353
мұны әдейі істемейді, мәліметті растап, тексеріп алатындай медиасауаты
жетпегендіктен осындай әрекетке барады.
21-сурет. @ashyq_aspannn 22-сурет. @ashyq_aspannn 23-сурет. @funlovekz
21-сурет: Ит – отандық блогерлер мен әртістерді, ал құлпынай
фейк жаңалықтар мен конспирологиялық теорияларды тұспалдайды.
Фотосурет тіпті танымал адамдар да расталмаған ақпаратқа сеніп,
әлеуметтік желілерге таратады деген ойды жеткізіп тұр.
22-сурет: Көп адам вирустың бар екеніне сенбейді. Тікұшақпен
ауаға коронавирус шашу, өмірге қауіпті 5G мұнаралары, осының бәрі –
әлдебіреудің қастық ниеті. Сода, сарымсақ пен зімбір көмегімен өз бетімен
емделуге болатыны туралы WhatsApp-та таратылған фейк жаңалықтар да
дезинформацияға жатады.
Соңғы суреттегі (23-сурет) дәрігерлер (WhatsApp-тағы отбасылық,
туысқандық чаттар) мысыққа (fake news) бас иіп, құлдық ұрып тұр.
Дезинформацияның таралуына, әдетте, әлеуметтік желілер мен
мессенджерді пайдаланушылардың бір-біріне жалған хабарламалар
жіберіп отыратыны себепші.
Әлеуметтік желілерде (Twitter, Facebook, Instagram) интернет-мемдер
жасауға маманданған арнаулы қауымдастықтар мен иллюстраторлар
бар. Солардың негізгілері: «Qonandoyle», бұл жерде видео-мемдерді
көруге болады, ал «Kiyelitezek» мемдерінде әлемге әйгілі картиналар
арқылы тарихи тұлғалардың бейнелері көрсетілген. «Muratdilmanov»,
«Shapalaque» аккаунттарындағы мемдер иллюстрациямен берілген.
Осы сияқты репрезентацияның болуы аталған қауымдастықтың ненің
негізінде жұмыс істейтінін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: