Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]


Қазақстан - лагерьлер өлкесі[өңдеу]



бет4/6
Дата29.12.2021
өлшемі21,49 Kb.
#106443
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарих 4

Қазақстан - лагерьлер өлкесі[өңдеу]


20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с. істер болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың төменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез келген апаттар мен ақаулар «халық жауларының» әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нөрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару «операциялары» әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты ЫЫЫ басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды, олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар да жер аударылып, олар өз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың өкілдері өздерінің үздік адамгершілік және интернационалдың қасиеттерін көрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап, мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бөлісті. Қоныс аударғандар да борышта қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек көрсетті.

1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. Мұхтар Омарханұлы ӘуезовҒабит Махмұтұлы МүсіреповС. Мұқанов «Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар» ретінде саналды. Ө. Тәжбаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов «феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінін; жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы» шешім қабылдады. Нәтижесінде Б. Кенжебаев, Т. Нүртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. ЫсмайыловМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚ. Жұмалиев, Ө. Марғүлан секілді талантты зерттеушілер үлтшылдар қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы «Кенесарыны дәріптеушілер»ретінде де айыпталды. 1947 жылы жарияланган «Қазақстан ХЫХ ғасырдың 20-40-жылдарында» атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 жылга сотталады. Оның көзкарасын жақтап, ғылымға адалдық танытқан тарихшылар да қудаланды. Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады.



Тек кана 1956 жылы КОКП-ның ХХ съезінде сталиндік жеке баска табынушылық әшкереленіп, айыпталғаннан кейін жазықсыз тұлғаларды қудалау саясаты токтатылды. Солай дегенмен де еркін ойлайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды. Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі - Қазақстан аумагында тұзеу мекемелерінің тутас жуйесін. - Степлаг, Карлаг (Қараганды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагеръ жен изменников Родины) лагерьлерін салуы болды. Бүл лагерьлерде жазықсыз айыпталған мыңдаған адамдар өз мерзімін өтеді. Олардың катарында М. Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Гамарниктің отбасы мүшелері, Т. Рысқұловтың әйелі мен кызы, Т. Жүргеновтің, С. Қожановтың әйелдері т. б. болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет