бұл айтқан пікірлері
қазақ лингвистикасында
сөзжасамның түрлі бағытта дамуына өз үлесін қосқаны анық. Әсіресе,
сөзжасамның үлкен саласы күрделі сөздердің қалыптасуына, дамуына, оның
заңдылықтарының бір ізге түсуіне себебін тигізді», – деген қорытынды
жасайды (21, 345).
Г.Қосымова
Қ.Жұбановтың
күрделі
сөздерге
қатысты
ой-
пайымдаулары туралы былай деп жазады: «Сөз тұлғаларының ең күрделі түрі
– күрделі сөздер жайлы түсінік беріп, күрделі сөздердің іштей
грамматикалық мағына тудыратын түрлері мен лексикалық мағына білдіретін
түрлерінің өзара жігін айқындап берген уәжі аса білгірліктен туындаған.
Мысалы, қос сөздер құрамындағы компоненттер қайталанып келгенде тек
грамматикалық мағына ғана (көптік мағынасы) болады да, қосарланып
жұмсалғанда лексикалық мағына болатынын ақыл көзімен анықтады» (37,
38).
Қазіргі қолданыстағы түбір сөздерді Қ.Жұбанов «түбір» не «түп
бөлшек» деп атаймыз дейді. Ғалым «қосымшалы сөз» деген терминді тек
туынды түбірлерге ғана қатысты қолданбаған. Жалғау жалғанған сөздерді де
«қосымшалы сөз» терминімен атаған. Мысалы: «көлшік» те, «көлде» деген
сөз де – қосымшалы сөздер. Алайда бұдан Қ.Жұбанов туынды сөздерді сөз
формаларынан ажыратып көрсетпеген деген түсінік тумау керек.
Бұған
ғалымның «
түбір негізді – түп негіз дейміз, үстеулі негізді – туынды негіз