«Ұлы Даланың ұлтаралық тілі»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі»
Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеттері:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатын өткізу әдісі; Әңгіме, сұрақ — жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ — жауап айдарына берейік. Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын. Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.
Оқушыларға сұрақтар қою.
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар? ( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан? (30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім? (Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады? (27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол. (Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР — ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР — ның астанасы қай қала? Астана
18. Әл — Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)
Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу.
Тіл туралы мақал - мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса…..(бас жарады)
2. Бал тамған тілден…(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты…(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -…(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз…(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің…( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман…( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,… ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз…(желмен тең)
10. Тіл қылыштан… (өткір)
11. Піл көтермегенді,…(тіл көтереді)
12. Тілден артық…(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі…(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы… ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең…(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -…( атылған оқ)
18. Жылы — жылы сөйлесең, жылан…(інінен шығады)
19. Басқа пәле -…(тілден)
20. Білім кілті -… (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.
31.08.2023ж
ДОІЖО Б.Ж.Бертанның анықтамасы
2023-2024 оқу жылында мектебімізде 101 сынып 2399 оқушы қозғалыс бойынша титул тізіміне алынды.Жалпы орта балл 23,7
Оның 79 қазақ сынып (1886 оқушы),22 орыс сынып (513оқушы)
Биылғы 1 сыныпқа жалпы 208 оқушы қабылданды.Жалпы 9 сынып болды.
Оның 7 қазақ сыныбы 163 оқушы
Оның 2 орыс сыныбы 45 оқушы
Жалпы 10 сыныпқа 123 оқушы таңдау бағыттары бойынша ата-анасының және өз өтініштері негізінде қабылданды.
Жаратылыстану бағыты бойынша 2 сынып (50 оқушы)
Гуманитарлық бағыты бойынша 3 сынып (59 оқушы)
Жаратылыстану бағыты бойынша 1 сынып(14 оқушы орыс сыныбы)
1сынып 9/208 оқушы
2сынып 11/274 оқушы
3 сынып 10/233 оқушы
4 сынып 11/262 оқушы
5 сынып 9/234 оқушы
6 сынып 11/259 оқушы
7 сынып 12/278 оқушы
8 сынып 9/221 оқушы
9 сынып 8/199 оқушы
10 сынып 6/123 оқушы
11 сынып 5/108 оқушы
1-4 сыныптар 41/977 оқушы
5-9 сыныптар 49/1191 оқушы
10-11 сыныптар 11/231 оқушы
Мад тобына жалпы саны 127 бала қабылданды.
(5 қазақ/106 оқушы,1 орыс 21 оқушы)
Үйде оқыту бойынша арнайы ПМПК қорытындысы негізінде 33 оқушыдан құжат қабылданды.
1-4 арасында 16 құжат
5-9 арасында 17 құжат тапсырылды.
Бір реттік көрсетілетін әлеуметтік көмекке 921 оқушы құжат өткізді.
Ыстық тамақ ішетін оқушы саны 1525 оқушы.
Бастауыш әкімшілік тарапынан 604 оқушы
Үкіметтің 64 қаулысы бойынша 357 оқушы
5/8 сынып -448 оқушы
9/11 сынып -116 оқушы ыстық тамақпен қамтылды
Достарыңызбен бөлісу: |