ІҮ. Сұхбат (интервью). Тілші Павлодар қаласының көшелерінде Елордасы – Астана туралы қала тұрғындарымен сұхбат жүргізеді.
Тілші:
-Кешіріңіз, сәлеметсіз бе? Сіз Астана туралы не білесіз?
Қала тұрғыны:
-Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Қазір Астана құрылысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен зәулім ғимараттар салынып жатыр.
-Астана болашағы жайлы не айтасыз?
- …
Сұхбаттасудың мақсаты- сөздерді қайталау, еркін де дұрыс қолдануға үйрету, грамматикалық материалды, конструкцияны орынды қолдануға үйрету. Сұхбаттасу оқушылардың дұрыс интонациямен сұрақ қоюға, сөйлесудің бір қалыптылығына дағдыландырады. Сұрақтар қою арқылы сұхбат алып жаттығады. Біреуден сұхбат алғанда оны тұжырымдап, оның қызық және ұтымды жақтарына мән береді. Сұхбаттың мақсаты-тыңдап түсінуді жақсы дамыту. Бұған оқушыларға алдын-ала құрастырылған тақырыпты диалог түрлерін ұсынып отырмын.
Ү. Тақырыпты диалог түрлері .
Жыл, ғасыр, дәуір.
Сен қай жылы тудың?
Мен 1998 жылы тудым.
Біз қай ғасырда өмір сүреміз?
Біз 21 ғасырда өмір сүреміз.
Біздің дәуір қандай?
Ғылыммен техника дамыған дәуір.
Абай қай ғасырда өмір сүрген?...
Ол не үшін күресті?..
Жыл мезгілдері.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Ол қандай мезгілдер?
Қазір қай жыл мезгілі?
Күзде ауа райы қандай болады?
Сен қай мезгілді жақсы көресің?
Қай жыл мезгілі өзіңе тартымсыз және неге?...
Не істеу керек? Сұрағын қолдануды үйрену. Күн тәртібі.
Ертең ерте ...
Содан кейін ...
Сабақтан соң ...
Сабақта ...
Не істеу керек?
Түсте ...
Тамақтың алдында ...
Үйде ...
Кешке дейін ...
Ұйықтар алдында
Күн тәртібін не үшін сақтау қажет?
Тігіншіде.
Сізді маған досым қалады. Сіздің тіккен көйлектеріңіз өте әдемі.
Сіз киімді қандай мерекелік салтанатқа киесіз?
Сіз қандай көйлек қалайсыз?
Жеңі қысқа, етегі ұзын, жағалы, екі қалтасы бар.
Белбеу керек пе?
Иә, ұзын белбеу болсын.
Түйме саласыз ба?
Иә, 3 не 5 түйме алдына салыңыз. (Оқушыларға көйлектің эскизін салуға да кеңес беріледі)
Онда мен сіздің өлшеміңді алайын....
Қала.
Сіз қай көшеде тұрасыз?
Мен Абай көшесінде тұрамын.
Абай көшесінде қандай ескерткіш бар?
Бұл көше неге олай аталған.
Сіздің көшеңізде тұрғын үйлер көп пе?
Қандай ғимараттар салынған?
Сенің серуендеп жүретін сүйікті орындарың қандай?
Қаланы несімен мақтан етесіңдер?
Аялдамада. (3 адам сөйлесуі)
Сен лицейге немен келесің?
Үйге қалай қайтасың?
Үйге жаяу достарыммен қайтамын.
Кешіріңіз, базарға немен баруға болады?
Оған қайдан отыруға болады?
Содан соң Орталық дүкенге қалай жетуге болады?...
Спорттық киімдерді алу үшін қай дүкенге баруға кеңес бере аласыңдар?
Азық-түлік дүкені.
Ақ нан қанша тұрады?
Қаймақ бүгінгі, дәмді ме екен?
Күріштің бір килограмы қанша тұрады?
Палауға дәмін келтіретін қандай әмбебап қоспалары бар?
Ұлттық сусындардың қандай түрлері бар?
Қымыздың ағзаға қандай пайдасы бар?
Сүтті көжеге қосатын қандай заттар алуға болады?...
Ұлттық тағамдар әзірлеу.
Әлия, қазақша шелпек, бауырсақ жасауды үйретші.
Жарайды, үйретемін. Алдымен, ашытқы қосып, жұмыртқа, сүт, қаймақ, тұз, ұн, шекер бәрін бірге араластырамын. Содан кейін жақсылап қамырды илеймін.
Содан соң бауырсақ пісіресің бе?
Жоқ, алдымен қамыр ашып, көтерілу керек. Содан кейін, өсімдіктің майына қуыру керек.
Көп рахмет, ертең мен де бауырсақ жасаймын. Маған қонаққа кел....
Ет тағамдары.
Сәлемет пе, Айнұр. Сен қонаққа тағамдар әзірлеп жатырсың ба?
Иә, бүгін біздің үйге әжем мен атам келеді.
Қой етінен қандай тағамдар жасай аласың?
Қой етінен түрлі тамақ жасаймын.
Мысалы?
Мысалы, кеспе, мәнті, бесбармақ, тұшпара, палау, қуырдақ.
Ал, атаң мен әжеңе қандай тағам әзірлемекшісің?
Менің атам бесбармақты ұнатады.
Бесбармақты ненің етінен жасаған абзал?
«Бесбармақ» қазақтың ұлттық тағамы, оны жылқының етінен жасаған дәмді.
Бесбармаққа қандай ет түрлері салынады?
Қазы, қарта, жал, жая, шұжық, астынан қамыр нанды жұқа илеп, пісіріп салады.
Қандай еттен тұшпара дәмді болады?
Тұшпараны көбінесе сиырдың немесе шошқаның етінен жасайды....
Жыл мезгілі – көктем.
Қазір қандай мезгіл?
Қыс аяқталып көктем келді.
Көктем айлары қандай?
Көктемнің бірінші айы қандай?
Күн шуақты наурыз.
Неге күн шуақты наурыз деп атайды?
Наурызда күннің көзі жарқырап, жер көгереді. Құстар жылы жақтан ұшып келіп ән салады. Алма, өрік, шие ағаштары гүлдеп, бұтақтарына жапырақ шығады.
Күн қандай болады?
Күн ұзарып, түн қысқарады.
Көктемнің тағы қандай белгілері болады?
Көктемде күн күркірейді, найзағай жарқылдайды.
Көктемді халық неге қуана қарсы алады?
Суық ызғардан кейін күн жылынып, Ұлы мереке Наурыз келеді.
Наурыз бұл қандай мереке?...
Шаруа мерекесі –Наурыз.
Наурыз қандай мейрам?
Наурыз мұсылман халықтарының жаңа жыл мерекесі.
Мұсылман халқы жаңа жылды неге наурыздың 22-сінде тойлайды?
Бұл күн мен түннің теңелген күні.
Бұл мерекенің қандай тарихы бар?
Қарлы, суық, жұттан кейін келген күннің жаңаша берген жылуы адамдарға жаңа үміт береді. Малдары төлдеп, азығы көбейеді.
Жаңа жылды халық қалай қарсы алады?
7 түрлі тағамнан жасалған Наурыз көже пісіріп, ұлттық салт-дәстүрлер, ойындар өткізеді.
Неге 7 саннан тұрады?
7 қасиетті сан деп саналады....
Мұнда топтық жұмыстар өткізіліп, әр топқа «жұт» деген сөздің мағынасын ашу, 7 санынан тұратын наурыз көже тағамдарының түріне байланысты сұрақтар туғызу, Наурыз мерекесінде өткізілетін дәстүрлер, ойындар, бата сөздерінің мағынасын ашу диалог түрлерін жүргізуге тапсырмалар беріледі.
Осындай үлкен тақырыптарды қамту үшін топтық жұмыстар ұйымдастырылып, көп мәліметтерді аз сағат барысында іске асыруға ықтимал.
Жазғы демалыс.
Шіркін, жаз келіп, демалатын болдық қой.
Сен жазғы демалыста не істейсің?
Мен көп уақытымды таза ауада саяжайда өткіземін.
Саяжайда қандай жұмыс түрлері болады?
Мен шешеме қысқа дайындық жасауға көмектесемін.
Сендер қандай дайындықтар жасайсыңдар?
Біз жеміс-жидектерден тосап, шырын, сусындар жасаймыз.
Сенің ең сүйікті тосабың қайсысы?
Маған сәбіз тосабы өте ұнайды.
Қызық екен. Сәбіз тосабы қалай жасалады?
Алдымен, сәбіз іріктеліп, қабығы аршылады. Дөңгелектеп, жұлдызшалап кесіледі, сонда тосап әсем көрінеді.
Содан соң басқа да тосаптар сияқты су құйылып қайнататын шығар?
Иә, сәбіз жұмсарғанда қант салынып, отты басыңқырап қайнатады.
Сен қазақтың «жаздың бір күні – қыстың бір айын асырайды» деген мақалды білесің бе?
Иә, жазда жасаған еңбегің қыс бойы асырайды.
«Еңбек етсең, тоярсың» деген сол...
ҮІ. Сабақ барысында диалог құрастыру үшін дайын тірек сызбаларды да қолдануға болады.
«Менің досым»
«Менің Отаным»
3. «Қазақ тілі»
«Туыстық атаулар»
Ұлттық киім. Бас киімдер, сырт киімдер, аяқ киімдер.
Ү. Берілген кластер бойынша пікір алмасу.
Үй
Ақша Денсаулық
Достар Машина
Білім
Отбасың Өз пікірің
Ағаштар отырғызу зауыттарды жабу саябақтарды ашу
фильтрлер көліктерді
жасау жүргізбеу
қоқыстарды өндеу өз пікірің
Қазақ тілі сабағында тілдік қарым-қатынас жасау үшін жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстың бірнеше түрлерін көрсетіп отырмын. Бұл дұрыс сөйлей білуге үйретеді, оқудағы қызығушылықты арттырады, өзара қатынасты нығайтады, бір-бірін түсінуге, коммуникативтік байланысты қалыптастырады, топ алдында оқушы беделін көтереді.
Технологияда жетістікке жетудің негізгі факторы - мағыналы жоспардың болуы, оқушылардың іскерлігін жоспарлау, коммуникативті жаттығулар жүйесін ойластыру, оқушылардың тілдік қорын молайту және грамматиканы жақсы білуін қамтамасыз ету, түрлі сұрақтар көмегімен проблемалық жағдай туғызу.
Бұл технология оқушының қызығушылығын арттырады, өзіндік көмек көрсету, жауаптылық, яғни тілді игеруге жоғары қызығушылықтың пайда болуына ықпал етеді. Бұл жұмыстың нәтижесінде оқушылар қалалық олимпиадаларда, интернет олимпиадаларда, сайыс, байқау, мерекелік шараларда жүлделі орындарға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |