*1.Ұлы ойшыл әл-Фарабидің
әлемдік өркениетке қосқан
үлесі *
Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанған әл-Фараби 870
жылы Фараб қаласында дүниеге келіп,бағдар білімін
Бағдат,Халеб қалаларында алған.Әлемдік өркениеттің
дамуына астрономия,музыка,медицина,математика секілді
әр түрлі салаларды қамтыған 160 трактаты зор үлес
қосып,атақты ойшыл араб,парсы,түрік мәдениеттерін де
зерттеген.Адам баласы білімнің қайнар
көзіне,адалдық,шыншылдық сияқты қасиеттерге жақын
болып,өтірік,бұзақылық қасиеттерінен аулақ болуы
керектігін де айтып,әлемдік өркениетте жоғары бағаланған
«Азаматтық саясат»,«Бақыттың жетістіктері»атты
еңбектерінде ақша,бақыт,даңқ секілді күрделі де қазірг
актуалды тақырыптарды қозғаған.Әлеуметтік мәселелерді
де сөз еткен Фараби талас-тартысты еш мағына-пайдасы
жоқ заттат деп,онын орнына ақылмен ойланып,келісімге
келу керектігі жайлы пайымдаған.Әлем мәдениетінде
ерекше орын иеленетін әл Фараби 950 жылы Шам
шаһарында қайтыс болды.
*2.Йассауидің «Диуан-и-хикмет»шығармасының маңызы *
1093-1166 жылдар аралығында өмір сүрген тарихта ерекше
орын алатын,сопылық ілімнің негізін салушы Қожа Ахмет
Йассауидің атақты еңбегі «Даналық кітабы»түркі халқының
рухани жетістігі болып табылады.Бұл шығарманың маңызы
зор,біріншіден «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу
үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі
керектігін айтады. Біріншісі – шариғат– ислам діні
қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз
орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап
етеді)Екіншісі, «тариқат» – жалған дүниенің түрлі
ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті
арттыра түсу болып табылады. Үшіншісі, «мағрифат»
негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл
басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-
тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну.
Төртіншісі, «хақиқат»– Аллаға жақындап, оны танып-білудің
ең жоғары басқышы.Екіншіден,«Диуани хикмет» әрбір
адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік
қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама
болғандықтан,Бұл еңбек адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі
теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын
талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.
Үшіншіден,Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет»
арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін
ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-
пікірлерімен танысты.
*3.Махмұд Қашғари «Түркі тілдерінің сөздігі» маңызы
1029-1101 жылдары өмір сүрген ғалым Қашқарда дүниеге
келіп,Баласағұнда өмір сүріп,Бұхара мен Нишапур
қалаларында білім алып,сол кезден бастап түркі халқының
менталитетіне қызығып,бар зерттеп бақылаған
ақпараттарын жинақтау мақсатында «Диуани лұғат ат түрік»
еңбегін құрастырған болатын.Бұл еңбектің тарих
беттерінде,өркениетте алатын маңызы зор,біріншіден,бұл
еңбекте 11 ғасырда өмір сүрген түркі тайпаларының бар
өмірі,тұрмыс-тіршілігі,жеген тағам,ішкен сусын,пайдаланған
заттары жайлы айтылған.Екіншіден,400 дей мақал мәтел
мен жырларды қамтыған бұл шығармада маңызды тарихи
оқиғалар,мысалға Македонский жорығы баяндалған.Түркі
халықтарының энциклопедиясына айналған бұл құнды
шығарманы Қашғари 1072-74 жылдары Халиф әл Мұқтадиға
арнап құрастырған болатын.
4.Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» әдебиеттегі рөлі
1017-1075 жылдары өмір сүрген Жүсіп Баласағұн қаласында
дүниеге келіп,Отырар,Қашғар,Бұхара қалаларында білім
алған болатын.Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара
Боғраханға арнап құрастырып,кейін Хас Хаджиб»атағын
әкелген атақты философиялық-диалектологиялық еңбегі
«Құтты білік»тің әдебиетте алатын орны зор,себебі ол ең
алғаш,ең көне,мұсылман идеологиясын уағыздаушы түрік
тілінде жазылған шығарма.Сонымен қатар,шығарма адам
баласына қатысты күрделі мәселелер адам тағдыры,өмірдің
мәні,өмірдегі орны секілді сұрақтарды да
қамтып,саяси,ғылыми мәденини салаларды да
қамтыған.Көшпенділердің тұрмысы,нақыл сөздер,мақал-
мәтелдерді де жинаған бұл еңбек әртүрлі ғалымдардың
Радлов,Керимов,Иванов,Егеубаев аудармаларынан да
өткен.
5.ҰЖЖ/экономикалық мәдени өмірдегі маңызы
Ұлы Жібек жолы-2-14 ғасыр аралығында өмір сүрген
дүниежүзілік өркениет тарихының басты жетістіктерінің
бірі. Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінен басталып, Іле
өзенімен Ыстықкөлге дейінгі аумақты алған Жібек жолының
басты тауары жібек мата болған.Өз жолында ежелгі тауар
қатынасын дамытумен қатар,Жібек жолы мәдениет пен
өнер туындыларын таратты.Ұлы Жібек жолының тарихи
маңызы өте зор,себебі ол біріншіден,қалалардың
дамып,өсуіне әсер етіп,жібек жолында Испиджаб, Кедер,
Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн секілді қалалар пайда
болды.Екіншіден,Шығыс пен
Батыс мәдениеті арасындағы
байланыстырушы көпір саналған бұл жолда адамдар бір-
бірімен тек тауар айырбастап қана қоймай,бір-бірлерінің
мәдениеттерімен танысып,мемлекеттер арасында
экономикалық дипломатиялық қарым қатынастар орнатты
6.Қазақ халқының қалыптасуының
аяқталуы.«Қазақ»этнонимі.Жүздер және олардың жер
аумағы.
Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ.
бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде
аяқталды. Ал қазақ халқының қалыптасуында
XIY-XY ғғ. Қазақстан және оған шекаралас аймақтарда өмір
сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай
Ордасы деген мемлекеттердің қосқан үлесі зор.
Қазақ халқының рулық–тайпалық құрамына келсек, ол үш
жүзден тұрды:Ұлы,Орта және Кіші.Ұлы жүздің тайпалық
құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты,
Сары үйсін, Ошақты, Ысты және Ұлы жүз тайпаларының
негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері,
Қаратау, Сырдарияның орта ағысы.Орта жүздің тайпалық
құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ,
Керей,тараған аумағы Орталық, Солтүстік, Шығыс
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы
және орта ағысы аймағы. Кіші жүздің тайпалық құрамы:
Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы,аумағы Батыс
Қазақстан аймағын алып жатыр.Шығыста Тобыл, Торғай,
Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында
Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі
жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен
Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық
өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты.
Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі
авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Бұл сөздікте
қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін»
деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ
термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай
руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір
сүрген адамдар тобын атаған.
7.ҚХ құрылуы-Қазақстан аумағындағы феодалдық
мемлекеттердің саяси дамуының нәтижесі.
Қазақ хандығы -15 ғасырдың екінші жартысында 1465
жылы,Шу мен Талас өзендері бойындағы Қозыбасы жерінде
Керей мен Жәнібек хандардың бастауымен құрылды.Қазақ
хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты
еңбегі.Қазақ хандығының құрылуына негіз болған оқиға
1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбандық Әбілхайыр хан
билікті қолына алғаны болатын,нәтижесінде бөлек
мемлекет болу мақсатында алғашқы хандарымыз
Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барып,Есенбұға
хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс
шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын береді.Қазақ
хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария
мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін
қамтыған.Астанасы-Сығанақ.
XVI ғасырдың басында Қазақстар аумағындағы феодалдық
мемлекеттердің сыртқы саясаттағы басты мақсатты-
Сырдария маңындағы қалаларды алу болатын.
Шайбанилықтар Қазақ хандығының күшеюіне және
Сырдария маңында қазақ билеушілерінің билігін бекітуге
жол бермеуге тырысты. Себебі,Сырдария маңындағы
қалалар сахара аудандары тұрғындары үшін сауда-
экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары
болды.
8.Ішкі Ресейден қазақ жеріне қоныстандыру
ісі,экспед.зерттеулер,қоныс аударушыларға жасалған
қолдау
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік
реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің
меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды
шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз
болды.Осылайша қазақ жерін біртіндеп жаулап алу 1868
жылы Жетісу губернаторы Колпаковскийдің «Жетісуга
шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша
Ережелер»атты бағдарламасынан басталды.Орыс
шаруаларын ішкі Ресейден қоныс аудару қазақтарды ежелгі
атамекен,қонысынан айырды.Тіпті құнарлы жерлерді
күштеп тартып алу саясаты арқылы жузеге асырды.Бұл
саясатты жасаудағы патша үкіметінің мақсаты:1) қоныс
аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында
өзінің сенімді тірегін қалыптастыру;2)патша үкіметі орыс
шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды
егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіру;
(Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып,
жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша
мүмкіндігі туар еді)Қазақтардан өз жерлерін тартып ала
қоймай,патша үкімет қоныс аударушы шаруаларға бірқатар
жеңілдіктер жасады:Шаруалардың әрбір ер азаматына 30
десятинадан жер телімі бөлінді;Олар барлық алым-салық
түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан 15
жылға босатылды.Шаруаларды Қазақ даласына қоныс
аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде
тоқтатылды.
Қазақтың құнарлы жерлерін жәймендеп басып
алу,экспедициялық зерттеулерден басталды,яғни Ресей
ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін
басшылыққа алды. Қазақстанды ХVІІІ ғасырда кешенді
зерттеудің алғашқы әрекеттері М.В. Ломоносовтың есімімен
байланысты. Ол өлке
аумағын зерттейтін ғылыми
экспедициялар ұйымдастырудың және географиялық карта
жасаудың бастамашысы болды.Сонымен қатар,Кіші жүздің
жағдайын жан-жақты зерттеу мақсатында 1734 жылы
Кириллов басқарған «Қырғыз-Қайсақ экспедициясы» кең
көлемде жүргізілді. 1768–1774 жылдары Қазақстанға
жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик,
табиғат зерттеушісі П.С. Паллас басқарды. Шығыс Қазақстан
жерлері арқылы өтті.Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі
ретінде П.С. Палластың «Ресей империясының әртүрлі
провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты үш
бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді.
9.1905-1907жж.революцияның Қазақстандағы қоғамдық-
саяси дамуға ықпалы
1905-1907 жылдары болған бірінші орыс революциясының
қазақ халқы үшін маңызы зор.Себебі,дәл осы революция
кейінгі қазақ халқының азаттық күрестеріне жол ашып,ең
бастысы саяси оянуына көмектесті.Революциядан кейін
қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы,
Мухаметжан Тынышпаев, Халел мен Жаһанша
Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаевтар саяси күрес сахнасына
көтеріліп,ұлттық еркіндік және теңдік мөселесі үшін
күрестерін бастады.
*10.Патша үкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру
саясаты:мақсаты,барысы,нәтижесі.
XIX ғасырды*ң 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік
реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің
меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды
шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз
болды.Патша үкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныс
аудартудағы мақсаты:1) қоныс аударушы шаруалар
есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін
қалыптастыру;2)патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай
қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен
айналысатын отырықшы өмір салтына көшіру;(Өйткені
ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті
халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар
еді)
Осылайша қазақ жерін біртіндеп жаулап алу 1868 жылы
Жетісу губернаторы Колпаковскийдің «Жетісуга
шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша
Ережелер»атты бағдарламасынан басталды.Одан әрі 1906
жылы 9 қарашада қабылданған Столыпиннің аграрлық
реформасы ол да– патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі
жер иелігіне жасалған реформа болатын.Мақсаты Ресейдің
ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешу және орыс
шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды
игеру көзделді.Реформа нәтижесінде Қазақстанға
700мыңнан астам орыс және украин шаруалары қоныс
аударып,қазақтао 21 млн десятинадан астам жерлерінен
айырылып,шөлейт тастақты жерлерге қоныстанды.
11 Қазақтардың мәдениетін, тұрмысын, шығу тегін
зерттеуге 19 ғасырдың ортасында біріккен орыс
шығыстанушылары үлкен үлес қосты. ХІХ ғ ІІ жартысы орыс
демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі.
Қазақстанды игерудің барысы және орыс-қазақ
қатынастарының тереңдеуі өлкені зерттеуді кеңейту
қажеттігін туғызды. Өлке тарихын зерттеуді ғылыми жолға
қоюда 1845 ж ашылған орыс географиялық қоғамын
Орынбор, Омбы, Семей және басқа ірі қоныстардағы
бөлімдер мен бөлімшелері рөл атқарды.
Атақты тарихшы А.И. Левшин (1799-1879) үш бөлімнен
тұратын «Қырғыз-казак, немесе қырғыз-қайсақ ордалары
мен далаларына сипаттама» еңбегін дайындап, басып
шығарды. Бірегей әрі іргелі еңбекті дайындағаны үшін оны
«Қазақ тарихының Геродоты» деп атаған. Мұнда автор
өлкенің тарихы, этнографиясы, географиясы туралы толық
мағлұматтар түсіреді. Торғай облысының әскери
губернаторы Л.Ф. Баллузек қазақтардың әдет-ғұрып
құқығының «Кіші Қырғыз Ордасында болған және ішінара
әлі де бар халық әдет-ғұрыптары» жинағын дайындады.
Баллұзек Қазақстанда қызмет етіп жүрген кезінде
шенеуніктерге, қазақ билері мен сұлтандарына
қазақтардың әдет-ғұрып құқығы туралы материалдар
жинауды тапсырады. 19 ғасырдың ортасында М.М.
Красовский Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының
өмірінен егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық,
географиялық және этнографиялық мәліметтер беретін
«Сібір қырғыздарының өлкесі» атты үш томдық еңбегін
жазды.
12 Шоқан Уәлиханов қызметінің тарихи мәні оның
ағартушылық идеяларымен қазақ халқын озық орыс
мәдениетіне баулуға ықпал еткендігінде, қазақ және орыс
халықтары арасындағы достықтың табанды да дәйекті
жақтаушысы болуында. Шоқанның алғашқы жазып алған
шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры
болған. 1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан
көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің
профессоры И.Н.Березинмен танысады. Березин Шоқан
жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы
Көрпеш – Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан
Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.
1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен
Тарбағатайды аралайды. Қазақ
халқының тарихы мен әдет-
ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады.
Осыдан кейін ол «Тәңір (құдай)», «Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы» деген еңбектерді жазады. 1857
жылы қырғыз елінде болады. Осы сапарлар барысында
«Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар»,
«Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл
сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс
провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазып
шығады. Бұл еңбектер жергілікті халықтардың тарихы,
мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпымен тұтасып, аса жоғары
бағаланған туындылар болып есептеледі. . ХІХ ғасырда
«Қазақ шежіресі» атты мағынасы терең ғылыми мақала
жазған ірі ғалым Ш. Уәлихановтың еңбегі елеулі. Ш.
Уәлиханов еңбектерінде Есім хан, Тәуке хан, Сәмеке мен
Әбілмәмбеттің ұрпақтарында сақталғандығы шежірелер
туралы айтылады. Шоқан жазған шежірелік
шығармалардың ең әйгілісі – «Абылай», «Қырғыз рулары»,
«Ұлы жүз туралы», «Ұлы жүздің аңыз-әпсаналары», «XVIII ғ.
батырлар жыры», т. б. Бұл еңбектерде Шоқан тек қазақ
емес, сондай-ақ жалпы түрік-моңғол жұртының тарихи
жәдігерлері туралы көп ізденген.
13 Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті
ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және
жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі
жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ
алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған.
Ең бірінші рет қазақтың ана тілінде оқу
құралын жазған және сол ана тілінде қазақ
баласын оқытқан ең алғашқы тұңғыш
оқытушысы болған. Алтынсарин ағартушы-
педагог ретінде білімге табыну және қоғамның
дамуы мен әрбір адамның даралығы үшін
білімнің шексіздігіне деген сенімі тән.
Ыбырай
Алтынсариннің ағартушылық жұмыстары
мұғалімдерге көмек пен оқытуды қамтыды, ол
ұстаздарды өз оқушыларына құрметпен
қарауға шақырды және оқу үрдісінің іргетасы
білікті педагог екенін түсінді. Алтынсарин
өзінің ағартушы-педагогикалық қызметін
бастап, ауылдарға жиі барған, жергілікті
халыққа зайырлы білімнің маңызы мен
мақсаттарын, пайдасын түсіндіреді, мектеп
құрылысы үшін қаражат жинауды
ұйымдастырады. Алтынсариннің
демократиялық - ағартушылық бағыты, оның
педагогикалық көзқарасының үш бірдей
саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір
жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға
тартуға және соған оқу құралдарын жазып
шығаруға арнады. Екіншіден, ұстаз тәлімгерлер
даярлауға, оларға күнделікті ғылыми -
әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.
Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының
ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси
әлеуметтік мәселелерді жан - жақты қамтып
жазуға жұмсады. Ол өз шығармаларында
шәкірттерін адал, шыншыл, еңбек сүйгіш,
өнерлі азамат болуға шақырды.
Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды
аңсады: «Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп
ашатын мезгіл қашан болар екен?» — дейді. Ол
өнер – білімді, мәдениетті дәріптеп, халықты
соған шақырып өлең, әңгіме, мақала жазды.
Бұл жөнінде, басқаны былай қойғанда, оның
«Өнер – білім бар жұрттар» деген өлеңі айқын
дәлел. 1860 жылы облыстық басқарма
Ыбырайға Орынбор бекінісінде, Торғай
қаласында қазақ балаларын оқытатын
бастауыш мектеп ашуды жүктейді, әрі өзі сол
мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып
тағайындалады. Ағарту ісіне жан – тәнімен
құлшына кіріскен ол ауыл – ауылды аралап
халыққа білім берудің маңызын түсіндіреді. Ол
кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын
еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралдары
жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске
облыстық басқармадағылар да, жергілікті
әкімшілік те салқын қарайтын.. Ондай
мектептер ашу үшін қаржы – қаражат жинауды
қолға алды. Осыдан бастап оның ағартушылық
және педагогикалық қызметі басталды. 1864
жылы 8 қаңтарда салтанатты түрде мектеп
ашылып, алғашында оқуға үгіт жұмыстарының
нәтижесінде 16 бала жазылады. Ыбырай
Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879
жыл) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш
оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты
жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы
сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен,
біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет
шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс —
қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ
балаларына оқу кітабы бола алу жағын,
сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына
жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» —
деп тұжырымдаған.
14 Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі
мемлекеттік басқарудың конституциялық-
монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң
шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906
ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72
күн қызмет етті. Қазақстан халқының саяси ой
өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау
жүргізі науқаны маңызды рөл атқарып,онда
қазақ зиялыларының көптеген өкілдері
белсенді қызметімен көрінді.Мысалы,
1905жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума
жөніндегі патша Манифесі қазақ еліне де
депутат сайлау құқығын берген
болатвн.Сондықтан қазақ зиялылары мұндай
әділетсіздікті түзетуге әрекет жасап
көрді.Нәтижесінде қазақ халқы Мемлекеттік
Думаға әр облыстан бір депутат қана сайлауға
ие болды. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау
заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы
керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш
өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499
депутат қатысты. Мемлекеттік Думаға
Қазақстаннан барлығы 9 депутат оның ішінен
4 млн халқынан 1-Мемлекеттік Думаға қазақ
өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов, А.
Қалменов, Ә. Бөкейханов, Б.Құлманов
сайланды.Олар Дума жұмысына мұсылман
депутаттары фракциясы құрамында
қатынасты.Бұл фракция жер мәселесіндегі
аграрлық мәлеселерге байланысты болды.
Алайда, қазақ депутаттарының ішінде
Бірімжанов пен Қалменов қана дума
жұмысына қатыса алды. Ал барлығы 72 күн
ғана жұмыс істеген бірінші Мем.Дума 1906
жылы 9 шілдеде үкімет шешімімен таратылды.
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей
империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-
рет сайланған конституциялық-монархиялық
бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті
органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға
дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет
сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ
халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11
желтоқсандағы сайлау заңы бойынша
жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа
Оралдан Б.Қаратаев,
АқмоладанШ.Қосшығұлов, Торғайдан
А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов,
Жетісудан М.Тынышбаев,Сырдариядан
Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов
сайланды.Бірінші думаға қарағанда сотшыл
бағытта болды.Аграрлы және қоныс аудару
мәселелері болды. Болған думалар қоғамның
жағдайын өзгерте алған жок.
*15 5 қыркүйек 1872 жылы, қазіргі Қостанай
облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында
дүниеге келген. Үлкен ағартушы, ірі ғалым-
лингвист,қоғам қайраткері. Тоғыз жасынан
бастап ауыл мектебінде, кейіннен Торғайдағы
екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде
оқиды.Одан соң Орынбордағы мұғалімдер
мектебіне түсіп,оны 1895 жылы бітіреді. 1895-
1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы
уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде
оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде
меңгеруші қызметін атқарады.
Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі
1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды
жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол
қойған Қарқаралы петициясы авторларының
бірі Байтұрсынұлы болды.Патша өкіметінің
отаршылық саясатына қарсы күресті тым ерте
бастаған А.Байтұрсынов осы үшін 1909 жылы
Семей түрмесіне қамалады.Кейіннен сенімсіз
адам ретінде патшалық күзет бақылауында
болды.1913 ЖЫЛДАН БАСТАП <қазақ > газетін
ұйымдастырып,1917 ж қыркүйегіне дейін
редакторы болады. 1922-1925 ж. Халық ағарту
коммисиатына қарасты ғылыми әдеби
комиссяның төрағасы болды. 1909 және 1911
ж. Қырық мысал, МАСА жинақтары
жарияланды.Балаларға арнап ОҚУ
құралы,Әліпби, Тіл құралы,Баяншы деп
аталатын оқу құралдарын жазды.1938 жылы
жаппай қуғындау кезінде тұтқындалып,
кейіннен атылды. 1988 жылы ақталды
.
16 Міржақып Дулатұлы(1885-1935жж.)Қазақ
ақыны , публицист және аудармашы. Қазіргі
Қостанай облысының Сарықопа жерінде
дүниеге келген.
Бастапқыда ауыл мектебінде
білім алған кейіннен Торғайдағы орыс-қазақ
училищесіне түседі.1902 жылы педогогикалық
курсты бітірген соң балаларды оқытумен
айналысады.1905 жылы революция кезінде
демонстранттар қатарында болады.1907 жылы
<Серке> газетінің алғашқы нөмеріне <Жастарға
>атты өлеңінде 1-ші орыс революциясы кезінде
көргенін суреттейді. М.Дулатұлының ОЯН
ҚАЗАҚ атты жыр жинағы 1909 жылы жарыққа
шығып, кейін тәркіленеді. 1910
жылы<Бақытсыз Жамал> атты романы,1913
жылы <Азамат>өлеңдер жинағы шығарылады.
1915 жылы<Терме> деп аталатын әдеби-
публицистикалық кітабы жарық көреді.
<Азамат > өлеңдер жинағына А.Пушкиннен,М.
Лермонтовтан аудармалары енеді. 1913 жылы
Қазақ газеті жарыққа шығады. Міржақып
Дулатұлы Байтұрсыновпен біоге Алаш
партиясында болады.1917 жылдан 1918 жылға
дейін Қазақ газетін басқарды. 1919 жылы
М.Дулатұлы алашордалық қайраткерлермен
Кеңес өкіметі жағына өтеді. 20-30 жылдары <Ақ
жол>,<Еңбекші қазақ> газеттерінде аудармашы
болып жұмыс істейді. М.Дулатұлы- халықтың
саяси санасын оятқан жарық жұлдыздардың
бірі.
17 Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің
тарихын зерттеуді олардың өздері бастап берген болатын.
Бұл ретте Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың,
М.Тынышпаевтың және Е.Омаровтың өз замандастырының
өмірі мен қызметіне байланысты түрлі басылымдарда
жариаланған еңбектерін айтқан жөн. Қазақ зиялылары кім
туралы жазбасын, уақыт рухына сай қайраткердің ұстанған
айқындамасы мен атқарған еңбегін бірінші кезекке қойды.
Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау
ісі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп
отырды. Қазақ зиялылары қазақ халқының империя
құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу
жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына
келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының
отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне
көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ
зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.
Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов,
Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар
ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай
білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына
жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен
өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті.
«Қазақ» газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы
ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000
дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. «Қазақ» газетінің
редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде сол кезге
қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы
болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы,
ой-өрісі кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген
жалынды қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. 1914
жылғы 19 мамырда Баспасөз істері жөніндегі бас
басқарманың кеңсесі М. Дулатовқа «Қазақ» газетінің екінші
жауапты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті.XX
ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының
бүкіл азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші
бағытын белгілеуде қазақ халқының бостандығы
жолындағы аса көрнекті күрескер, саясатшы, экономист,
тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, статистик-социолог,
көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама Ә.
Бөкейханов зор рөл атқарды. Біртұтас болып біріккен үштік
– А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ
елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған
ғасырдың ұлттық газетін құра білді.
«Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдықсаяси, әдеби
журналы 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ
халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық
журналының бірінші нөмірі шықты. «Айқап» журналы 1911
жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде
айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы
88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті.
Редакторы — қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, М.
Сералин. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық
санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және
рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір
мәселелерді өткір көтерді. «Айқап» журналының қазақ
фольклорын зерттеудегі,
абайтануды қалыптастырудағы,
орыс және дүниежүзілік классикалық әдебиетінің рухани
мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор. Бірінші
дүниежүзілік соғыстың басталуы жағдайында едәуір
шиеленіскен зор қаржы қиындықтары, зиялылардың бір
бөлігінің сол кезге қарай өзінің көркемдік
толысқандығымен, қазақ әдеби тілін түлетуімен, стилінің
сындарлылығымен және ең бастысы толғағы жеткен
жалпыұлттық проблемаларды қоюымен әйгілі болған
«Қазақ» газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында
«Айқап» журналы шығуының тоқтатылуына себеп болды.
18 Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1
тамызда) басталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан
экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл
шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша
біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын
жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Россияның
дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды
тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне
10-ға жуық салығы енгізілді. Осы жылдары жұмысшылардың
жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20
тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық
артты. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы
шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Ұсақ мал
көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы
халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе,
ірі қара мал саны кеміді. Қазақстан жерінде болған әскери
тұтқындардың жағдайы қиын болды.Соғыс жылдарында
әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай
аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп
атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты
тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді. 1916 жылғы
Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 жылдың шілде
айының бас кезінде пайда болды. Көтеріліс отаршылдыққа
қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші
дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете
жүргізіләп, ауқымды сипат алды. Салық мөлшері өсіп, соғыс
салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж
салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа
арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге
мәжбүр болды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин,
Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны
орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті
төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке
қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп,
сабыр сақтауға шақырды.
Көтерілістің тарихи маңызы:
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын
ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер,
басқару аппараты құрылды.
4. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы
болды.
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын
күш екенін көрсетті.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан
ынтымақтың болмауы.
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс
жүргізілмеді.
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.
4. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады.
5. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
19 Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән
дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан
революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды.
1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен
Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және
қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын
мәлімдеді. 1917 жылғы ақпан төңкерісінің нәтижесін,
патшаның тақтан құлағанын қазақ халқы қуанышпен қарсы
алды. Ұлт зиялылары ұлттық автономия құратын сәт туды
деп санады. Ресейдегі сияқты Қазақстанда да көп партиялы
жүйе қалыптасты. Әртүрлі партиялар мен топтар ымыраға
келе алмай, шиеленіскен айтыс жүргізді. 1917 жылғы ақпан
төңкерісі Қазақстанның халық бұқарасының орасан
көпшілігін оятуға, тарихи прогрестің дамуын жеделдетуге
себепші болды. 1917 жылғы наурыз, сәуір айларыңда әр
жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері
құрылды.Алайда, 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-
демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша
буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні
жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу және т.б.
көкейкесті мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті
халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша
үкіметінің заңдары өз күшінде қалды.
1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид
саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы
азаматтық мұраттарды-бостандықты, халықтардың теңдігін
қолдайтынын мәлімдеді. Сөйте тұра,ол
шет аймақтардың
халқына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден
тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады. Ол
аймақтарда ұлтаралық қатынастарды реттеу жөнінде
жалтақ қадамдар ғана жасап, орын алып келген шиеленісті
сол арқылы ғана бәсеңдетуді көздеді.
20 1917 жылдың көктемі мен жазында Қазақ өлкесінде
жұмысшы және революцияшыл-демократиялық жастардың
ұйымдары мен саяси партиялар құрыла бастады. Сол
кезеңде Верныйда мұсылман жұмысшыларының одағы,
Жаркентте жұмысшы одағы, Түркістанда мұсылман
еңбекшілер одағы құрылды. Зиялы қауымды, оқушы жастар
мен мұғалімдерді біріктірген астам қоғамдық ұйымдар
құрылды. Олардың арасында Сәкен Сейфулиннің
басшылығымен Ақмолада "Жас қазақ" ұйымы, Меркеде
Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының
революциялық одағы", Омбыда Әбілхайыр Досов
жетекшілігіндегі "Оқушы жастардың демократиялық кеңесі",
Спасск зауытында "Жас жүрек"ұйымдары белсенді қызмет
атқарды. 1917 ж. 21-28 шілдеде Орынборда бірінші
Жалпықазақ съезі болды. Оған Қазақ өлкесінің облыстары
мен Ферғана облысы, Бөкей хандығы атынан қазақ өкілдері
қатысты. Онда бірнеше мәселелер қаралды. Соның бірі
"Алаш" партиясын құру еді. Партияның баспа органы
"Қазақ" газеті Орынборда шығатын. Большевиктер
тарапынан жабылғаннан кейін Семейдегі "Сарыарқа"
газетіне ауысты.
"Алаш" партиясының бағдарламасы жобасы: Жергілікті
бостандық, Негізгі. құқық, дін ісі, билік және сот, салық
мәселесі,жұмысшылар, жер мәселесі. «Алаш» партиясының
облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның
бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21- қарашада «Қазақ»
газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ә.Бөкейханов болды,
партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш
зиялылары атсалысты.
«Үш жүз» партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы
қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, орталық
комитет құрамы Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.«Үш
жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда
еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ
шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу,
мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді.
Бұған қоса «Үш жүз» заңдар жинағын құқық пен шариғатты
негізге ала отырып құруды ұсынды. Олардың ойынша,
Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге,
отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды.
Айырмашылықтары:
«Алаш» партиясының сипаты — ұлттық партия, олар қазақ
халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін
білдірді.
«Үш жүз» партиясының сипаты – социалистік партия, олар
еңбекші халықтың мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін
қолдады. Әлеуметтік құрамы – Омбының қала кедейлерін,
шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.
«Алаш» партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық
жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды.
«Үш жүз» партиясының мақсаты — түркітілдес халықтардың
біртұтас автономиясын – Түркістан Федерациясын құруды
ұсынды.
21. 1917 жылғы шілдедегі жалпықазақ съезі және оның
Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның
бағдарламасы
Тұңғыш жалпықазақ съезі 21-26 шілде аралығында
Орынбор қаласында өтті. Съезд жұмысына Ақмола, Семей,
Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан
және Бөкей ордасынан мәселелер қойылып, олардың
арасында мемлекет билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ
облыстарындағы жер жағдайы, әскер құру, земство, әйел
теңдігі және басқа мәселелер бар еді.Бірінші жалпықазақ
съезі қазақ саяси партиясын құру туралы шешім
қабылдағанымен, күзге дейін, яғни Құрылтай жиналысына
депутаттар сайлау науқаны қызғанға дейін ол партияның
түрлі деңгейдегі ұйымдарын құру ісімен ешкімде айналыса
қоймады. Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия
құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде
ерекше атайтынымызМемлекет билеу түрі,Қазақ
облыстарында автономия;Жер мәселесі;Оқу мәселесі және
т.б.Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық,
федеративтік парламенттік республика болу керек деп
көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар
жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде
автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар
айтылған. Қазақ мемлекетінің
әлде Федеративтік Россияның
бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз
бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа
халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар
талқыланды.Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал
жер мәселесі Құрылтай съезіне қалдырылды. Күн тәртібінде
айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері
және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып,
олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот
құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы:
«міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу
баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл
мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін
болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы
сатылары да айтылған.Сьездің нәтижесінде автономияның
астанасы ретінде Жаңа-Семей қаласы таңдалды. Кейін
қаланың аты Алаш деп ауыстырылды.
22 М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі
Мұхамеджан Тынышбаев кәсiби қызметiнде Жетiсу жол
құрылысы, Қызылорда, Алматы қалалары сәулет-ғимарат
нысандарын жобалау және салу, Түркiстан-Сiбiр темiр
жолын тұрғызу тәрізді ірі техникалық туындыларын
қалдырды. Соның ішінде Т.Рысқұлов басшылық жасаған
атақты Түркiстан-Сiбiр темiр жолын салудағы тұңғыш қазақ
инженерінің ерен еңбегi отан тарихында алтын әріппен
қалды. Қазақстан көлік және коммуникация әлеуетін
қалыптастыруда Мұхамеджан Тынышбаевтың көшбасшы
болып табылды. 1917 жылдың соңына таман Ресейдегі
биліктің дағдарысы мен анархияға ұшырауы Алаш
зиялыларының ұлттық автономия мәселесін көтеруіне
ықпал етеді.
23. Ш.Құдайбердіұлы – ақын, философ, тарихшы, қоғам
қайраткері
Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ,
тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол
негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы
ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және
әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам
табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына
түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды.
Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген
бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес
жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті
жасына дейін оқиды. Алашорда үкіметі құрылып, қазақ
жерінде саяси өзгерістер шұғыл жүзеге аса бастаған шақта
Шәкәрім Құдайбердіұлы облыстық соттың мүшелілігіне
сайланды, Семей уездік земствосының мүшелігіне
лайықталды. Қыруар саяси-әлеуметтік, ұйымдастырушылық
қызметтер атқара жүріп өлеңдерін, мақалаларын
«Сарыарқа» газетінде жариялауды да ұмытпайды. 1917
жылғы желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ
съезіне арнайы шақырылған. Шәкәрім Алашорда үкіметінің
қазысы, яғни биі болып сайланған.Ол орыс, Батыс
әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына
таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары
бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге
тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп
санады. Онымен хат жазысып тұрды. Көтеріліске шыққан
халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға,
қантөгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан
оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. «Халық
жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тиым
салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталды.[
Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик.
өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-
Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы
жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа,
философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Ақын
әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де
халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтың
қазынасы. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт
ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік
деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол
көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі.
Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның
арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы
әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына
шалынса керек. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917
жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан
құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы
жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран
іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген
сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең
философиялық ой бар.
Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып
отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол
халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман
еңбек адамынікі болу керектігін айтады.
24. Ә. Бөкейхановтың Алаш автономиясын құрудағы рөлі
1913 жылдың көктемінде Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы
және М.Дулатұлы «Казак» газетін шығара бастады. Халықты
тәрбиелеу, ұлттық сананы ояту жөнінде газет беттерінде
көптеген құнды материалдар жарияланғаны белгілі.
Көптеген мақалалар Ә.Бөкейханұлының қаламынан
шыққан. Бөкейханұлы 1916 жылы Бүкілресейлік жер
одағының (Бүкілресейлік Земский одағы) жұмысына
қатысты. 1917 жылы 7 қаңтарда Уақытша үкімет өзінің
Түркістан комитетін құрды. Комитет құрамына
Ә.Бөкейханұлы да кірді. Торғай облысының комиссары
болып тағайындалды. 1917 жылы шілдеде Ә.Бөкейханұлы
бірқатар казак зиялыларымен бірге кадет партиясынан
шығатынын мәлімдеп, Орынборда өткен съезде құрылған
«Алаш» партиясының атқару комитетіне кіреді. «Алаш»
партиясы бағдарламасының авторларының бірі болды.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен Алаш
партиясының екінші съезінде Бөкейханұлы Алашорда
үкіметінің төрағасы болып сайланды. Съезден бір ай өткен
соң Алашордаға аумақтық автономия жариялау
тапсырылды. Ол үшін Бөкейханұлы Кеңес өкіметіне қарсы
қарулы күрес бастады. Бірақ бұл әрекет екі жылдан кейін
Алашорда үкіметінің отставкаға кетуімен аяқталды.
*25. X. Досмұхамедовтің қоғамдық-саяси және ғылыми
қызмет
ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам
халықты өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге
шалынар басты қасиеті – олардың қай-қайсысы болсын
жан-жақты «сегіз-қырлы, бір-сырлы» тұлғалар болатын.
Халел Досмұхамедовтың cаяси күрескер, жалынды патриот,
әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының
білгірі болуы – кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге.
Халелдің Ақпан және Ұлы Қазан төңкерістері тұсындағы
қызметіне айғақ боларлықтай аз да болса дәйектемелер
бар. Соның бірі, 1917 жылы Орынбор қаласында жалпы
қазақ-қырғыз съезінің болғандығы, оған Халелдің
қатысқандығы туралы «Қазақ» газеті сол жылдың 14 қараша
күнгі санында айта келіп, мұнда Торғай облыстық
комитетінің құрылғандығын, оған бар болғаны 14 адам
мүше екендігін хабарлайды.
Халел қажырлы қоғам қайраткері болумен қатар, ағартушы,
ғалым, дәрігер екендігін де есте ұстауға тиістіміз. Қазақ
халқы алдындағы перзенттік парызына өмірінің соңғы
сәтіне дейін адал болған Халел Досмұхамедовұлы –
халқымыздың тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік із
қалдырған біртуар перзенттердің бірі. Күні кешеге дейін
бүгінгі ұрпақ оны «Алашорданың» көрнекті
қайраткерлерінің бірі ретінде ғана білген болса, оның
ғылыми-ағартушылық, педагогикалық мұрасы жеткілікті
зерттелмеді. Кезінде жеке адамға табыну мен
заңсыздықтың құрбаны болған Халел Досмұхамедұлы өз
өмірінің ішінде артына орасан зор сарқылмас мұра
қалдырды. Бүгінгі жазылып отырған мақала арқылы ,
қайтпас та, қажымас қайраткер, дара да, дана тұлға,
әмбебап энциклопедистің ғылыми мұрасын жан-жақты
зерттеп, кеңінен насихаттап, сол мұраның асылдарын
халқымыздың рухани мүддесіне жарайды деген сенімдеміз.
Халел Досмұхамедов ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың
демократиялық бағыттағы зиялыларының көрнекті
өкілдерінің бірі. Ол – белгілі мемлекет және қоғам
қайраткері, ғұлама ғалым, ағартушы – педагог Қазақстанда
және Түркістанда ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау
ісін талантты ұйымдастырушы болды. ХХ-ғасырдың 30-шы
жылдардың екінші жартысынан бастап, валюнтаристік
шешімдердің, қоғамдық және партия өмірі саласында
өрескел жіберілген қателіктердің, әкімшілік-әміршілдік
басқару әдісінің күшеюі, қазақ халқына қарсы бағытталған
ауыр қылмыс түрінде байқалған және жеке адамға
табынудың шектен шыққан өрескел көрінісінің кезеңі
басталғанын тарихи құжаттар дәлелдейді. Халел
Досмұхамедовтың табиғи дарынының ғұлама ғалым ретінде
бай мүмкіншіліктерінің жан-жақты дамыған кезеңі –
кеңестік кезеңде болатынды