Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]


Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйенің тоқырай бастауы.[өңдеу]



бет6/6
Дата29.12.2021
өлшемі21,49 Kb.
#106443
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарих 4
тарих 4

Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйенің тоқырай бастауы.[өңдеу]


Соғыстан кейінгі қоғамда пісіп-жетілген езгерістердің қажеттігін түсіну әкімшілік жүйесінің бірқатар идеологиялык және қуғындау сипатындағы шаралармен шебер басылып тасталды. Алайда 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басында рухани жағдай түншықтырылғанымен, біржолата күйреген жоқ. Сталиннің өлімінен (1953 жылғы 5 наурыз) кейінгі алғашқы жылдардың өзінде қоғамда мүмкін болатын өзгерістердің сипаты жөніндегі мәселеге екі бағыт, екі көзқарас қалыптаса бастады. 1953- 1954 жылдары өзіне қоғамның көпшілік бөлігінің назарын аударған социалистік қоғамдағы карамақайшылықтардың сипаты, тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының рөлі, теория мен практиканың арақатынасы, басшылыктың үжымдылығы т. б. сияқты кекейкесті проблемалар женінде пікірталастар басталды. Жүріп өткен жолға сын көзбен қарау, қоғамды толқытқан сүрақтардың шешімін қарастыруда КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумы (1953) жауап берді. Денсаулығының құрт нашарлауының нәтижесінде 1953 жылы І наурызда И. В. Сталиннің миына қан. құылды. Мәскеуде «көсемді» жерлеу кезінде көптеген адамдар халық нөпірінің астында қалып қаза тапты. Кейбір адамдар, әсіресе қуғын-сүргінге үшырағандар «көсем» әліміне қайғыра қойған жок. Қоғамдық өмірдің демократиялануы жолындағы маңызды кезең жазалаушы органдардың басшыларының бірі, КСРО Ішкі істер халқомы (министрі), КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, КОКП ОК Президиумының мүшесі Лаврентий Берияның қылмыстық қызметшің жолын кесу болды. 1953 жылы шілдеде КОКП ОК Пленумы Сталиннің жақын серіктерінің бірі, саяси арандатушы және қаскұнем ретінде ОК құрамынан және КОКП-ның қатарынан шығарды ЖЫ. П. Бериямен бірге негізінен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болған оның көмекшілері тұтқындалып, соңынан атылды. И. В. Сталиннің өлімі және ЖЫ. П. Берияның биліктен тайдырылуымен КСРО-да өмір сүрген катаң тәртіптің қара түнек кезеңі аяқталды. Берия ісінен жасалған маңызды саяси қорытынды - жеке баска табынуға жол бермеу және оның зияндылығын ресми түрде мойындау болды. Тек осындай жағдайда ғана жоғарғы партиялык және мемлекеттік қызметтерге ЖЫ. Берия сияқты кездейсоқ адамдардың өтіп кетуі мүмкін болатын еді. Сол кезде айтылғандай марксизм-ленинизм рухына жат жеке басқа табынушылык идеологиясын іс-тәжірибеден түп тамырымен жою ОК Пленумынан кейін жарияланған «Кеңестер Одағы Коммунистік партиясына елу жыл» (1903- 1953) кұжатында маңызды міндет болып танылды. Одан әрі демократиялық қайта кұру үрдісі неғұрлым белсенді ете бастады. Алайда И. Сталинның өлімі ол кұрған әміршіл-әкімшіл жүйенің толық талқандалуын қамтамасыз етті дегенді білдірген жоқ. Мыңдаған сотталғандар бұрынғыша лагерьлерде қалып қойды, Сталиннің өзі сияқты адам қүкықтарының бұзылуына қатысы бар көптеген саяси қайраткерлер (В. Молотов, К. Ворошилов, ЖЫ. Каганович т. б.) жоғарғы мемлекеттік қызметтерді атқара берді. 1950 жылдың басында КСРО- дағы түрмелерде 5,5 млн-дай тұтқындар болды. И. Сталин қайтыс болғаннан кейін партиялық билікке талас басталды. ЖЫ. Берия, Г. Маленковтар жеңіліп, бар билік Н.С. Хрущевка көшті

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет