Феминисттеориясы Феминист теориясын көбіне «феминист моделі» деп атайды, бірақ
бұл теория зорлық-зомбылықты қарым-қатынасты және әлеуметтік-
мәдени контексті зерттеу арқылы түсіндіруге тырысады. Белл мен Ногл
жазғандай (2008), бұл теорияны жақтаушылар интим серіктестің зорлық-
зомбылығының басты себебі – патриархалдық қоғамдағы гендерлік
теңсіздік пен сексизм деп отыр. Ер адамның басымдығы мен әйелдің
бағыныштылығын дәріптейтін қоғамдағы патриархалдық көзқарас
тұрмыстық зорлық-зомбылыққа себеп болып отыр және, негізінен, ері
әйеліне зорлық-зомбылық көрсетіп отыр деп тұжырымдайды (Abrar et al.,
2000; Bell & Naugle, 2008; Yllö, 1988).
Феминист теориясын жақтаушылар ер адам әйел мен отбасын уысында
ұстау үшін әртүрлі тактиканы қолданады, соның ішінде физикалық
күш көрсетеді (Dobash & Dobash, 1978), ал әйелдің ер серіктесіне
көрсеткен дөрекі мінезін қорғаныс үшін, кек алу немесе ер серіктесінің
күш қолдануының алдын алу әрекеті деп түсіну керек. Патриархалдық
контекстегі әйелге қатысты зорлық-зомбылықты патриархалдық емес
сапалық зерттеу әдісін қолдана отырып зерттеген жөн (McMahon & Pence,
1996).
Дәстүрлі феминистік теория тұрғысынан қарасақ, әйелдерге қатысты
зорлық-зомбылық – басқа зорлық-зомбылық пен қылмыстардан
айрықша қылмыс (Dobash & Dobash, 2004). Сондықтан бұл мәселені шешу
үшін ерлердің әйелдерге доминанттылығы мен патриархалдық сенімін
өзгертуге тәрбиелеу керек және басты мақсаты әйелдерге қатысты
зорлық- зомбылықтың алдын алу, азайту және жою үшін әлеуметтік
патриархалдық құрылымды өзгерту болуы керек (Dutton, 2011).
Феминист теориясына дәлел болған зерттеу жұмыстарының нәтижесі
күйеуі доминант отбасыларда әйеліне қол көтеру оқиғасы көбірек
болатынын, күйеуі дәстүрлі «гендер рөлі» менталитетіндегі отбасында
патриархалдық құндылық пен сенім жөніндегі келіспеушілік көбірек
болатынын көрсетіп отыр (Hunnicutt, 2009; Leonard & Senchak, 1996; Yllö,
1983).
Феминист теориясын сынаушылар әйелдердің тұрмыстық зорлық-
зомбылыққа ұшырау көрсеткіші тым көп болғандықтан, ондай
жағдайларды іріктеп сараптаған. Даттонның айтуынша (2011), зерттеуге
дағдарыс орталығынан, полицияның төтенше жағдай департаментінен
көмек сұрап келген және босқын әйелдерді қатыстырған, кейінірек
зерттеу жұмысының нәтижесін жалпы халыққа, яғни қоғамға (Dixon &
Graham-Kevan, 2011) қолданып көрген.