260
• COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-
зомбылықтың өсуіне қандай негізгі фактор әсер етті?
• Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы
мәлімет таратудағы әлеуметтік медианың рөлі қандай?
Жоғарыда айтып өткеніміздей, мәлімет жинаудың басты тәсілі – ауқымды
интервью;
интервью жоспары икемді, яғни зерттеу барысын тереңдете
түсуге, интервью барысында туған сұрақтарды қоюға мүмкіндік берді.
Осылайша сұхбат берушіден молырақ дерек алуға және көзқарасын
тереңірек түсінуге мүмкіндік болды (Patton, 1987).
Сұхбат берушілерді әлеуметтік медиаға (мысалы, Facebook пен
Instagram) талдау жасай отырып іріктедік. Қатысушының посттарының
оқылымын репостардың, лайк пен комментарийлердің
санымен өлшедік;
білігінің деңгейі мен медиаиндустриядағы орнын бағалаған кезде,
Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі контентінің,
пікірінің, сынының, ұсынысының маңызы мен сенімділігін және
тақырыпты тарату қабілетін ескердік. Мысалы, Дина Смаилова (медиа
аккаунттарында Dina Tansari лақап атымен танымал) осы зерттеу
жұмысының авторының досы және #НеМолчиKZ (‘#NeMolchiKZ’ орыс
тілінен аударғанда «үнсіз қалма» дегенді білдіреді) қоғамдық қорындағы
белсенді азаматтық жұмысының арқасында түрлі медиаматериал
тақырыптарына тұрақты түрде шығып жүр. Қатысушылардың
бәрі сұхбат
беруге келісімін берген, сұхбат онлайн-видео қоңырау платформалары
арқылы 30 минуттан 1 сағатқа дейінгі ұзақтықта жүргізілген. Зерттеу
жұмысының авторы сұхбатты орыс және қазақ тілдерінде жүргізген.
Ауқымды сұхбат респонденттері туралы егжей-тегжейлі мәлімет:
1
Дина Смаилова
#NeMolchiKZ қоғамдық қоры
президенті, фоллоуер/дос
саны:
Instagram 877+, Facebook
11045+.
Facebook
платформасындағы
псевдонимі: https://www.
facebook.com/dina.tansari
Instagram: https://
www.instagram.com/
dinatansari/?hl=en
2
Ақмаржан
Көшербаева
(Қалия)
әнші, әлеуметтік медиа
инфлюенсері, UNFPA
ұйымының Сексуалды
және респродуктивтік
денсаулық пен құқық
бойынша қазақстандық
әйелдер, қыздар мен
жастардың мәселелері
туралы спикері,
фоллоуер/дос саны:
Instagram 110 000+,
Facebook 5 000+.
Facebook: https://www.
facebook.com/akmarzhan.
kusherbayeva
Instagram: https://www.
instagram.com/kaliya_
kz/?hl=en
261
3
Ержан
Мырзабаев
психолог, әлеуметтік медиа
инфлюенсері, фоллоуер/дос
саны:
Instagram 25 200+, Facebook
5 000+.
Facebook: https://www.
facebook.com/profile.
php?id=100011163169366
Instagram: https://www.
instagram.com/yerzhan.
myrzabayev/?hl=en
4
Алиса
Масалева
«Южный Казахстан»
газетінің журналисі, орыс
тілінде жазады, дос саны:
Facebook 700+.
Facebook: https://www.
facebook.com/profile.
php?id=100022999973104
5
Гүлмира Әбіқай
KTK телеарнасының қазақ
тіліндегі хабарының
жүргізушісі, фоллоуер/дос
саны:
Instagram 543 000+,
Facebook 5 000+.
Facebook: https://www.
facebook.com/profile.
php?id=100003191968019
Instagram: https://www.
instagram.com/gulmir_
ktk/?hl=ru
1-кесте. Сұхбат алған эксперттер тізімі
Сұхбат барысында шектеулер болғанын ескердік. Әлеуметтік медиа
мен медиада тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде ақпарат таратып
жүрген
адамдардың аз екені, соның ішінде қазақ тілінде хабар таратып
жүргендердің аз екені осы тақырыптың Қазақстандағы контексін түсіну
ауқымына кедергі болуы мүмкін. Екіншіден, осы зерттеу жұмысын
жүргізуге бөлінген уақытының аз болғаны да сұхбатқа қатысушылар
санының аз болуына себеп болды.
Ауқымды интервью тәсілі зерттеу барысында қолданылған жалғыз
тәсіл емес, қатысушылар санының аз
болуынан туған кедергіні жойып,
мән-жайды толықтыру үшін есептер мен қосалқы мәліметтерге талдау
жасадық. Қолданыстағы заңдарға, саяси шаралар мен бағдарламаларға
шолу жасау да мемлекеттік органдардың қолданып жүрген заңдары
мен нормативтік актілерін тереңірек түсінуге
септігін тигізді, сондай-
ақ халықаралық ұйымдардың есептері де басқа жерден табылмайтын
қосымша мәліметтер мен статиска бола алды.
Достарыңызбен бөлісу: