347
қоса, Фрейд (Freud, 2014: 97): «Аталған қос мақсат біздің жан дүниеміздегі
барлық әрекеттерді айғақтап тұр», – деген.
Фрейд кітабын қорытындылай келе, «басып-жаншу сияқты, әзіл-
оспақ та – қорғану процесі» деген. Ол «әзіл-қалжың аралас жұмыстың
субъектив детерминанттары невротикалық ауру детерминанттарынан
алшақ емес болып көрінетінін» және «әзілкеш – жүйкесі тозған, берекесі
қашқан адам»
екенін атап өткенмен, әзіл мен невроз арасында байланыс
барын бірден жоққа шығарған еді (Freud, 2014: 142). Есесіне, басқа
қорғаныс механизмдеріне қарағанда, әзілге жүгіну амалы болжамды
психикалық бұзылыс тудырады деп қорытынды жасаған. Әзіл қауіпті
аффектінің барын мойындап, оны жоғарыда
сипатталған тетіктер арқылы
жағымды эффектіге түрлендіреді (Freud, 2014). Фрейд «Әзіл-оспақ» деген
мақаласында жаңа ғана сөз болған саламатты қорғаныс амалының іске
асуына Мен және Асқақ-Меннің тепе-теңдікке түскені, бізді батыл болуға,
«қайғы-қасіреттен арылу үшін мұңаймай, көңілді жүруге», «Сергіп,
табандылық танытуға» үндеген ата-анамыздың ішкі дауыстары жағдай
туғызады деген (Freud, 1928: 1-6). Осылайша бізге әлі де болса өмірлік
сын-қатерлерге төтеп беруге көмектесе алады. Фрейдтің (Freud, 1928:
1-6) айтуынша: «Әзіл тұсауға көнбейді; ол – асау. Бұл дегеніміз – эгоның
ғана емес, сондай-ақ қалыптасқан жағымсыз
жайттарға төтеп беретіндей
айқын білінетін қуатты рахаттану қағидасының да салтанат құруы».
Мақала соңында Фрейдтің (Freud, 2014) түс көру мен әзіл-қалжыңға
жүргізген салыстырмасына шолу жасалды. Айтушы мен тыңдаушы
бойындағы ішкі психикалық процестерді қамтитын әзіл-қалжыңның
экономикалық моделі талданып, Фрейдтің әзіл-оспақ теориясына қатысты
(Freud, 1928: 1-6) қосымша тұжырымдары қысқаша таныстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: