Қорытынды
Мемдер көптеген салада қолданылады: саясат, күнделікті өмір, денсаулық
және т.б. Дегенмен ауызша тарих қандай да бір тақырып жөніндегі дәрістер
мен оқулықтар жиынтығы ғана болып қалмауы керек. Фотосуреттер мен
мемдер сияқты ауызша тарихтың түрлі формасын зерттеу арқылы адам
визуалды түйсіну-қабылдау қабілетіне сүйеніп, өткенді зерделей алады.
Кейде өткен жайттарды сол оқиғалар туралы мәтіндерді оқу көмегімен
емес, аталған визуалды көріністер арқылы әлдеқайда жақсы түсінуге
болады.
Біз бұл мақалада Ролан Барттың семиологиясын, Франкфурт мектебінің
354
тұжырымдары мен Фрейдтің тапқырлыққа қатысты зерттеулерін негізге
ала отырып, пандемия кезіндегі қазақстандық мемдерге талдау жасадық.
Зерттеу барысында қойылған сұрақтарға жауап таптық. Қазақстандық
мемдер қандай тақырыптарды қозғайды немесе қозғамайды? Отандық
пайдаланушылар мемдерде әдетте саяси және тұрмыстық мәселелерді
көтереді. Саяси тақырыптар: 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем
алу проблемасы, Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин туралы және президент
Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантинге байланысты тапсырмалары. Аз
айтылған тақырыптар: вакцинация, наразылық, вирус жұқтыру, 2020
жыл. Мүлде көтерілмеген тақырыптар да болды, мысалы, нәсілшілдік.
«Қазақстандық мемдер қаншалық саяси сипатқа ие?» деген сұраққа
берер жауабымыз: мемдерде белгілі бір дәрежеде қарсылық, наразылық
идеологиясы көрініс тапқан. Мысалы, мына бір сөзге назар аударсаңыз:
«42 500 теңгені қайтармаңдар, бұл – халықтың ақшасы».
Зерттеудің мақсаты, міндеттері мен нәтижесіне қатысты мынадай
қорытынды шығаруға болады: жоғарыда, мақаланың практикалық
бөлігінде көрсетілген он сегіз мемді таңбалаушы және таңбаланушы
деп бөлуге болады. Қазақстандық интернет пайдаланушылары жасаған
мемдердің таңбалаушылары мен таңбаланушылары вербал және визуал
мәтін бола алады. Жазба мәтін – суретке жазылған мәтін, сөз, ал визуал
мәтін – хабарлама фоны мен жазба мәтінін толық қамтып тұрған
мәлімдемелер. Атап өткен он сегіз мем хабарламасының денотатив
және коннотатив мағыналары анықталып талданды. Денотатив мағына
таңбалаушымен әрі таңбаланушымен тығыз байланысты. Фердинанд
де Соссюрдің теориясындағы таңбалаушы және таңбаланушы мағы-
на – Ролан Барттың теориясындағы денотатив мағынаға парапар. Біз бұл
зерттеуде қазақстандық интернет-мемдердің барлық денотатив және
коннотатив мағыналарын анықтай алдық.
Бұған қоса, Франкфурт мектебінің теориясына сүйенсек, мемдердің
арғы жағында қандай да бір өнеркәсіптік механизм не экономикалық
пайда табуға деген ұмтылыс жоқ екенін аңғарамыз. Демек, мемдерді
қоғам мемлекеттік аппараттың сәтсіздіктеріне назар аудармасын деген
оймен жасалған қарапайым реакциялық акт деп түсінуге болмайды.
Сондықтан әзілді дағдарыс кезіндегі күйзеліске қарсы күрес пен
әлеуметтік интеграция құралы деп танитын ұстаным – тым тұрпайы,
күрделі мәселені тым қарапайым етіп қабылдаудың көрінісі. Мұны
Қазақстандағы интернет пайдаланушылардың COVID-19 пандемиясы
кезінде шығарған мемдеріне жасалған талдау да растап тұр.
Бұрын атап өткеніміздей, осы зерттеуге арқау болған қазақстандық
мемдердің (COVID-19 пандемиясы кезінде пайда болған мемдер) көбі –
көңіл көтеру құралы емес, әзіл-оспақ – жаңа шындыққа бейімделу амалы.
Зигмунд Фрейдтің теориясына сай, әзіл-қалжың да түс көргендегідей,
– құмарлық, фобия немесе түсініксіз бірдеңеден қорқу сынды бейсана,
бұйығы, «тыйым салынған» сезімдердің босап шығатын ортасы, ал күлкі
болса, бізге кедергі келтіріп тұрған әлденеден босататын қақпақша тәрізді.
Басқаша айтқанда, әзіл-оспақ қиындықтарды жанама түрде еңсеріп,
әдетте қолымыздан келе бермейтін нәрселер туралы айтуға мүмкіндік
береді. Мысалы, COVID-19 кезінде шыққан қазақстандық мемдерде
саяси, тұрмыстық тақырыптар немесе вирустың таралу жайы сөз болған,
азаматтар бұл проблемаларға қарсы өз бетінше шара қолдануға қауқарсыз
еді. Осы шақта қазақстандықтар жасаған мемдер қиындықты еңсеруге,
мойымауға көмектесетін амал рөлін атқарған.
355
Нәтижесінде жоғарыда аталған (наурыз – қазан аралығында
шыққан) мемдерді талдау арқылы біз қазақстандықтардың COVID-19
пандемиясына қатысты шынайы реакциясын айқындап, олардың
қалыптасқан жағдайға қатысты пікірін білдік. Басқаша айтқанда, мемдер
қазақстандық интернет пайдаланушылары үшін пандемияға қатысты
реакция білдіру мен ішкі сезімін әзіл арқылы жеткізудің маңызды тетігіне
айналды.
356
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Adorno, Theodor ve Horkheimer, Max (1973). Dialectic of enlightenment. London:
Allen Lane.
2. Barthes, Roland (1972). Mythologies. twenty-fifth printing, (1991)
3. Barthes, Roland (1968). Elements of Semiology. eleventh printing, (1986)
4. Barthes, Roland (1972). Mythologies. MythToday. twenty-fifth printing, (1991)
5. Benjamin, Walter (2008). The work of art in the age of mechanical reproduction.
London: Penguin.
6. Blackmore, Susan (1998). «Imitation and Definition of a Meme». Journal of
Memetics: Evolutionary Models of Information Transmission.
7. Bradley E. Wiggins ve G.B. Bowers. «Memes as genre: A structural analysis of the
memescape».
8. Christoff, Maria ve Dauphin, Barry (2017). «Freud’s theory of humor».
9. Freud, Sigmund (2014). Остроумие и его отношение к бессознательному.
Додельцев Р. (Пер.), Санкт-Петербург: издательство Азбука.
10. Freud, Sigmund (1928). «Humour. International Journal of Psychoanalysis». 1–6
11. Freud, Sigmund. (1961). The ego and the id. In J. Strachey (Ed. and Trans.), The
standard edition of the complete psychological works of Sigmund Freud.
12. Freud, Sigmund (1900). The interpretation of dreams. The standard edition of the
complete psychological works of Sigmund Freud, Vols. 4 and 5.
13. Gatherer, Derek (2002). Identifying cases of social contagion using memetic
isolation: comparison of the dynamics of a multisociety simulation with an
ethnographic data set
14. Hofstadter, Douglas (1983) Metamagical themas: virus-like sentences and self-
replicating structures. Scientific American 14–22.
15. Isnaniah, Siti ve Agustina, Tiya (2020). «COVID-19» meme in social media: study of
Roland Barthes semiology».
16. Jandrić, P. (2017). Learning in the age of digital reason.
17. Kaptan, Yeşim (2016). «Laugh and resist! Humor and satire use in the Gezi resistance
movement». In Perspectives on Global Development and Technology, 567–587
18. Kertcher, Chen ve Turin, Ornat (2020). «Siege Mentality’ Reaction to the Pandemic:
Israeli Memes During COVID-19».
19. Kuipers, Giselinde. (2008). The sociology of humor. In V. Raskin (Ed.), The primer of
humor research (pp. 365–402). Berlin/New York: Mouton de Gruyter.
20. Lynch, Aaron (1998). «Units, Events and Dynamics in Memetic Evolution». Journal of
Memetics - Evolutionary Models of Information Transmission
21. Marcuse, Herbert (1964). One dimensional man: the ideology of advanced industrial
society. London: Routledge.
22. Pishghadam, Reza, el al. (2020). «Cultuling Analysis: A New Methodology for
Discovering Cultural Memes».
23. Rauss, Karsten ve Pourtois, Gilles. (2013). «What is bottom-up and what is top-down
in predictive coding?» Fronteirs in Psychology, 4, 276.
24. Radcliffe, N.J. ve Surry, P.D. (1994). «Formal Memetic Algorithm». In T. Fogarty, T.
(ed.), Evolutionary Computing:1-16. Springer-Verlag.
357
25. Shifman, Limor (2012). An anatomy of a YouTube meme. New Media & Society
187–203.
26. Situngkir, Hokky (2004). «On Selfish Memes: culture as a complex adaptive system».
27. Stephenson, Richard (1951). Conflict and control functions of humor. American
Journal of Sociology, 569–574.
28. Saussure, Ferdinand de (1916). Course in General Linguistics. Ed. Charles Bally ve
Albert Sechehaye. Trans. Wade Baskin. New York: McGraw-Hill Book Company
29. Барт, Роланд (2008) Основы семиологии: Нулевая степень письма, 432 c.
30. Барт, Роланд. Рекламное сообщение. Система моды. М.: Изд. Сабашниковых,
2004. С. 409-415.
31. Докинз, Ричард (2016). Эгоистичный ген. Фомина Н.О (Пер.)
32. Дьяков А. В. (2008). Философия поструктурализма во Франции
33. Кокарева, Е. А. (2014). Семиология Р. Барта: письмо, идеология, мифология.
Вестник Пермского университета. Философия. Психология. Социология.
34. Лысенко, Елизавета. (2018) Мемы в коммуникации молодежи. Вестник СПбГУ
Социология.
35. «Что такое мем?» https://memepedia.ru/about-memes/
36. inform.kz,2020 https://www.inform.kz/ru/kakoe-nakazanie-zhdet-kazahstancev-za-
organizaciyu-meropriyatiy-vo-vremya-karantina_a3666847
37. www.thedailystar.net
Instagram-дағы ресурстар:
1. ashyq_aspannn https://www.instagram.com/ashyq_aspannn/
2. alpystogyz https://www.instagram.com/alpystogyz/
3. kiyelitezek https://www.instagram.com/kiyelitezek/
4. qonandoyle https://www.instagram.com/qonandoyle/
5. funlovekz https://www.instagram.com/funlovekz/
6. muratdilmanov https://www.instagram.com/muratdilmanov/
7. shapalaque https://www.instagram.com/shapalaque/
8. konircat https://www.instagram.com/konircat/
|