«Ұлы жеңІС» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы патриоттық онлайн өнер байқауының ережесі «Алтын ғасыр»



бет2/6
Дата22.04.2020
өлшемі21,96 Kb.
#64220
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҰЛЫ ЖЕҢІС ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ
ҰЛЫ ЖЕҢІС ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ

5 – 7 жас – бүлдіршін топ, 8 - 10 жас – кіші топ, 11 - 13 жас – орта топ,

14 - 16 жас – жасөспірім топ, 17 - 20 жас – жоғарғы топ.
БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ

«Вокал», «Көркем сөз», «Мүшәйра», «Шығарма», «Дәстүрлі ән», «Аспапта ойнау», «Хореография», «Бейнелеу өнері», «Қолөнері» жанрлары
«АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР»

«Қаһарман Бауыржан», «Қазақтың Қасымы» «Майдангер жазушы»
«ВОКАЛ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер,Отан, атамекен сияқты) бір әнді жанды дауыста орындайды. (орыс тіліндегі әнді орындауға болады) Әнді арнайы аранжировканың сүйемелдеуімен немесе акапелла түрінде орындап, оны видеоға түсіріп жіберу қажет. Видеоның жады көп болмаған жөн. (памяты) (Дуэт,трио,квартет,квинтет және хор ұжымы қатыса алады)

«КӨРКЕМ СӨЗ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер,Отан,атамекен сияқты) кез келген автордың бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, оны видеоға түсіріп жіберуі қажет. Уақыты – 2 минуттан аспау шарт. Видеоның жады көп болмаған жөн. (памяты)

«МҮШӘЙРА» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер,Отан,атамекен сияқты) өз жадынан өлең шығарып, оны компьютерде теріп жіберу қажет. (МS Word программасымен) Өлең шумақтары он шумақтан аспау керек.

«ШЫҒАРМА» (эссе) жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер,Отан,атамекен сияқты) екі беттік шығарма (эссе) жазып жіберуі қажет. Шығарманы компьютерде теріп жазу керек. (МS Word программасымен).

«ДӘСТҮРЛІ ӘН» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан соғысы, патриоттық тақырыпта немесе еркін тақырыпта кез келген халық әнін, халық композиторларының әнінен немесе қазақ термелерінен бір әнді домбыраның сүйемелдеуімен орындау шарт. Әнді видеоға түсіріп жіберу шарт. Уақыты – 2 минуттан аспау керек. Видеоның жады көп болмаған жөн. (памяты)
«АСПАПТА ОЙНАУ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы, патриоттық тақырыпта немесе еркін тақырыпта кез келген аспапта музыкалық бір шығарманы орындап, оны видеоға түсіріп жіберу қажет. Видеоның жады көп болмаған жөн. (памяты)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет