Тақырыбы: Ғарыш әлемі
Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, ғарышқа 55 жыл екенін атап өту.Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, баяндау,түсіндіру.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
І Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сұрақтар:
- Балалар, біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?
- Ғарыш дегеніміз не?
- Алғашқы ғарышкерлерді есімізге түсірейік!
- Айға ұшу үшін ғарышкерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
«Ғарышқа адамның алғаш ұшқан күні-12 сәуір 1961 жыл дүние жүзінде ғарышкерлер күні болып белгіленді». Ғарышкерлер күніне 55 жыл толды.
1. Алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин туралы түсінік беру.
2. Қазақстан ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы әңгімелеу.
Ерте заманда-ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Келе –келе аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады.Жасанды жер серігін, зымыранды ұшырды. Ғарышкерлер әлем кеңістігін шарлай ұшып, айды, жұлдыздарды зерттейді.Ғарышкерлер Байқоңыр ғарыш айлағынан аспанға ұшты.
«Ғарыш айлағының» грек тіліндегі баламасы «космодром» еді.
-Бұл сөздің қазақша мағынасы қандай?
(Жылдам қозғалып барып ұшатын орын).
Аймен Күнді ардақтаған алашым,
Биіктерге баулитуғын баласын
Көк дөненнен жүйрік қазақ көңілі
Шарлайтұғын жұлдыздардың арасын.
-Балалар ең алғашқы ғарышкер туралы не білеміз?
Ол орыс халқының ұлы , совет азаматы Ю.А.Гагарин. Дүниені дүр сілкіндірген осы хабар 1961 ж 12 сәуір күні жер шарының түпкір-түпкіріне лезде тарады.
Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961).
1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген.
1955 жылдан Кеңес Армиясы катарында.
1-Чкалов әскери-авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етгі.
1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды.
1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды.
1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді үйретіп - жаттықтыру ісіне тікелей араласып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды.
1968 ж. Әскери-өуе инженерлік академиясын бітірді.
1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты.
Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында).
Ю.Гагарин біздің ғаламшарды 108 минутта толық бір рет айналып, Жер анаға оралды.Гагариннен соң космосқа басқалар да ұшты.
-Ал тұңғыш қазақ ғарышкерлері туралы не білеміз?
Тоқтар Әубәкіров: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.
Әкесі Оңғарбай Тоқтар жеті айлық кезінде науқасқа шалдығып өмірден өткен. Ал анасы училищеде оқып жүргенде дүниеден өтті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
1962-65жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. 1965 жылы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесіне оқуға түскен. 1976 жылы Мәскеу авиация институтын бітірген, 1979 жылы Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшы. Тоқтар Әубәкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа екі рет құйдыру арқылы Солтүстік полюске сапарын ерліккпен орындаған. 1989 жылы бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «Миг 29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды.
1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми ө зерттеу жұмыстарын жүргізіді. 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі.
Парламентке сайланудын алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
1991 Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы.
«Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
1991 ж. қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.
1991 ж. қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибек «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
-Ал екінші ғарышкер батырымыз ол кім?
Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.
1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
Ғарышқа ұшуы
1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).
Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту.
1989 жылы Талдықорған қаласындағы № 20 орта мектепті алтын медальға бітірген соң, Армавир жоғары әскери авиация училищесіне түсіп, оны 1993 жылы «командалық, тактикалық жою авиациясы» мамандығы бойынша бітіріп, ұшқыш-инженер мамандығын алып шығады.
1993 жылдың мамыр айынан бері ҚР Әскери-әуе күштерінің қатарында әртүрлі қызметте болады. 1993 жылы өзін ғарышкерлер қатарына енгізу жөнінде өтініш білдіреді. Ғарышкерлер қатарына қосылмай тұрып, ол Талдықорған қаласы маңындағы әуе базасындағы әуе желісінің командирі болып қызмет еткен. Ол 470 сағат әуеде ұшып, парашютпен 360 рет секірген. 2002 жылдың 9-қарашасында Қазақстан Республикасының ғарышкерлерінің қатарына қосылып, 2003 жылы медициналық тексеруден өтіп, жаттығу жұмыстарына кіріседі.
Ал, 2009 жылдың 15-желтоқсанында А.Айымбетов Мемлекеттік Ант қабылдап, «Қазғарыш» басшысының кеңесшісі болады. Содан кейінгі жылдары осы агенттікте бөлім басшысы, департамент басшысы сияқты бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. 2014 жылы оған ҚР Әскери-әуе күштерінің полковнигі атағы берілді.
Бүгінде 43 жасар Айдын Айымбетов «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшқан үшінші қазақ ұлтының өкілі. Жалпы алғанда, Айдынның қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы.
Естеріңізге сала кетейік, ертең қыркүйектің 2-і күні қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа сапар шекпек. Он күнге созылатын сапар барысында ол бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттейді.
Бұл Қазақстан тарихында мәңгі қалатын айтулы оқиғалардың бірі болары сөзсіз. Өйткені, Қазақстан өзінің А.Айымбетовтың бұл сапары Қазақстанды ғарыштық өнімдерді сатып алушы елден, ғаламды зерттеуші мемлекетке айналары сөзсіз.
“Байқоңыр” космодромы туралы қысқаша мәлімет . «Толық мәлімет» видеосы көрсетіледі.
Байқоңыр — ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобил жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.
“Байқоңыр” бүгінде әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы саналады. Қазір оның аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады. Ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке – 75 шаршы, батыстан шығысқа 90 шақырымға жуықтайды. Айлақтың жер бетіндегі инфрақұрылымын 9 ұшу кешенін, ғарыш аппараттары мен зымыран тасығыштар құрастырып, сынақтан өткізілетін 11 ғимаратты, ғарыш аппараттары мен екпінді блоктарға отын және сығылған газды құюға арналған 3 стансаны, 2 аэродромды және өлшеу кешенін қамтиды.
Ғарыш кешенінің тарихы өз бастауын 1955 жылдан алады. Сол жылдың 2 ақпанында КСРО Министрлер Кеңесі кейін “Байқоңыр ғарыш айлағы” деп аталып кеткен №5 Ғылыми зерттеу полигонын салу туралы шешім қабылданған болатын. Космодромның әкімшілік орталығы халқы 60 мыңға жуық Байқоңыр қаласы.
Космодром бойынша жарамсыз жерлер көлемі 1,8 га тең және ол карьерлер, қалдықтар төгілетін Байқоңыр қаласының төңірегіндегі аумақтар болып табылады.
1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды.
1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.
Викториналық сұрақтар
І топқа
1. 1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)
2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )
3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)
4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)
5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған? («қыдырма» шырақтар деп )
6. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз )
7. Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )
8. S / t қандай физ. Шаманы анықтау формуласы? (жылдамдық)
9. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
10. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера )
ІІ топқа
1. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды? (К. Птолемей)
2. Ғылыми деректермен негізденген жорамал не деп аталады? (Гипотеза)
3. Марстың серіктерін атаңдар. (Фобос және Деймос)
4. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун )
5. Қай планеталар өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы? (Шолпан және Уран )
6. Меркурийдің қазақша атауы (кіші Шолпан не Болпан)
7. Күннің жүретін жолы (Эклиптика )
8. Дене пішінің немесе Өлшемдерінің өзгеруі (Деформация)
9. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)
10. Энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі (су көлігі)
ІІ - жүргізуші.
«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда.
І - жүргізуші.
Дәл осы жерден ескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мүсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды.
І топтың капитанына
1. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( М. Армстронг пен Э. Олдрин )
2. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)
3. Неше шоқжұлдыз бар? (12)
4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)
ІІ топтың капитанына
1. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)
2. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)
3. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)
4. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)
5. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағында)
Сайра бұлбұл, көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле даланың әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін.-деп ғарышкерлер күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |