Ұлы даланың жеті қыры


Ұлы даладағы ежелгі металлургия



бет2/4
Дата03.09.2024
өлшемі0,78 Mb.
#203814
1   2   3   4

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

Металл өндірудің амал-тәсілдерін та­бу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адам­зат дамуының барысын түбегейлі өз­гертті. Сан алуан металл кендеріне бай қа­зақ жері – металлургия пайда болған ал­ғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі за­манда-ақ Қазақстанның Орталық, Сол­түстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда бо­лып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым бе­рік металдар өндіру ісін дамытып, олар­дың жедел технологиялық ілге­рі­леуі­не жол ашты. Қазба жұмыстары ба­ры­сында табылған металл қорытатын пеш­тер мен қолдан жасалған әшекей бұйым­дары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық зат­тары мен қару-жарақтары бұл туралы те­реңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежел­гі замандарда біздің жеріміздегі дала өр­кениеті технологиялық тұрғыдан қан­шалықты қарқынды дамығанын көр­се­теді.

3. Аң стилі

  • Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ор­та­мен етене өмір сүріп, өздерін таби­ғат­тың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл бас­ты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы ме­кен­деген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақ­стан­ның ежелгі тұрғындарының озық мә­де­ние­ті болды. Олардың мұрасының жарқын көрі­ні­сі, көркем болмысы мен рухани бай­лы­ғы­ның айшықты белгісі – «аң стилі өне­рі». Жануарлар бейнесін тұрмыста пай­далану адам мен табиғаттың өзара бай­­ланысының символына баланып, көш­пенділердің рухани бағдарын айқын­дап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мы­сық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қол­данған. Егемен Қазақстанның сим­вол­дарының бірі – жергілікті жануарлар әле­мінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың ай­рықша жоғары өндірістік тәжірибесі бол­ғанын көрсетеді. Олар оюлап кес­кін­деуді, металмен жұмыс істеудің тех­никасын, соның ішінде, мыс пен қоладан бал­қымалар жасаудың және құймалар құю­дың, жайма алтын дайындаудың күр­делі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнер­дегі биік белестердің бірі саналады.
  • 4. Алтын адам
  • Біздің түп-тамырымызға жаңаша көз­қа­распен қарауға жол ашып, әлемдік ғы­­лым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қор­ға­ны­нан табылған, өнертанушы ғалымдар ара­сында «қазақстандық Тутанхамон» де­ген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құ­пия­ның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен там­сандыратын аса жоғары деңгейдегі көр­кем дүниелер жасаған. Жауынгердің ал­тынмен апталған киімдері ежелгі ше­берлердің алтын өңдеу техникасын жақ­сы меңгергенін аңғартады. Сонымен бір­ге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлық­тап, оның мәртебесін күн секілді құ­ді­рет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қо­рымдағы сән-салтанатты жасау-жаб­дық­тар ежелгі бабаларымыздың зият­кер­лік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауын­гердің жанынан табылған күміс ке­селердің бірінде ойып жазылған таң­балар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет