Ұлы даланың КӨне қаласы сығанақ Орындаған



бет4/8
Дата08.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#120815
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мақсат А ғылыми жұмыс Cығанақ

Зерттеудің мақсаты: Көне Сығанақ қаласының тарихын насихаттау арқылы тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауға әрі көркейтуге үлес қосу.
Зерттеудің міндеттері:

  • Көне Сығанақ қаласының тарихына зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • Тарих пен мәдениет ескерткіштерінің археологиялық қазбаларымен танысу;

  • Сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге пікір білдіру;

  • «Қасиетті Қазақстан» жобасы - туризмді көркейтудің қайнар көзі ретінде ұсынылған жоба аясында өзіндік идеяларымен таныстыру, ұсыну.

Зерттеу әдістері.
Ғылыми жобада жүйелі-кешенді, салыстырмалы-тарихи, тарихи-әдеби объективті талдау әдістері пайдаланылды.

II. Зерттеу бөлімі


2.1. Қазақстанның 100 сакралды орындары тізіміне енген орта ғасырлық қалалардың бірі көне Сығанаққа жалпы шолу

Тарихта Сығанақ қаласы қазақтың алғашқы мемлекеті – Ақ Орданың астанасы болған. Қала 982 жылы салынған деген дерек «Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб» («Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары») атты еңбекте «Сунақ» атауымен алғаш белгілі болды. «Сығанақ» атауы ежелгі түрікше «Қамал, қорған» деген мағынаны білдіреді. Хорезм шах (1127-1154жж.) және Ала ад-Дин Мухаммед дінсіздерді (Мұсылман деректерінде Сығанақ ХІІ ғ. соңы ХІІІ ғ. басында әлі де мұсылман дінін қабылдай қоймаған, Тәңірге табынған көшпенді қыпшақ хандығының шығыс астанасы болатын) бағындару үшін Сығанаққа бірнеше дүркін жойқын жорықтар жасап, ақыры Сығанақ билеушісімен бейбіт келісімге келді. Нәтижесінде Сығанақ Шығыс қыпшақ даласындағы гүлденген қалалардың біріне айналды. «Худуд-аль-Аламда» Сығанақ диірменінде тартылған ұн әлемнің шартарабына таратылатыны туралы жазылған [3].


Ескі Сығанақ қаласы Сунақ - Ата елді мекенінен бір шақырым солтүстігінде орналасқан. Оның жобасы бес бұрышты формадан тұратын төмпешік. Ұзындығы солтүстіктен – 275 метр, солтүстік батыс жағының ұзындығы – 175 метр, оңтүстік – батыс жағының ұзындығы – 190 метр, оңтүстіктен – 175 метр, оңтүстік – шығыс жағының ұзындығы – 320 метр. Оңтүстік – шығыс бетінің сол жағында кіреберісінің орыны сақталған. Үйіндінің биіктігі - 6-7 метрге жетеді, үйіндінің үстінен 1,5 метрге көтерілген 15 күмбездің орыны төбешіктер түрінде сақталған. Сығанақ қаласы мемлекетіміздің аса құнды, тарихи маңызы зор ескерткіштердің бірі.



Сурет 1 -2. Ежелгі Сығанақ қалашығы
Бұрын Сырдария Қызылқұм арқылы аққандықтан, Сығанааққа су Арыстан тартылған. Ол арықты қазуға он мың адам қатысып, сол себепті ол Түмен аталыпты – мыс [4].
«Төменінен арықпен байланысатын терең ор қазылған, оның ізі қамалдың су мен оның тұрғындарына молшылықпен жеміс әкеліп тұрған» - дей отырып , бұл жерде сексеуіл, тікенек шөптердің өсетінің , керуеншілер құдық маңында дем алып, сусын басатының, оның барлық көшпелілерге мәлім екендігін жазады.
Түркістан аймағының картасында Сығанақ Түменарықтан 10 шақырымдай жерден Сунаққорған деген атпен көрсетілген. Осы атау бірқатар тарихи-ғылыми жазбалаларға да түскен. Олай болса Сунақ-ата - қаланың кейінгі атауы. Осыған жуық ойды Каллаур да айтқан [5].
Сығанақ қаласын зерттеу 1867 жылы басталды. Сол жылы археолог П.И.Лерх келіп көріп, ол туралы «Түркістан өлкесіне археологиялық саяхат» деген еңбегін жазады.Археолог В.Каллаур 1899 жылыСунақ қаласына зерттеу жүргізеді.Ссйтіп ол: Сунақ –атада күйдірілген кірпіштерден соғылған, көлемі кен құрлысты анықтайды.Оның үш бірдей кірер есігі бар, биіктігі 8 кез, бөлмесінің ұзындығы 15 кез деп жазады [6].



Сурет 3 -6. Ежелгі Сығанақ қалашығының орны

Сунақ қаласы мен Сығанақ қаласының атаулары бір-бірімен тығыз байланысты. Кейбір деректерде «Сунақ қаласының астанасы Ақ Орда» деп жазылған. «Сунақ, Сығнақ деген сөздер жоқ, сол себепті ғалымдар өзара келісіп Сығанақ деп атаған.» Бірде Сунақ, бірде Сығанақ деген атаумен батыс және шығыс жазбаларынан да кездеседі.


Сунақ атуын ең алғаш X ғасырда есімі белгісіз парсы саяхатшысының қолжазбасынан тапқан Якубовский болатын.
1927 жылы жазда арнайы тапсырмамен келген ғалым А.Ю.Якубовский қаланың орнын және төңірегін біраз аралап, қажетті жерлері мен қаланың қираған орнын суретке түсіреді. Сол зерттеудің нәтижесінде «Талқандалған Сығанақ» атты көлемді еңбек жазады. Ол бұлай деп жазады: «Сығанақ тексауда орталығы болып қоймай, ол енді қыпшақтардан әскери және саяси орталығына айналады» - дейді.
Спасскийдің «Книга большего Чертежа» кітабында Сунақты Қаратау бөктеріндегі қала деп тоқтаған.Ал, Қашқари «Диуани лұғататтүрік» еңбегінде оғыз елінің қаласы деп жазады. Қаланың аты араб жазба деректерінде х ғасырдан бастап белгілі бола бастайды [7].
Хорезмдік Әбілғазы-Баһадүр хан «Шежіре и түркі» деген кітабында Сунақты Жошы хан жаулап халқын тегіс қырып қаланы жермен жексен етіп қиратқан деп жазады.
Сығанақ қаласы кезінде мәдениеті өркендеп, өнері дамып білім ордасына айналған үлкен кітапханасы болған ғұламалар шыққан киелі жер. Қалада наным-сенімді білдіретін мешіт-медресесі, шығыс моншаларының орындары,хан-сұлтандардың үй-жайлары елшіліктер қабылдайтын қоғамдық құрылыс жүйелері, қыш-құмыра жасайтын шеберханалар т.б. орындар табылған. Қазба жұмысы кезінде ішінен құрылыс кірпіштері, бояулар, жоғарғы жағынан сынған құмыра, майшам ұршық басы, сыртқы қорған ішінен жас адамның сүйегі табылады.
«Орта ғасырдағы Сығанақтың саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан байтақ базарын, қала құрылысын, үйлерін, толығырақ жазған ғалымдар Шараффуддин Иазди, Фазулулла Ибн Рузбихан, – деп жазады академик Әлкей Марғұлан. – Бұлардың баяндауынша, Сығанақ қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған шаһар. Ескі дәуірлерде ол өте гүлденіп тұрған үлкен қаланың бірі болған. Бұл өлкенің жер байлығы елінің әдеп, мәдениеті көзге ерекше түскен. Сәулетті салынған шаһардың халқы да көп болған. Қаланың базарында күн сайын 500 түйеге артылған тауар сатылып отырған. Оның маңайы толған егіндік, бақша, арық, тоған еді. Бұл қалаға Арқадан (Дешті Қыпшақ), Хажы – Тархан (Астрахань) жағынан қаншама бай дүние келетін, олардың ішінде мыңдаған қой, топталған жылқы, түйе, қымбат ішіктер, тондар, қару-жарақ, қайыңның безінен жасалған жебелер, жібек маталар болатын [8].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет