Қызылорда облысы білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КӨНЕ ҚАЛАСЫ - СЫҒАНАҚ
Орындаған: Мақсат Айдана Асхатқызы
ОТР-21 1-курс студенті
Ғылыми
жетекшісі: «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары
колледжінің» КМҚК аға оқытушысы Биман Дарын
Қызылорда қаласы, 2021жыл
Қызылорда облысы білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің» КМҚК
ОТР-21 1-курс студенті Мақсат Айдана Асхатқызының «Ұлы даланың көне қаласы - Сығанақ» атты ғылыми зерттеу жұмысына
П І К І Р
Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Сыр өңірі - астаналар ордасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық ғылыми жобалар байқауына ұсынылып отырған Мақсат Айдананың «Ұлы даланың көне қаласы - Сығанақ» атты ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы қазіргі таңда өзекті болып отыр, ғасырлар бойы ірі саяси орталық ретінде өшпес із қалдырған осынау көне шаһар әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет етеді.
Бүгінде Сығанақ тарихи мәні жоғары орындардың бірі болып саналады. Қазақ халқының Ақ Орда, Қазақ хандығының астанасы – Сығанақ қаласы Түркістан қаласының тарихымен ұқсас. Сондықтан осы өңірде туризмді дамытып, туған өңіріміздің тарихын, рухын елге паш етіп, оны кейінгі ұрпаққа насихаттап, тарихтан сыр шертер көне жәдігерлерімізді халық игілігіне ұсыну, көмулі жатқан тарихымыздың құпиясын ашып, өз ұрпақтарымызға аманат етіп көрсету – баршамыздың міндетіміз әрі борышымыз.
Қазақстанның 100 сакралды орындары тізіміне енген орта ғасырлық қалалардың бірі көне Сығанаққа жалпы шолу жасап, онда жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелерін зерттеп, тарихи мәліметтерді, деректерді автор тиімді жинақтап, пайдалана білген. Айдананың зерттеу жұмысы кезінде тек деректерге сүйеніп қана қоймай, көптеген әдебиеттерді пайдалана отырып, тақырыптың мазмұнын аша білген. Автор Сығанақ қаласы жайында жұмыс барысында көп ізденгені байқалады. Зерттеу жұмысын толықтыру мақсатында, зерттеуші Сығанақ қаласының орнына барып, ондағы қаланың құрылысымен танысып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің PHD докторы, доцент кандидатын атқарушы Сыздықов Бақдаулет Сапарбайұлымен сұхбат жүргізіп, көптеген құнды мәліметтер алып, сурет, бейнематериалдар түсірген.
Жұмыс практикалық жағынан құнды, теориялық маңызы жоғары деп есептеймін. Студенттің жұмысы мазмұны мен көлемі жағынан қойылатын талаптарға сай, жалғастыруға тұрарлық. Мақсат Айдананың ғылыми жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |