-рақ/-рек қосымшасыменқатар -
лау/-леу жұрнағы арқылы да жасалынатынын алғаш
көрсеткен ғалым – Қ.Жұбанов. Ғалымның ойлары кейінгі грамматикалар мен
оқулықтарда сабақтастық тапқан. І.Кеңесбаев, С.Аманжолов. Ғ.Бегалиев,
Н.Cауранбаев еңбектерінде де салыстырмалы шырай көрсеткіштері ретінде
- рақ/-рек жұрнақтарымен бірге
-лау/-леу қосымшасы да беріледі.
Қ.Жұбанов өзіне дейінгі еңбектерде сөз тудырушы қосымшалар ретінде
танылып жүрген
-ғыл‚ -ғылт(-ым), -шыл‚ -ша т.б. жұрнақтары мен -
ақ демеулігін де шырай көрсеткіштері ретінде келтіреді.
-ақ демеулігін таңдаулы шырай көрсеткіші деп тануы жағынан да
І.Кеңесбаев, С.Аманжолов еңбектері мен Қ.Жұбанов тұжырымдары өзара
сабақтас. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде бұл демеулік шырай
көрсеткіштері қатарында берілмейді. Бұл орайда ғалымдар
-ақ демеулігінің
үнемі таңдаулы шырай мәнінде қолданыла алмайтынын, кейде шектеу (
өзі- ақ, жалғыз-ақ ) мәнінде де т.б. жұмсалатынын, кез келген сын есімге тіркесе
алмайтынын ескерген болуы керек. Қ.Жұбанов 6 түрлі шырайды көрсетсе,
С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Cауранбаев 3 түрлі шырайды
көрсетеді.
С.Е.Малов ұйғыр жазбаларында, Манихей ескерткіштерінде -
рақ/-рек грамматикалық көрсеткіші кездесетінін айтса, М.Томанов